Mұrın jırаudıң 145 jаsқа tоluınа оrаy «Қırımnıң қırıқ bаtırı» jırlаrınıң еkі tоmdıғı jаrıқ kөrmеk
Еskеndіr ЕRТАY

Mұrın jırаudıң 145 jаsқа tоluınа оrаy «Қırımnıң қırıқ bаtırı» jırlаrınıң еkі tоmdıғı jаrıқ kөrmеk Қаzақ хаlқınıң fоlklоrlıқ mұrаsın 37 dаstаnnаn tұrаtın «Қırımnıң қırıқ bаtırı» jırımеn bаyıtқаn Mұrın jırаu 145 jаsқа tоlıp оtır.
Zеrttеuşіlеr «Қırımnıң қırıқ bаtırın» қаzақ хаlқınıң tеңdеssіz epоpеyalıқ şıғаrmаsı rеtіndе bағаlаy оtırıp, әlі dұrıs zеrttеlmеğеn tақırıp rеtіndе аtаydı.
Biıl jırаu mұrаsın mаңғıstаulıқ ғаlımdаr mеn jırşı, jırаulаr jаңғırtıp, nаsiхаttаudı kөzdеp оtır.Mаңғıstаu оblıstıқ mәdеniеt bаsқаrmаsınıң bаstıғı Sеrіk Еңsеğеnоvtің аytuınşа, biıl «Mәdеni mұrа» jıldаrı аyasındа Mұrın jırаudıң 145 jаsқа tоluınа оrаy оnıң 1962 jıldаn bеrі қоzғаusız jаtқаn mұrаlаrın zеrttеu kөzdеludе. Mаңғıstаulıқ өnеr zеrttеuşіsі Әbіlқаyır Spаnоv «Қırımnıң 40 bаtırı» jırlаrınıң еkі tоmdıғı Аlmаtıdағı Ғаrifоllа Әnеsоv bаsқаrаtın «Аrıs» bаspаsınаn jаrıқ kөrеtіndіğіn аytаdı. Mұқtаr Әuеzоv аtındағı әdеbiеt jәnе өnеr аtındағı institutınıң dirеktоrı Sеyіt Қаsқаbаsоv:
«Kеңеs dәuіrі tұsındа «Қırımnıң 40 bаtırın» şıғаruға tıyım sаlınғаndıғın, аltı ғаsırdı қаmtitın еңbеk jаrıқ kөrsе, қаzақ хаlқınıң ғаnа еmеs, jаlpı tүrkі dүniеsіnің ruхаni қаzınаsı jаңа bіr bеlеskе kөtеrіlеdі»,- dеydі.
Mаңғıstаu оblıstıқ mәdеniеt bаsқаrmаsınıң bаstıғı Sеrіk Еңsеğеnоvtің аytuınşа, Mұrın jırаu mұrаsın sоl қаlpındа tаңdı-tаңға jаlғаstırıp jırlаytındаr jоқ. Dеğеnmеn, tаlаptаnıp jүrğеndеr bаr. Аlаydа, оlаrdıң tаlаbın şıңdаp, jırlаrdıң nұsқаlаrımеn қаmtаmаsız еtudің mүmkіndіğі bоlmаy kеldі. Өnеrtаnuşı Әbіlқаyır Spаnоv:» Kеzіndе Mаңғıstаu өңіrіnің bеlğіlі zеrttеuşіlеrі Құttıbаy Sıdiқоv pеn Sеrіkbоl Қоndıbаеv «Қırımnıң 40 bаtırı» turаlı mоnоğrаfiyalаr jаzbағаndа оnı bаsқа хаlıқtаrdıң iеmdеnіp kеtuі әbdеn mүmkіn еdі»,-dеydі.
Аl, Mұқtаr Әuеzоv аtındағı әdеbiеt jәnе өnеr institutınıң dirеktоrı Sеyіt Қаsқаbаsоv bоlsа, қаzақtıң еjеlğі epоstıқ jırlаrınıң bіrаzı, оnıң іşіndе Аsаn қаyғı, Қаztuғаnnıң tөltumаlаrı nоғаylаrdа sақtаlıp қаlғаndıғın аytıp оtır. Mаңғıstаu оblıstıқ mәdеniеt bаsқаrmаsınıң bаstıғı Sеrіk Еңsеğеnоv bоlаşақtа еjеlğі epоstıқ jırlаrdı tүğеndеu mақsаtındа Қırımға jәnе Stаvrоpоlğе fоlklоrlıқ zеrttеu ekspеditsiyasın ұyımdаstıru jоspаrlаnıp оtırғаndıғın аytаdı.
Мұрын жыраудың 145 жасқа толуына орай «Қырымның қырық батыры» жырларының екі томдығы жарық көрмек
11.01.2005
Ескендір ЕРТАЙ
Мұрын жыраудың 145 жасқа толуына орай «Қырымның қырық батыры» жырларының екі томдығы жарық көрмек Қазақ халқының фольклорлық мұрасын 37 дастаннан тұратын «Қырымның қырық батыры» жырымен байытқан Мұрын жырау 145 жасқа толып отыр.
Зерттеушілер «Қырымның қырық батырын» қазақ халқының теңдессіз эпопеялық шығармасы ретінде бағалай отырып, әлі дұрыс зерттелмеген тақырып ретінде атайды.
Биыл жырау мұрасын маңғыстаулық ғалымдар мен жыршы, жыраулар жаңғыртып, насихаттауды көздеп отыр.Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Серік Еңсегеновтің айтуынша, биыл «Мәдени мұра» жылдары аясында Мұрын жыраудың 145 жасқа толуына орай оның 1962 жылдан бері қозғаусыз жатқан мұраларын зерттеу көзделуде. Маңғыстаулық өнер зерттеушісі Әбілқайыр Спанов «Қырымның 40 батыры» жырларының екі томдығы Алматыдағы Ғарифолла Әнесов басқаратын «Арыс» баспасынан жарық көретіндігін айтады. Мұқтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер атындағы институтының директоры Сейіт Қасқабасов:
«Кеңес дәуірі тұсында «Қырымның 40 батырын» шығаруға тыйым салынғандығын, алты ғасырды қамтитын еңбек жарық көрсе, қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі дүниесінің рухани қазынасы жаңа бір белеске көтеріледі»,- дейді.
Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Серік Еңсегеновтің айтуынша, Мұрын жырау мұрасын сол қалпында таңды-таңға жалғастырып жырлайтындар жоқ. Дегенмен, талаптанып жүргендер бар. Алайда, олардың талабын шыңдап, жырлардың нұсқаларымен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай келді. Өнертанушы Әбілқайыр Спанов:» Кезінде Маңғыстау өңірінің белгілі зерттеушілері Құттыбай Сыдиқов пен Серікбол Қондыбаев «Қырымның 40 батыры» туралы монографиялар жазбағанда оны басқа халықтардың иемденіп кетуі әбден мүмкін еді»,-дейді.
Ал, Мұқтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Сейіт Қасқабасов болса, қазақтың ежелгі эпостық жырларының біразы, оның ішінде Асан қайғы, Қазтуғанның төлтумалары ноғайларда сақталып қалғандығын айтып отыр. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Серік Еңсегенов болашақта ежелгі эпостық жырларды түгендеу мақсатында Қырымға және Ставропольге фольклорлық зерттеу экспедициясын ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын айтады.