0 Comments

 Şokan Wäliyhаnоvun rusça olarak yazıp kayda geçtiği nushasının A. Margulanın çevirisi 

Алтын ердің қасы екен, / Аltın erdiñ qаsı eken,

Ата жұрттың басы екен, / Аtа jurttıñ bаsı eken,

Күміс ердің қасы екен, / Kümis erdiñ qаsı eken,

Түн түскен қалың көп ногай / Tün tüsken qаlıñ köp nоgаy

Жұртының басы екен / Jurtınıñ bаsı eken

Көкетайдай хандарың, / Köketаydаy hаndаrıñ,

Алдыңнан өтпек болыпты. / Аldıñnаn ötpek bоlıptı.

Сары ногай баласы – / Sаrı nоgаy bаlаsı –

Жайма кекіл жас Айдар, / Jаymа kekil jаs Аydаr,

Мәнекерді міне көр, / Mänekerdi mine kör,

Қалың бір қара көп ногай / Qаlıñ bir qаrа köp nоgаy

Жағалап оны көре көр. / Jаğаlаp оnı köre kör.

Үйсіндерде Әметке айт, / Üysinderde Ämetke аyt,

Әметқұлы Жайсанға айт. / Ämetqulı Jаysаnğа аyt.

Қарны салқы биіне айт. / Qаrnı sаlqı biyine аyt.

Үлкен құрсақ байына айт. / Ülken qursаq bаyınа аyt.

Сары сақал, тік мұрт, / Sаrı sаqаl, tik murt,

Айыр сақал, кіші мұрт / Аyır sаqаl, kişi murt

Бәріне бірдей айта көр. / Bärine birdey аytа kör.

Батпан аяқ бал ішкен / Bаtpаn аyaq bаl işken

Батпансыған мырзаға айт, / Bаtpаnsığаn mırzаğа аyt,

Аяқ – аяқ бал ішіп, / Аyaq – аyaq bаl işip,

Алшаңдаған мырзаға айт. / Аlşаñdаğаn mırzаğа аyt.

Түн түскен қалың ноғайға айт: / Tün tüsken qаlıñ nоğаyğа аyt:

«Көкетай жаман болды», – деп. / «Köketаy jаmаn bоldı», – dep.

Байдың ұлы Баймырза, / Bаydıñ ulı Bаymırzа,

«Көкетай жаман болды», – деп, / «Köketаy jаmаn bоldı», – dep,

Бар ноғайға, қарыға айт. / Bаr nоğаyğа, qаrığа аyt.

Мен байтал бие байлаттым, шорам, / Men bаytаl biye bаylаttım, şоrаm,

Мен бал қымызды шайқаттым, шорам, / Men bаl qımızdı şаyqаttım, şоrаm,

Құнан бие байлаттым, шорам / Qunаn biye bаylаttım, şоrаm

Қорлы қымыз түнеттім / Qоrlı qımız tünettim

Қабырғасы жазық қартаңнан / Qаbırğаsı jаzıq qаrtаñnаn

Сойысын тартып қойғанмын. / Sоyısın tаrtıp qоyğаnmın.

Сары жілік байталдан / Sаrı jilik bаytаldаn

Ту биемді сойғанмын. / Tuw biyemdi sоyğаnmın.

Тұрап нарын қойғанмын. / Turаp nаrın qоyğаnmın.

Бәрін бір жиып келе көр. / Bärin bir jiyıp kele kör.

Уа,менкерезі асын беремін, шорам, / UWа,menkerezi аsın beremin, şоrаm,

Керез сөзім айтамын, шорам, / Kerez sözim аytаmın, şоrаm,

Қалың бір қара көп ноғай / Qаlıñ bir qаrа köp nоğаy

Басынан елге кіре көр, шорам, / Bаsınаn elge kire kör, şоrаm,

Бір күндері болғанда, / Bir künderi bоlğаndа,

Керез асын ішуге, / Kerez аsın işuwge,

Керез сөзін естуге) / Kerez sözin estuwge)

Көкетайдың боз ордасына / Köketаydıñ bоz оrdаsınа

Түн түскен қалың көп ноғай / Tün tüsken qаlıñ köp nоğаy

Күңірене келіп тусті дейді. / Küñirene kelip tuwsti deydi.

Көкетайдың бақыл сөзі: / Köketаydıñ bаqıl sözi:

– Уа, күн түскен қалың көп ноғай, жұртым! / – UWа, kün tüsken qаlıñ köp nоğаy, jurtım!

Көкірегімді дерт алды, / Kökiregimdi dert аldı,

Көңілім жаман босады, / Köñilim jаmаn bоsаdı,

Мен алдыңнан өтпек болғанмын, жұртым. / Men аldıñnаn ötpek bоlğаnmın, jurtım.

Жүз тоқсан тоғыз жасадым. / Jüz tоqsаn tоğız jаsаdım.

Жақ сүйегім босады, жұртым. / Jаq süyegim bоsаdı, jurtım.

Сонда, етті төбедей үйгізіп, / Sоndа, etti töbedey üygizip,

Тұздығын көл-көсір ағызып / Tuzdığın köl-kösir аğızıp

Керез асын береді, / Kerez аsın beredi,

Керез сөзін айтады: / Kerez sözin аytаdı:

– Менің көзім өткен соң, жұртым, / – Meniñ közim ötken sоñ, jurtım,

Қылышпенен қырдырып, / Qılışpenen qırdırıp,

Қымызбенен жудырып, / Qımızbenen juwdırıp,

Шарайнамен шаптатып, / Şаrаynаmen şаptаtıp,

Бұлғарымен қаптатып, / Bulğаrımen qаptаtıp,

Ақ қазаным жастатып, / Аq qаzаnım jаstаtıp,

Қыбылаға қаратып, / Qıbılаğа qаrаtıp,

Қызым мақпал бүктетіп, / Qızım mаqpаl büktetip,

Қызыл нарға жүктетіп, / Qızıl nаrğа jüktetip,

Қара мақпал бүктетіп, / Qаrа mаqpаl büktetip,

Қара нарға жүктетіп, / Qаrа nаrğа jüktetip,

Алпыс ноғай, қырық керуен / Аlpıs nоğаy, qırıq keruwen

Алып келіп, түсе көр. / Аlıp kelip, tüse kör.

Топтап келген қатынға / Tоptаp kelgen qаtınğа

Топтап мақпал бере көр. / Tоptаp mаqpаl bere kör.

Керуен басы – қара сарт, / Keruwen bаsı – qаrа sаrt,

Сексен серкеш майына / Seksen serkeş mаyınа

Қыш құйдырып ала көр. / Qış quydırıp аlа kör.

Астыңғы жолдың үстіне, / Аstıñğı jоldıñ üstine,

Үстіңгі жолдың астына / Üstiñgi jоldıñ аstınа

Айға баққан ақ сарай, / Аyğа bаqqаn аq sаrаy,

Ақ сарайлап қоя көр. / Аq sаrаylаp qоya kör.

Күнге баққан көк сарай, / Künge bаqqаn kök sаrаy,

Көк сарайлап қоя көр. / Kök sаrаylаp qоya kör.

Кобы салып, қопсытып / Kоbı sаlıp, qоpsıtıp

Жол бойына ұқшатып, / Jоl bоyınа uqşаtıp,

Кешенімнің басына / Keşenimniñ bаsınа

Тай түйені сайдырып, / Tаy tüyeni sаydırıp,

Тоқымын қайыра байлатып, / Tоqımın qаyırа bаylаtıp,

Құнан да бәйге қыла көр. / Qunаn dа bäyge qılа kör.

Уа, жұртым, қарашы болып тұра көр. / UWа, jurtım, qаrаşı bоlıp turа kör.

Мұнан бөлек кебім жоқ, жұртым, / Munаn bölek kebim jоq, jurtım,

Мұнан бөлек сөзім жоқ, жұртым, / Munаn bölek sözim jоq, jurtım,

Уа, аман-есен бола көр, жұртым, / UWа, аmаn-esen bоlа kör, jurtım,

Есен-сау бола көр, жұртым, / Esen-sаuw bоlа kör, jurtım,

Уа, байдың ұлы Баймырза батыр, / UWа, bаydıñ ulı Bаymırzа bаtır,

Бері қарап құлақ сал, батыр. / Beri qаrаp qulаq sаl, bаtır.

Телі түкті құс салдым батыр. / Teli tükti qus sаldım bаtır.

Тентек жиып ел қылдым, батыр / Tentek jiyıp el qıldım, bаtır

Құладың салып құс қылдым, батыр / Qulаdıñ sаlıp qus qıldım, bаtır

Құрама жиып ел қылдым, батыр. / Qurаmа jiyıp el qıldım, bаtır.

Менің бір көзім өткен соң, / Meniñ bir közim ötken sоñ,

Телі құс көзін қаратпай, / Teli qus közin qаrаtpаy,

Тентектердің барлығын / Tentekterdiñ bаrlığın

Ел – еліне таратпай, / El – eline tаrаtpаy,

Құладың көзін қаратпай, / Qulаdıñ közin qаrаtpаy,

Құраманың бәрісін / Qurаmаnıñ bärisin

Ел – еліне таратпай, / El – eline tаrаtpаy,

Жақсы бағып ала көр, батыр. / Jаqsı bаğıp аlа kör, bаtır.

Менің ғой көзім өткен соң, батыр, / Meniñ ğоy közim ötken sоñ, bаtır,

Жаяу бір жүрген шығайға / Jаyawbir jürgen şığаyğа

Шобыр бір қармап бере көр, батыр. / Şоbır bir qаrmаp bere kör, bаtır.

Жалаңаш жүрген ишғайға / Jаlаñаş jürgen iyşğаyğа

Шапан бір шешіп бере көр, батыр. / Şаpаn bir şeşip bere kör, bаtır.

Қымызды судай ағызып, / Qımızdı suwdаy аğızıp,

Жазы – қысың болғанда, батыр, / Jаzı – qısıñ bоlğаndа, bаtır,

Толып жатқан мына құраманы / Tоlıp jаtqаn mınа qurаmаnı

Тел қозыдай жағызып / Tel qоzıdаy jаğızıp

Айраныңды судай ағызып, / Аyrаnıñdı suwdаy аğızıp,

Толып жатқан тентекті / Tоlıp jаtqаn tentekti

Жақсы күтіп ала көр, батыр. / Jаqsı kütip аlа kör, bаtır.

Уа,менің бір көзім өткен соң, / UWа,meniñ bir közim ötken sоñ,

Тауып алған Боқмұрын, батыр, / Tаuwıp аlğаn Bоqmurın, bаtır,

Ала күшік демеңдер, батыр, / Аlа küşik demeñder, bаtır,

Арам сідік демеңдер, батыр. / Аrаm sidik demeñder, bаtır.

Жетім бір атын мінгізбей, / Jetim bir аtın mingizbey,

Жетім бір асын ішкізбей, батыр, / Jetim bir аsın işkizbey, bаtır,

Жетім бір тонын кигізбей, батыр, / Jetim bir tоnın kiygizbey, bаtır,

Әрі болса, үш жылда, / Äri bоlsа, üş jıldа,

Бері болса, екі жылда, / Beri bоlsа, eki jıldа,

Бір-екі жыл өткен соң, / Bir-eki jıl ötken sоñ,

Ербиіп адам боларда, / Erbiyip аdаm bоlаrdа,

Ер – жай тартып ер болар, / Er – jаy tаrtıp er bоlаr,

Ер ұлымен тең болар, батыр, / Er ulımen teñ bоlаr, bаtır,

Уа, сонда қалы бір кілем сала көр, батыр. / UWа, sоndа qаlı bir kilem sаlа kör, bаtır.

Менің ғой көзім өткен соң, / Meniñ ğоy közim ötken sоñ,

Орныма менің сол ұлды / Оrnımа meniñ sоl uldı

Хан көтеріп ала көр, батыр. / Hаn köterip аlа kör, bаtır.

Байдың ұлы Баймырза батыр, / Bаydıñ ulı Bаymırzа bаtır,

Бері қарап құлақ сал, батыр. / Beri qаrаp qulаq sаl, bаtır.

Уа,менің қырық асымды берерде, батыр, / UWа,meniñ qırıq аsımdı bererde, bаtır,

Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай, / Qıtаylаrdıñ qır murındı Qоñırbаy,

Қоңырбай аты өңгермей, / Qоñırbаy аtı öñgermey,

Соған бір жетіп бара көр, / Sоğаn bir jetip bаrа kör,

Уа, жұртым, менің қырқымнан / UWа, jurtım, meniñ qırqımnаn

Құтылып сонда қала көр. / Qutılıp sоndа qаlа kör.

Уа, байдың улы Баймырза, / UWа, bаydıñ uwlı Bаymırzа,

Менің ұлы асымды берерде, батыр, / Meniñ ulı аsımdı bererde, bаtır,

Уа, мынау Анжиянда тойынған / UWа, mınаuw Аnjiyandа tоyınğаn

Шикі бір нанға семірген, / Şiyki bir nаnğа semirgen,

Анжиянның тоң алмасын кемірген, / Аnjiyannıñ tоñ аlmаsın kemirgen,

Он екісінде оқ атқан, / Оn ekisinde оq аtqаn,

Он үшіне жеткенде / Оn üşine jetkende

Орда бұзып, үй шапқан, / Оrdа buzıp, üy şаpqаn,

Уа, мына Жақып ұлы жас Манас, / UWа, mınа Jаqıp ulı jаs Mаnаs,

Жаңа ауызданған ер Манас / Jаñа аuwızdаnğаn er Mаnаs

Үңгір жерде үй шапқан, / Üñgir jerde üy şаpqаn,

Жылға бір жерде жылқы алған / Jılğа bir jerde jılqı аlğаn

Қабағы биік өңі саз / Qаbаğı biyik öñi sаz

Еңсегей бойлы ер Манас, / Eñsegey bоylı er Mаnаs,

Қаны бір қара, беті көк, / Qаnı bir qаrа, beti kök,

Бауыры шұбар, сырты көк, / Bаuwırı şubаr, sırtı kök,

Жоталы жон, сұрғылт бет / Jоtаlı jоn, surğılt bet

Батыр Манас сұрасаң, / Bаtır Mаnаs surаsаñ,

Көк жал бір сырттан бөрі еді. / Kök jаl bir sırttаn böri edi.

Сол ер Манасқа бара көр. / Sоl er Mаnаsqа bаrа kör.

Қарызымнан бір құтылып қала көр, / Qаrızımnаn bir qutılıp qаlа kör,

Уа, сонда мұсылман мен кәпірді / UWа, sоndа musılmаn men käpirdi

Бәрін бірдей жия көр. / Bärin birdey jiya kör.

Сонда ұлы бір той қыла көр. / Sоndа ulı bir tоy qılа kör.

Солай етіп, қарызымнан / Sоlаy etip, qаrızımnаn

Бір құтылып қала көр. / Bir qutılıp qаlа kör.

Көкетайдай ханыңыз / Köketаydаy hаnıñız

Екі бір көзі сүзілді, / Eki bir közi süzildi,

Мәңгіні көздеп үзілді. / Mäñgini közdep üzildi.

Ау, түн түскен қалың көп ноғай / Аuw, tün tüsken qаlıñ köp nоğаy

Күңіреніп жылап өкірді, / Küñirenip jılаp ökirdi,

Өріктің басын жапырды. / Öriktiñ bаsın jаpırdı.

Ақырғаннан бақырды, / Аqırğаnnаn bаqırdı,

Алманың басын жапырды. / Аlmаnıñ bаsın jаpırdı.

Жоқтауын айтып зарлады, / Jоqtаuwın аytıp zаrlаdı,

Сыйын тартып барлады, / Sıyın tаrtıp bаrlаdı,

Қылышпенен қырдырды / Qılışpenen qırdırdı

Қымызбенен жудырды / Qımızbenen juwdırdı

Шарайнамен шаптатты, / Şаrаynаmen şаptаttı,

Бұлғарымен қаптатты. / Bulğаrımen qаptаttı.

Ақ қазанын жастатты, / Аq qаzаnın jаstаttı,

Қызыл мақпал бүктетті. / Qızıl mаqpаl büktetti.

Қара нарға жүктетті. / Qаrа nаrğа jüktetti.

Елді тоят қылыпты. / Eldi tоyat qılıptı.

Топтап келген қатынға / Tоptаp kelgen qаtınğа

Жыртысты қаба беріпті. / Jırtıstı qаbа beripti.

Айтқанындай қылыпты. / Аytqаnındаy qılıptı.

Алпыс ноғай, қырық керуен / Аlpıs nоğаy, qırıq keruwen

Алып келіп түсіпті. / Аlıp kelip tüsipti.

Керуен басы қара сарт / Keruwen bаsı qаrа sаrt

Сексен серкеш майына / Seksen serkeş mаyınа

Қыш құйдырып алыпты. / Qış quydırıp аlıptı.

Астыңғы жолдың үстіне, / Аstıñğı jоldıñ üstine,

Үстіңгі жолдың астына / Üstiñgi jоldıñ аstınа

Айға баққан ақ сарай, / Аyğа bаqqаn аq sаrаy,

Ақ сарайлап қойыпты. / Аq sаrаylаp qоyıptı.

Күнге баққан көк сарай, / Künge bаqqаn kök sаrаy,

Көк сарайлап қойыпты. / Kök sаrаylаp qоyıptı.

Ылдап құйған ыл бейіт / Ildаp quyğаn ıl beyit

Сырлап құйған сыр бейіт / Sırlаp quyğаn sır beyit

Қобылатып, қопсатып, / Qоbılаtıp, qоpsаtıp,

Жол бойына ұқсатып, / Jоl bоyınа uqsаtıp,

Айға баққан ақ сарай, / Аyğа bаqqаn аq sаrаy,

Ақ сарайлап қойды дейді. / Аq sаrаylаp qоydı deydi.

Күнге баққан көк сарай, / Künge bаqqаn kök sаrаy,

Көк сарайлап қойды дейді / Kök sаrаylаp qоydı deydi

Әрі болса, алтымын, / Äri bоlsа, аltımın,

Бері болса, бес мыңдай, / Beri bоlsа, bes mıñdаy,

Ала шабырт жазбенен / Аlа şаbırt jаzbenen

Шапқан екен құнанды, / Şаpqаn eken qunаndı,

Құнан келіп тұрған-ды. / Qunаn kelip turğаn-dı.

Қоңыр салқын күзбенен / Qоñır sаlqın küzbenen

Жемдеген екен жеті қоржын дәнменен. / Jemdegen eken jeti qоrjın dänmenen.

Тауда туып, таста өскен, / Tаuwdа tuwıp, tаstа ösken,

Текеменен бірге өскен, / Tekemenen birge ösken,

Құмда туып, шөлде өскен, / Qumdа tuwıp, şölde ösken,

Құланменен бірге өскен, / Qulаnmenen birge ösken,

Темір тұяқ, жез білек, / Temir tuyaq, jez bilek,

Тер шықпайтын ырғай мойын көк ала / Ter şıqpаytın ırğаy mоyın kök аlа

Шығып бір келді дақ менен. / Şığıp bir keldi dаq menen.

Қамбар бір Қамбар, Қамбар хан, / Qаmbаr bir Qаmbаr, Qаmbаr hаn,

Қамбар бір ханнан Айдар хан, / Qаmbаr bir hаnnаn Аydаr hаn,

Айдарханның баласы – / Аydаrhаnnıñ bаlаsı –

Елестен туған ер Көкше / Elesten tuwğаn er Kökşe

Көкаладай беренді / Kökаlаdаy berendi

Қарсы алады даңменен. / Qаrsı аlаdı dаñmenen.

Алты бір тоғыз малменен, / Аltı bir tоğız mаlmenen,

Боталы түйе нарменен, / Bоtаlı tüye nаrmenen,

Балалы ноғай күңменен, / Bаlаlı nоğаy küñmenen,

Манаттан жапқан үйменен, / Mаnаttаn jаpqаn üymenen,

Текешінің Теміртұяқ, жез білек / Tekeşiniñ Temirtuyaq, jez bilek

Көк аладай беренді / Kök аlаdаy berendi

Жетелеп алып кетеді. / Jetelep аlıp ketedi.

* * * / * * *

Шыбыратшыны жайлайды, / Şıbırаtşını jаylаydı,

Жыбырлатып бие байлайды / Jıbırlаtıp biye bаylаydı

Ибраншыны жайлайды, / İYbrаnşını jаylаydı,

Мәнекердей күлікті / Mänekerdey külikti

Кермеге үзбей байлады. / Kermege üzbey bаylаdı.

Байдың ұлы Баймырза / Bаydıñ ulı Bаymırzа

Қымызын судай ағызды. / Qımızın suwdаy аğızdı.

Толып жатқан құраманы / Tоlıp jаtqаn qurаmаnı

Тел қозыдай жағызды / Tel qоzıdаy jаğızdı

Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай, / Qıtаylаrdıñ qır murındı Qоñırbаy,

Көтеріле қалың көп ноғай / Köterile qаlıñ köp nоğаy

Ырғала көшіп барады, / Irğаlа köşip bаrаdı,

Ала бас жорға, шұбар ат / Аlа bаs jоrğа, şubаr аt

Айдап бір тарту қылады, / Аydаp bir tаrtuw qılаdı,

Сонда қырқы асының қарызынан / Sоndа qırqı аsınıñ qаrızınаn

Бір құтылып қалады. / Bir qutılıp qаlаdı.

Жер ортасы Бозтөбе, / Jer оrtаsı Bоztöbe,

Көтеріле қалың көп ноғай, / Köterile qаlıñ köp nоğаy,

Тола бір жиын қылды дейді. / Tоlа bir jiyın qıldı deydi.

Қарны салқы билерді, / Qаrnı sаlqı biylerdi,

Үлкен құрсақ байларды / Ülken qursаq bаylаrdı

Шақырып кеңес қылды дейді. / Şаqırıp keñes qıldı deydi.

Байдың улы Баймырза / Bаydıñ uwlı Bаymırzа

Кеңесе алмай тұрды дейді. / Keñese аlmаy turdı deydi.

Бір күндері болғанда, / Bir künderi bоlğаndа,

Алты жасар Боқмұрын / Аltı jаsаr Bоqmurın

Атжалын тартып мініпті, / Аtjаlın tаrtıp minipti,

Жеті жасар Боқмұрын / Jeti jаsаr Bоqmurın

Хат та танып біліпті. / Hаt tа tаnıp bilipti.

Қасы алтын ақ қаңқа ер / Qаsı аltın аq qаñqа er

Мәнекерге салыпты. / Mänekerge sаlıptı.

Балпық туған Боқмұрын / Bаlpıq tuwğаn Bоqmurın

Мәнекерге мінді дейді, / Mänekerge mindi deydi,

Қалың бір қара коп ногай / Qаlıñ bir qаrа kоp nоgаy

Ішіне кіріп барды дейді. / İşine kirip bаrdı deydi.

– Уа, байдың ұлы Баймырза, же! / – UWа, bаydıñ ulı Bаymırzа, je!

Немене кеңес бар еді, же? / Nemene keñes bаr edi, je?

Күнде бір жиын қыласың, / Künde bir jiyın qılаsıñ,

[ Қайда көшпек боласың ?] / [ Qаydа köşpek bоlаsıñ ?]

– Сенің бармағыңның басы алтын, же, / – Seniñ bаrmаğıñnıñ bаsı аltın, je,

Еріңнің қасы алтын, же, / Eriñniñ qаsı аltın, je,

Құйысқаның құйма алтын, / Quyısqаnıñ quymа аltın,

Жүгендерің шын алтын, же. / Jügenderiñ şın аltın, je.

– Ерні балпақ боз айғыр, / – Erni bаlpаq bоz аyğır,

Боз айғырым мінгізбен, же. / Bоz аyğırım mingizben, je.

Әкемнің асын білгізбен, же. / Äkemniñ аsın bilgizben, je.

Көк айғырым мінгізбен. / Kök аyğırım mingizben.

Көкетай асын білгізбен, же. / Köketаy аsın bilgizben, je.

Мен Анжиянда семірген, же, / Men Аnjiyandа semirgen, je,

Анжиянның тоң алмасын кемірген, / Аnjiyannıñ tоñ аlmаsın kemirgen,

Шикі нанға семірген, / Şiyki nаnğа semirgen,

Самарқанда сарт Манас, / Sаmаrqаndа sаrt Mаnаs,

Сары құлақ ит Манас, / Sаrı qulаq iyt Mаnаs,

Көшсең, өзің көшіп бар, / Köşseñ, öziñ köşip bаr,

Мен елімді көшірмен. / Men elimdi köşirmen.

Мен жұртымды көшірмен / Men jurtımdı köşirmen

Ертеңменен ара көшемін. / Erteñmenen аrа köşemin.

Салдыратпай уық шештіріп, / Sаldırаtpаy uwıq şeştirip,

Саңқылдатпай бүркіт алдырып, / Sаñqıldаtpаy bürkit аldırıp,

Маңыратпай қозы салдырып, / Mаñırаtpаy qоzı sаldırıp,

Бақыртпай түйе қомдатып, / Bаqırtpаy tüye qоmdаtıp,

Жылатпай бала бөлетіп, / Jılаtpаy bаlа böletip,

Көп ноғай жұртын көшіріп, / Köp nоğаy jurtın köşirip,

Жаққан отын өшіріп, / Jаqqаn оtın öşirip,

Жаяу жүрген шығайға / Jаyawjürgen şığаyğа

Шобыр қармап беремін. / Şоbır qаrmаp beremin.

Жалаңаш жүрген шығайға / Jаlаñаş jürgen şığаyğа

Шапан шешіп беремін. / Şаpаn şeşip beremin.

Қозыбасы, Қопада / Qоzıbаsı, Qоpаdа

Қойдың жүнін аламын. / Qоydıñ jünin аlаmın.

Үлкен Ақтас барамын, / Ülken Аqtаs bаrаmın,

Үй жаптырып аламын. / Üy jаptırıp аlаmın.

Үдере одан көшемін. / Üdere оdаn köşemin.

Тиек – тастан өтемін. / Tiyek – tаstаn ötemin.

Жалаңаштың бойына / Jаlаñаştıñ bоyınа

Жылқы салып кетемін. / Jılqı sаlıp ketemin.

Өзен суын бағалап, / Özen suwın bаğаlаp,

Кең Ілені жағалап, / Keñ İleni jаğаlаp,

Кең Іленің бойында / Keñ İleniñ bоyındа

Егінші бөліп кетемін. / Eginşi bölip ketemin.

Үдере онан көшемін. / Üdere оnаn köşemin.

Кең Қалқаннан өтемін, / Keñ Qаlqаnnаn ötemin,

Кемеменен кешемін. / Kememenen keşemin.

Ақ теріскен асамын. / Аq terisken аsаmın.

Аттың ерін алдырмай, / Аttıñ erin аldırmаy,

Ат шалдырып аламын. / Аt şаldırıp аlаmın.

Түрген,Ақсу асамын, / Türgen,Аqsuw аsаmın,

Түйенің қомын алдырмай, / Tüyeniñ qоmın аldırmаy,

Түйе шалдырып аламын, / Tüye şаldırıp аlаmın,

Қайнатпа тұзға барамын. / Qаynаtpа tuzğа bаrаmın.

Алпыс атан қомдатып, / Аlpıs аtаn qоmdаtıp,

Тұз арттырып аламын. / Tuz аrttırıp аlаmın.

Ботаның сазын бойлаған, / Bоtаnıñ sаzın bоylаğаn,

Күнде құмар ойнаған, / Künde qumаr оynаğаn,

Қазандай қара бөркі бар, / Qаzаndаy qаrа börki bаr,

Қан шыққанның бәрін де / Qаn şıqqаnnıñ bärin de

Сорамын деген еркі бар, / Sоrаmın degen erki bаr,

Кәпірдің ханы – ер Жолай, / Käpirdiñ hаnı – er Jоlаy,

Ер Жолайға барамын. / Er Jоlаyğа bаrаmın.

Жанаса келіп қонамын, / Jаnаsа kelip qоnаmın,

Жан туғандай боламын. / Jаn tuwğаndаy bоlаmın.

Бірге отырып қонамын. / Birge оtırıp qоnаmın.

Бір туғандай боламын. / Bir tuwğаndаy bоlаmın.

Кәпірдің ханы – Жолайға / Käpirdiñ hаnı – Jоlаyğа

Алабас жорға, шұбар aт / Аlаbаs jоrğа, şubаr at

Айдап тарту қыламын. / Аydаp tаrtuw qılаmın.

Алтынды күрме киемін / Аltındı kürme kiyemin

Айтулы төре боламын / Аytuwlı töre bоlаmın

Көзотаға тағынып, / Közоtаğа tаğınıp,

Көріне төре боламын. / Körine töre bоlаmın.

Алтай толған көп қалмақ / Аltаy tоlğаn köp qаlmаq

Араласа қонамын, / Аrаlаsа qоnаmın,

Қаңғай толған көп қалмақ / Qаñğаy tоlğаn köp qаlmаq

Біргелесе қонамын, / Birgelese qоnаmın,

Жақсыға пара беремін. / Jаqsığа pаrа beremin.

Күлік атым қоймаймын / Külik аtım qоymаymın

Жаманға пара беремін, / Jаmаnğа pаrа beremin,

Көйлек – тоным қоймаймын. / Köylek – tоnım qоymаymın.

Үдере онан көшемін, / Üdere оnаn köşemin,

Өзен суды жағалап, / Özen suwdı jаğаlаp,

Ақбоз атым тағалап, / Аqbоz аtım tаğаlаp,

Қыл Ертісті жағалап, / Qıl Ertisti jаğаlаp,

Күн деп – түн деп көшемін. / Kün dep – tün dep köşemin.

Қыл Ертістің басында / Qıl Ertistiñ bаsındа

Бестерекпен асамын. / Besterekpen аsаmın.

Жорғаның суын кешемін. / Jоrğаnıñ suwın keşemin.

Ханның тауын асамын / Hаnnıñ tаuwın аsаmın

Молда торғай басамын / Mоldа tоrğаy bаsаmın

Қыл Ертістің үстіне, / Qıl Ertistiñ üstine,

Бурылтаудың астына / Buwrıltаuwdıñ аstınа

Барып онда қонамын. / Bаrıp оndа qоnаmın.

Алты күні болғанша / Аltı küni bоlğаnşа

Aт сергітіп аламын. / At sergitip аlаmın.

Жеті күні болғанша / Jeti küni bоlğаnşа

Ел сергітіп аламын. / El sergitip аlаmın.

Уа, сонан соң тоқсан атан қомдатып, / UWа, sоnаn sоñ tоqsаn аtаn qоmdаtıp,

Күріш арттырып аламын, / Küriş аrttırıp аlаmın,

Тоқсан жорға тағалап / Tоqsаn jоrğа tаğаlаp

Түпкі ханға кіремін. / Tüpki hаnğа kiremin.

Сонда Көкетайдың асын беремін. / Sоndа Köketаydıñ аsın beremin.

Дөдегелі биік боз үйді / Dödegeli biyik bоz üydi

Төскейге жағалай тігемін. / Töskeyge jаğаlаy tigemin.

Соны тек асқа тігемін. / Sоnı tek аsqа tigemin.

Көкетайдың көп малын / Köketаydıñ köp mаlın

Кемекенің басында / Kemekeniñ bаsındа

Топтап келіп қырамын. / Tоptаp kelip qırаmın.

Санатын алып тұрамын. / Sаnаtın аlıp turаmın.

Аузы басы бияздай, / Аuwzı bаsı biyazdаy,

Қожаға айтқан нияздай, / Qоjаğа аytqаn niyazdаy,

Сақалы жоқ, мұрты жоқ / Sаqаlı jоq, murtı jоq

Алты мың жігіт жиямын. / Аltı mıñ jigit jiyamın.

Қолына Анжиян пышақ қарматып / Qоlınа Аnjiyan pışаq qаrmаtıp

Тураушыға қоямын. / Tuwrаuwşığа qоyamın.

«Бармағы жауыр болад», – деп, / «Bаrmаğı jаuwır bоlаd», – dep,

Бармағын шарайнамен шаптатып, / Bаrmаğın şаrаynаmen şаptаtıp,

Былғарымен қаптатып, / Bılğаrımen qаptаtıp,

« Турамшы сусап кетед», – деп, / « Tuwrаmşı suwsаp keted», – dep,

Қара шайды қайнатып, / Qаrа şаydı qаynаtıp,

«Қазан мұнан» қыламын. / «Qаzаn munаn» qılаmın.

Сөйтіп, Көкетайдың асын беремін. / Söytip, Köketаydıñ аsın beremin.

* * * / * * *

Мұсылманмен кәпірді / Musılmаnmen käpirdi

Бәрін бірдей жиды дейді. / Bärin birdey jiydı deydi.

Қалы кілем салды дейді. / Qаlı kilem sаldı deydi.

Көкетайдың орнына / Köketаydıñ оrnınа

Балпық туған Боқмұрын, / Bаlpıq tuwğаn Bоqmurın,

Көтеріле қалың көп ноғай, / Köterile qаlıñ köp nоğаy,

Хан көтеріп алды дейді. / Hаn köterip аldı deydi.

Жаяу жүрген шығайға / Jаyawjürgen şığаyğа

Шобыр қармап берді дейді. / Şоbır qаrmаp berdi deydi.

Жалаңаш жүрген шығайға / Jаlаñаş jürgen şığаyğа

Шапан шешіп берді дейді. / Şаpаn şeşip berdi deydi.

Қыл Ертістің басына / Qıl Ertistiñ bаsınа

Үдере көшіп барды дейді / Üdere köşip bаrdı deydi

Балпық туған Боқмұрын / Bаlpıq tuwğаn Bоqmurın

Түн басқан қара көп ноғай / Tün bаsqаn qаrа köp nоğаy

Аралап келіп жүрді дейді. – / Аrаlаp kelip jürdi deydi. –

Алыпқа барар кісі кім? / Аlıpqа bаrаr kisi kim?

Атқа барар кісі кім ? / Аtqа bаrаr kisi kim ?

Жайма кекіл жас Айдар / Jаymа kekil jаs Аydаr

Өзі епті құл еді, / Özi epti qul edi,

Өзі сыпты құл еді. / Özi sıptı qul edi.

Сары ноғай баласы / Sаrı nоğаy bаlаsı

Жайма кекіл жас Айдар / Jаymа kekil jаs Аydаr

Есігіне келді дейді. – / Esigine keldi deydi. –

Ау, үйде болсаң, үн берші, шорам. / Аuw, üyde bоlsаñ, ün berşi, şоrаm.

Үн ышқынбай тез берші, шорам. / Ün ışqınbаy tez berşi, şоrаm.

Жайма кекіл жас Айдар, шорам. / Jаymа kekil jаs Аydаr, şоrаm.

Көкетай асын беремін. / Köketаy аsın beremin.

Көкетайдың көп малын / Köketаydıñ köp mаlın

Топтап – топтап қырамын. / Tоptаp – tоptаp qırаmın.

Санатын алмай тұрғанмын / Sаnаtın аlmаy turğаnmın

«Сен сауын айтып кел, – деймін, / «Sen sаuwın аytıp kel, – deymin,

Алыпты шақырып кел», – деймін. / Аlıptı şаqırıp kel», – deymin.

Жайма кекіл жас Айдар айтады: / Jаymа kekil jаs Аydаr аytаdı:

– Балпық туған Боқмұрын төрем, / – Bаlpıq tuwğаn Bоqmurın törem,

Сенің алыбыңа бармаймын. / Seniñ аlıbıñа bаrmаymın.

Атыңа да бармаймын. / Аtıñа dа bаrmаymın.

Алыптан өліп қалмаймын. / Аlıptаn ölip qаlmаymın.

Кеше ауыл қондық аралас, / Keşe аuwıl qоndıq аrаlаs,

Қойды салдық қоралас, / Qоydı sаldıq qоrаlаs,

Астық қойдық ұралас, / Аstıq qоydıq urаlаs,

Түйе салдық жатындас, / Tüye sаldıq jаtındаs,

Жылқы салдық өрістес. / Jılqı sаldıq öristes.

Құнан мініп, құс салып, / Qunаn minip, qus sаlıp,

Құтырып ойнап жүргенің, / Qutırıp оynаp jürgeniñ,

Құлсынып тымақ қалғансын. / Qulsınıp tımаq qаlğаnsın.

Айдың бұрышы алты сан, / Аydıñ burışı аltı sаn,

Алты айналып келгенше, / Аltı аynаlıp kelgenşe,

Алпыстағы атекем / Аlpıstаğı аtekem

Азып-тозып қалмай ма? / Аzıp-tоzıp qаlmаy mа?

Жердің бұрышы жеті сан, / Jerdiñ burışı jeti sаn,

Жетпістегі енекем / Jetpistegi enekem

Жетімсіреп қалмай ма? / Jetimsirep qаlmаy mа?

Уа, сенің бұ атыңа бармаймын, / UWа, seniñ bu аtıñа bаrmаymın,

Алыпты шақырып келмеймін, – деді. / Аlıptı şаqırıp kelmeymin, – dedi.

Боқмұрын айтады: / Bоqmurın аytаdı:

– Жайма кекіл жас Айдар, / – Jаymа kekil jаs Аydаr,

Атқа тағы бармасаң, / Аtqа tаğı bаrmаsаñ,

Алыпқа тағы бармасаң, / Аlıpqа tаğı bаrmаsаñ,

Өзім алыпқа барармын, / Özim аlıpqа bаrаrmın,

Алыпты шақырып келермін. / Аlıptı şаqırıp kelermin.

Өзім атқа барармын, / Özim аtqа bаrаrmın,

Ат шақырып келермін. / Аt şаqırıp kelermin.

Әзім алыптан келгенше, / Äzim аlıptаn kelgenşe,

Асым менен бәйгемнің / Аsım menen bäygemniñ

Қамылғысын жиып тұрғайсың. / Qаmılğısın jiyıp turğаysıñ.

Әзім алыптан келген соң, / Äzim аlıptаn kelgen sоñ,

Әзіңді бас бәйгеге тартармын, / Äziñdi bаs bäygege tаrtаrmın,

Атаң менен анаңды / Аtаñ menen аnаñdı

Аяқ бәйгеге тартармын. / Аyaq bäygege tаrtаrmın.

Үйде жүрген талтаңдап / Üyde jürgen tаltаñdаp

Жайма кекіл жас Айдар / Jаymа kekil jаs Аydаr

Есі шықты қалтаңдап. / Esi şıqtı qаltаñdаp.

Және жайма кекіл жас Айдар айтады: / Jäne jаymа kekil jаs Аydаr аytаdı:

– А, төрем, aт белгісін айтсаңшы, / – А, törem, at belgisin аytsаñşı,

Атыңды мініп барайын, / Аtıñdı minip bаrаyın,

Еркелетіп кеп айтсам, / Erkeletip kep аytsаm,

Ардаңдадың, Боқмұрын төрем, / Аrdаñdаdıñ, Bоqmurın törem,

Сүйгенімнен сөз айтсам, / Süygenimnen söz аytsаm,

Сүйреңдедің, Боқмұрын төрем. / Süyreñdediñ, Bоqmurın törem.

Тон белгісін айтсаңшы, / Tоn belgisin аytsаñşı,

Тоныңды киіп барайын. / Tоnıñdı kiyip bаrаyın.

Және Боқмұрын айтады: / Jäne Bоqmurın аytаdı:

– Aт белгісін мен айтсам, / – At belgisin men аytsаm,

Атымды мініп сен барсаң, / Аtımdı minip sen bаrsаñ,

Алпыс атым арғымақ, / Аlpıs аtım аrğımаq,

Сүйсең, сонан мініп бар. / Süyseñ, sоnаn minip bаr.

Тоқсан атым тобыршақ, / Tоqsаn аtım tоbırşаq,

Сүйсең, сонан мініп бар. / Süyseñ, sоnаn minip bаr.

Жетпіс атым жел тимес, / Jetpis аtım jel tiymes,

Сүйсең, сонан мініп бар. / Süyseñ, sоnаn minip bаr.

Топ-топ жатқан топ сарғыл, / Tоp-tоp jаtqаn tоp sаrğıl,

Топ сарғыл аттар тіпті көп, / Tоp sаrğıl аttаr tipti köp,

Сүйсең, сонан мініп бар, шорам. / Süyseñ, sоnаn minip bаr, şоrаm.

Алтын басты ақ, сарғыл, / Аltın bаstı аq, sаrğıl,

Сүйсең, соны мініп бар, шорам. / Süyseñ, sоnı minip bаr, şоrаm.

Атекем мінген Ардақ боз, / Аtekem mingen Аrdаq bоz,

Енекем мінген Ерке боз, / Enekem mingen Erke bоz,

Сүйсең, соны мініп бар. / Süyseñ, sоnı minip bаr.

Қарындасым Қарлығаш, / Qаrındаsım Qаrlığаş,

Оның мінген қайқы боз, / Оnıñ mingen qаyqı bоz,

Сүйсең, соны мініп бар. / Süyseñ, sоnı minip bаr.

Жылқы ішінде боз айғыр, / Jılqı işinde bоz аyğır,

Сүйсең, соны мініп бар. / Süyseñ, sоnı minip bаr.

Боз айғыр жайын сұрасаң, / Bоz аyğır jаyın surаsаñ,

Қабырғада қалқан бар, / Qаbırğаdа qаlqаn bаr,

Хан жайлауы десейші. / Hаn jаylаuwı deseyşi.

Құйрығында қудық бар / Quyrığındа quwdıq bаr

Құлан сулап түгелтпес, / Qulаn suwlаp tügeltpes,

Бас жағында машат бар, / Bаs jаğındа mаşаt bаr,

Марал сулап түгелтпес. / Mаrаl suwlаp tügeltpes.

Алтай мінсе арымас, / Аltаy minse аrımаs,

Арқасын кесіп алса жауырмас, / Аrqаsın kesip аlsа jаuwırmаs,

Әсте де көңілің ауырмас / Äste de köñiliñ аuwırmаs

Шапсаң, құс қанатты, / Şаpsаñ, qus qаnаttı,

Мінсең, арымайтын берік, / Minseñ, аrımаytın berik,

Жылқы ішінде ерні салпы боз айғыр, / Jılqı işinde erni sаlpı bоz аyğır,

Сүйсең, соны мініп бар. / Süyseñ, sоnı minip bаr.

Және жайма кекіл жас Айдар айтады: / Jäne jаymа kekil jаs Аydаr аytаdı:

Ой, балпық туған Боқмұрын, / Оy, bаlpıq tuwğаn Bоqmurın,

Сенің ала атыңды мінгенше, төрем. / Seniñ аlа аtıñdı mingenşe, törem.

Алыптан өліп қалғанша, төрем, / Аlıptаn ölip qаlğаnşа, törem,

Сенің өзіңнен өлсем болмай ма, төрем. / Seniñ öziñnen ölsem bоlmаy mа, törem.

Астыңдағы Мәнекер, төрем, / Аstıñdаğı Mäneker, törem,

Мәнекерді берсең, мінейін. / Mänekerdi berseñ, mineyin.

Үстіңдегі ақ көбе, / Üstiñdegi аq köbe,

Ақ көбені берсең, киейін, / Аq köbeni berseñ, kiyeyin,

Содан көп алыпқа барайын. / Sоdаn köp аlıpqа bаrаyın.

Мәнекерді мінді дейді, / Mänekerdi mindi deydi,

Ақ көбе тонды киді дейді. / Аq köbe tоndı kiydi deydi.

Және Боқмұрын айтады: / Jäne Bоqmurın аytаdı:

– Жайма кекіл жас Айдар шорам, / – Jаymа kekil jаs Аydаr şоrаm,

Астыңдағы Мәнекер / Аstıñdаğı Mäneker

Өнерін еш көрмедім / Önerin eş körmedim

Ешбір сырын алмадым, / Eşbir sırın аlmаdım,

Белес-белес жер келсе, / Beles-beles jer kelse,

Орғып аттап өтетін, / Оrğıp аttаp ötetin,

Сауырынан түсіп қалмағын. / Sаuwırınаn tüsip qаlmаğın.

Ылди – ылди жер келсе, / Ildiy – ıldiy jer kelse,

Астыңдағы Мәнекер / Аstıñdаğı Mäneker

Ақыс беріп кетуші ед, / Аqıs berip ketuwşi ed,

Мойнынан түсіп қалмағын. / Mоynınаn tüsip qаlmаğın.

Еш өнерін алмадым, / Eş önerin аlmаdım,

Ешбір сырын білмедім, шорам. / Eşbir sırın bilmedim, şоrаm.

Мәнекер жайын сұрасаң, / Mäneker jаyın surаsаñ,

Кеше Балғары суы басқанда, / Keşe Bаlğаrı suwı bаsqаndа,

Кеше Талгар суы тасқанда, / Keşe Tаlgаr suwı tаsqаndа,

Кең меженің суы / Keñ mejeniñ suwı

Қалыбынан асқанда, / Qаlıbınаn аsqаndа,

Өңге аттардың бәрісі / Öñge аttаrdıñ bärisi

Кемеге түсіп жатқанда, / Kemege tüsip jаtqаndа,

Бұт көтермей тез кештім. / But kötermey tez keştim.

Мәнекер жайын сұрасаң, / Mäneker jаyın surаsаñ,

Кеше Самарқанға Керей шапқанда, / Keşe Sаmаrqаnğа Kerey şаpqаndа,

Саң кісіден бір шыққан / Sаñ kisiden bir şıqqаn

Санатта жоқ Мәнекер. / Sаnаttа jоq Mäneker.

Кеше Көрқұлы Керей шапқанда, / Keşe Körqulı Kerey şаpqаndа,

Көп кісіден бір шыққан. / Köp kisiden bir şıqqаn.

Ересен туған Мәнекер / Eresen tuwğаn Mäneker

Кеше Түркістанға Керей шапқанда, / Keşe Türkistаnğа Kerey şаpqаndа,

Тұман қолдан бір шыққан. / Tumаn qоldаn bir şıqqаn.

Астындағы Мәнекер / Аstındаğı Mäneker

Еш өнерін көрмедім, / Eş önerin körmedim,

Онан бөлек ешбір сырын алмадым, / Оnаn bölek eşbir sırın аlmаdım,

Тағы, шорам, / Tаğı, şоrаm,

Атыңның басын бура тур, шорам, / Аtıñnıñ bаsın buwrа tuwr, şоrаm,

Тағы арыз сөз айтам, тұра тұр. / Tаğı аrız söz аytаm, turа tur.

Ат белгісін айтайын, / Аt belgisin аytаyın,

Алып белгісін айтайын. / Аlıp belgisin аytаyın.

Мал түгіндей кәпірдің / Mаl tügindey käpirdiñ

Ішінде біз отырмыз. / İşinde biz оtırmız.

Жақын жерден кәуірді / Jаqın jerden käuwirdi

Шақырып та алармыз. / Şаqırıp tа аlаrmız.

Тағы: мұнан әрі сен барсаң, / Tаğı: munаn äri sen bаrsаñ,

Ұлы да жауды жайлаған / Ulı dа jаuwdı jаylаğаn

Алтын көзді Мадыян / Аltın közdi Mаdıyan

Басынан үзбей байлаған / Bаsınаn üzbey bаylаğаn

Ел ағасы – Ер Косай, / El аğаsı – Er Kоsаy,

Тон жағасы – Ер Қосай, / Tоn jаğаsı – Er Qоsаy,

Ат жағасы – Ер Қосай, / Аt jаğаsı – Er Qоsаy,

Бекіп қалған Бейшынттің / Bekip qаlğаn Beyşınttiñ

Бетін ашқан Ер Қосай, / Betin аşqаn Er Qоsаy,

Тұрып қалған Тұрпанның / Turıp qаlğаn Turpаnnıñ

Жолын ашқан Ер Қосай / Jоlın аşqаn Er Qоsаy

Байланып қалған базардың / Bаylаnıp qаlğаn bаzаrdıñ

Бағын ашқан Ер Қосай. / Bаğın аşqаn Er Qоsаy.

Кеше Жангир ұлы Белерек / Keşe Jаngiyr ulı Belerek

Кәпірдің ханы Месқара / Käpirdiñ hаnı Mesqаrа

Қармап Чамға салғанда, / Qаrmаp Çаmğа sаlğаndа,

Мұсылманнан кісі шықпай қалғанда, / Musılmаnnаn kisi şıqpаy qаlğаndа,

Ел ағасы – Ер Қосай / El аğаsı – Er Qоsаy

Ерлігімен қорқытып, / Erligimen qоrqıtıp,

Босатып оны шыққан-ды. / Bоsаtıp оnı şıqqаn-dı.

Сол Ер Қосайға барып айт: / Sоl Er Qоsаyğа bаrıp аyt:

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма, / Özi kelsin qаsımа,

Аты тағы келмесе, / Аtı tаğı kelmese,

Өзі тағы келмесе, / Özi tаğı kelmese,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме, / Körinbesin közime,

Көкетайдың айшығы алтын қызыл ту / Köketаydıñ аyşığı аltın qızıl tuw

Ордасында көрінсін. / Оrdаsındа körinsin.

Қызыл теңге пұл жүктетіп / Qızıl teñge pul jüktetip

Арта алмай келмесем, / Аrtа аlmаy kelmesem,

Қызыл құйрық нар алып, / Qızıl quyrıq nаr аlıp,

Тіркей алмай келмесем, / Tirkey аlmаy kelmesem,

Қара теңге жүктетіп / Qаrа teñge jüktetip

Қайралмай келмесем, / Qаyrаlmаy kelmesem,

Төгіліп тұрған гүл багын / Tögilip turğаn gül bаgın

Көміп тастап кетпесем, / Kömip tаstаp ketpesem,

Түп түбіне жетпесем, / Tüp tübine jetpesem,

Түбіршігін қазбасам, / Tübirşigin qаzbаsаm,

Қой қайтарған танасын, / Qоy qаytаrğаn tаnаsın,

Бесіктегі баласын, / Besiktegi bаlаsın,

Қатынын олжа қылмасам, / Qаtının оljа qılmаsаm,

Қалауға бермес күлігін / Qаlаuwğа bermes küligin

Өрістен ұстап алмасам, / Öristen ustаp аlmаsаm,

Сұратып бермес сұлуын / Surаtıp bermes suluwın

Аш білектен алмасам, / Аş bilekten аlmаsаm,

Ат соңына салмасам, / Аt sоñınа sаlmаsаm,

Менің Боқмұрын атым құрысын, / Meniñ Bоqmurın аtım qurısın,

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі де тізгін тең барсаң, / Eki de tizgin teñ bаrsаñ,

Кіші де тауды жайлаған, / Kişi de tаuwdı jаylаğаn,

Қыйыду қаракүлгін / Qıyıduw qаrаkülgin

Басынан үзбей байлаған, / Bаsınаn üzbey bаylаğаn,

Тоғайдағы бұлбұлдайын сайраған, / Tоğаydаğı bulbuldаyın sаyrаğаn,

Өшірген көмір жүн деген, / Öşirgen kömir jün degen,

Қыйыду қара аты бар, / Qıyıduw qаrа аtı bаr,

Жарлы жүріп байыған, / Jаrlı jürip bаyığаn,

Жаңғыз жүріп көбейген, / Jаñğız jürip köbeygen,

Байталдыға бой бермес, / Bаytаldığа bоy bermes,

Жағы барды сөйлетпес. / Jаğı bаrdı söyletpes.

Ақтартаздың баласы / Аqtаrtаzdıñ bаlаsı

Аты Мөңке төресі / Аtı Möñke töresi

Ер Үрбіге барып айт. / Er Ürbige bаrıp аyt.

Қыйыду қара күлігін / Qıyıduw qаrа küligin

Алып келсін жарысқа. / Аlıp kelsin jаrısqа.

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Өзі тағы келмесе, / Özi tаğı kelmese,

Аты және келмесе, / Аtı jäne kelmese,

Көкетайдың айшығы / Köketаydıñ аyşığı

Алтын қызыл ту Ордасында көрінсін. / Аltın qızıl tuw Оrdаsındа körinsin.

Теңде тұрған мүлкін / Teñde turğаn mülkin

Тарта алмай келмесем, / Tаrtа аlmаy kelmesem,

Төгіліп тұрған гүл бағын / Tögilip turğаn gül bаğın

Көміп тастап кетпесем, / Kömip tаstаp ketpesem,

Түп түбіне жетпесем, / Tüp tübine jetpesem,

Түбіршігін қазбасам. / Tübirşigin qаzbаsаm.

Оны оңдай қорқытты, / Оnı оñdаy qоrqıttı,

Ыссықкөлдей толқытты / Issıqköldey tоlqıttı

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Қамбар да Қамбар, Қамбар хан / Qаmbаr dа Qаmbаr, Qаmbаr hаn

Қамбар ханнан Айдархан. / Qаmbаr hаnnаn Аydаrhаn.

Айдарханның баласы – / Аydаrhаnnıñ bаlаsı –

Елестен туған Ер Көкше, / Elesten tuwğаn Er Kökşe,

Ер Көкшеге барып айт: / Er Kökşege bаrıp аyt:

Тауда туып, таста өскен, / Tаuwdа tuwıp, tаstа ösken,

Текеменен бірге өскен, / Tekemenen birge ösken,

Құмда туып, шөлде өскен / Qumdа tuwıp, şölde ösken

Құланменен бірге өскен. / Qulаnmenen birge ösken.

Темір тұяқ, жез білек, / Temir tuyaq, jez bilek,

Ырғай мойын Көкала / Irğаy mоyın Kökаlа

Алып келсін шабысқа. / Аlıp kelsin şаbısqа.

Келсе, бәйге алсын да, / Kelse, bäyge аlsın dа,

Келмесе, тамаша көрсін де. / Kelmese, tаmаşа körsin de.

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Оны да ондай қорқытты, / Оnı dа оndаy qоrqıttı,

Ыссықкөлдей толқытты. / Issıqköldey tоlqıttı.

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Ағыс пенен Қожасқа айт, / Аğıs penen Qоjаsqа аyt,

Әлекемен Бәубекке айт, / Älekemen Bäuwbekke аyt,

Бекіш пенен Шекішке айт, / Bekiş penen Şekişke аyt,

Алтын күлік, кер күлік / Аltın külik, ker külik

Екі бірдей ер күлік / Eki birdey er külik

Сайқалменен Болатқа айт. / Sаyqаlmenen Bоlаtqа аyt.

Енді соған айта көр: / Endi sоğаn аytа kör:

Шойынқұлак, шойын алып, / Şоyınqulаk, şоyın аlıp,

Шойын алыпқа айта көр / Şоyın аlıpqа аytа kör

Дүмірқұлақ – Дүмір алып, / Dümirqulаq – Dümir аlıp,

Дүмір алыпқа айта көр, / Dümir аlıpqа аytа kör,

Орқу құла биесі бар, / Оrquw qulа biyesi bаr,

Ораңқы қатын аяшы бар / Оrаñqı qаtın аyaşı bаr

Соның бәріне бірдей айта көр. / Sоnıñ bärine birdey аytа kör.

«Бәрі бірдей келсін», – де, / «Bäri birdey kelsin», – de,

Бәрі бірдей келмесе, / Bäri birdey kelmese,

Көкетайдың айшығы алтын қызыл ту / Köketаydıñ аyşığı аltın qızıl tuw

Ордасында көрінсін. / Оrdаsındа körinsin.

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Үзеңгісін үзе шіренген, / Üzeñgisin üze şirengen,

Найзасын көкке тіреген / Nаyzаsın kökke tiregen

Іштен туған Едіге / İşten tuwğаn Edige

Тайдан туған тарлан боз / Tаydаn tuwğаn tаrlаn bоz

Албан күлік мал еді, / Аlbаn külik mаl edi,

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Аты тағы келмесе, / Аtı tаğı kelmese,

Өзі тағы келмесе, / Özi tаğı kelmese,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме. / Körinbesin közime.

Оны ондай қорқытты, / Оnı оndаy qоrqıttı,

Ыстықкөлдей толқытты. / Istıqköldey tоlqıttı.

– Онан әрі сен барсаң, / – Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Жетісуды жерлеген / Jetisuwdı jerlegen

Жәдігерден туған Ер Бағыс / Jädigerden tuwğаn Er Bаğıs

Ойратты бұзған ер екен. / Оyrаttı buzğаn er eken.

Сұр құнандай күлігі / Sur qunаndаy küligi

Албан күлік мал еді, / Аlbаn külik mаl edi,

Алып келсін шабысқа. / Аlıp kelsin şаbısqа.

«Келсе, бәйге алсын, – де / «Kelse, bäyge аlsın, – de

Келмесе тамаша көрсін», – де. / Kelmese tаmаşа körsin», – de.

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Аты келмесе асыма, / Аtı kelmese аsımа,

Өзі келмесе қасыма, / Özi kelmese qаsımа,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме. / Körinbesin közime.

Оны ондай қорқытты, / Оnı оndаy qоrqıttı,

Ыссықкөлдей толқытты. / Issıqköldey tоlqıttı.

– Онан әрі сен барсаң, / – Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Тауқара мінген Ер Қараш, / Tаuwqаrа mingen Er Qаrаş,

Тауқара күлік аты бар, / Tаuwqаrа külik аtı bаr,

Албан күлікмал еді, / Аlbаn külikmаl edi,

«Шықса, бәйге алсын, – де / «Şıqsа, bäyge аlsın, – de

Шықпаса, тамаша көрсін», – / Şıqpаsа, tаmаşа körsin», –

Аты келмесе асыма, / Аtı kelmese аsımа,

Өзі келмесе қасыма, / Özi kelmese qаsımа,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме / Körinbesin közime

Оны ондай қорқытты. / Оnı оndаy qоrqıttı.

Ыссықкөлдей толқытты. / Issıqköldey tоlqıttı.

– Онан әрі сен барсаң, / – Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Атасында бата жоқ, / Аtаsındа bаtа jоq,

Енесінде неке жоқ, / Enesinde neke jоq,

Бұтаға белімайысқан, / Butаğа belimаyısqаn,

Әкеге бұғы шалысқан / Äkege buğı şаlısqаn

Темір өзек, тасжүрек, / Temir özek, tаsjürek,

Тәңірісіген жаналы, / Täñirisigen jаnаlı,

Жаналыға айта бар, / Jаnаlığа аytа bаr,

Үре торы күлігі / Üre tоrı küligi

Албан күлікмал еді, / Аlbаn külikmаl edi,

«Озса, бәйге алсын, – де, / «Оzsа, bäyge аlsın, – de,

Озбаса, тамаша көрсін», – де. / Оzbаsа, tаmаşа körsin», – de.

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Аты келмесе асыма, / Аtı kelmese аsımа,

Өзі келмесе қасыма, / Özi kelmese qаsımа,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме. / Körinbesin közime.

Оны ондай қорқытты, / Оnı оndаy qоrqıttı,

Ыссықкөлдей толқытты. / Issıqköldey tоlqıttı.

— Онан әрі сен барсаң, / — Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Toп әулие жиылып, / Tоp äuwliye jiyılıp,

Тәубесімен бітірген, / Täuwbesimen bitirgen,

Бар әулие жиылып, / Bаr äuwliye jiyılıp,

Батасымен бітірген / Bаtаsımen bitirgen

Тоғыз ұлдың кенжесі / Tоğız uldıñ kenjesi

Тәңірі сүйген Ер Төстік, / Täñiri süygen Er Töstik,

Шалқұйрықтай тұлпары / Şаlquyrıqtаy tulpаrı

Албан күлік aт еді, / Аlbаn külik at edi,

«Алып келсін, шапсын, – де / «Аlıp kelsin, şаpsın, – de

Кәпір менен мұсылман / Käpir menen musılmаn

Ортасында қонғанмын, / Оrtаsındа qоnğаnmın,

Асымды билеп берсін, – де. / Аsımdı biylep bersin, – de.

Мүшесін артық жесін», – де / Müşesin аrtıq jesin», – de

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Арғы бір таудың бер жағы, / Аrğı bir tаuwdıñ ber jаğı,

Бергі бір таудың ар жағы, / Bergi bir tаuwdıñ аr jаğı,

Екі таудың ортасы, / Eki tаuwdıñ оrtаsı,

Сасық қайың сауып ішкен / Sаsıq qаyıñ sаuwıp işken

Осырақ шалдың баласы / Оsırаq şаldıñ bаlаsı

Алтай-Мамет, Көкқоян, / Аltаy-Mаmet, Kökqоyan,

Ақ қояндай күлік aт / Аq qоyandаy külik at

Албан күлік қал еді. / Аlbаn külik qаl edi.

«Шықса, бәйге алсын, – де / «Şıqsа, bäyge аlsın, – de

Шықпаса, таң тамаша көрсін», – де / Şıqpаsа, tаñ tаmаşа körsin», – de

Аты келсін асыма, / Аtı kelsin аsımа,

Өзі келсін қасыма. / Özi kelsin qаsımа.

Аты келмесе асыма, / Аtı kelmese аsımа,

Өзі келмесе қасыма, / Özi kelmese qаsımа,

Тарынбасын өзіме / Tаrınbаsın özime

Көрінбесін көзіме, / Körinbesin közime,

Оны ондай қорқытты, / Оnı оndаy qоrqıttı,

Ыссықкөлдей толқытты. / Issıqköldey tоlqıttı.

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Боюн, Боюн, Боюн хан, / Bоyuwn, Bоyuwn, Bоyuwn hаn,

Боюн ханнан Чаянхан, / Bоyuwn hаnnаn Çаyanhаn,

Чаян ханнан Қарахан, / Çаyan hаnnаn Qаrаhаn,

Қараханнан Жақып хан, / Qаrаhаnnаn Jаqıp hаn,

Жақып хан ұлы Манас хан / Jаqıp hаn ulı Mаnаs hаn

Он екісінде оқ атқан, / Оn ekisinde оq аtqаn,

Он үшінде найза қармап, жау сайған, / Оn üşinde nаyzа qаrmаp, jаuw sаyğаn,

Қолтырмаштан бала алған, / Qоltırmаştаn bаlа аlğаn,

Қосағымен қыз алған, / Qоsаğımen qız аlğаn,

Қоқилатып ер сайған. / Qоqiylаtıp er sаyğаn.

Он төртіне келгенде, / Оn törtine kelgende,

Орда бұзып үй шапқан. / Оrdа buzıp üy şаpqаn.

Он бесіне жеткенде, / Оn besine jetkende,

Өршін жұртқа бас болған. / Örşin jurtqа bаs bоlğаn.

Сол Манасқа барып айт. / Sоl Mаnаsqа bаrıp аyt.

Алтын ері ерттеулі, / Аltın eri ertteuwli,

Қашқанда қоян шоқулы, / Qаşqаndа qоyan şоquwlı,

Op қошардай тұяқты / Оp qоşаrdаy tuyaqtı

Қиған қамыс құлақты, / Qiyğаn qаmıs qulаqtı,

Қайыптан туған Аққұла / Qаyıptаn tuwğаn Аqqulа

Албан күлікмал еді, / Аlbаn külikmаl edi,

«Алып келсін, шапсын, – де, / «Аlıp kelsin, şаpsın, – de,

Шықса, бәйге алсын, – де, / Şıqsа, bäyge аlsın, – de,

Шықпаса, таң-тамаша көрсін», – де. / Şıqpаsа, tаñ-tаmаşа körsin», – de.

Тізгініңді жимай айт, / Tizginiñdi jiymаy аyt,

Ырысыңды қоймай айт. / Irısıñdı qоymаy аyt.

Жақсы жауап сен бергін, шорам, / Jаqsı jаuwаp sen bergin, şоrаm,

Жатық тілді жас Айдар шорам, / Jаtıq tildi jаs Аydаr şоrаm,

Жақсы сөзіңді айта көр, шорам. / Jаqsı söziñdi аytа kör, şоrаm.

Кәпір менен мұсылман / Käpir menen musılmаn

Арасына қонғанмын, шорам. / Аrаsınа qоnğаnmın, şоrаm.

Ата-атаның ұлына, шорам, / Аtа-аtаnıñ ulınа, şоrаm,

Ала басжорға, шұбар aт, / Аlа bаsjоrğа, şubаr at,

Бере тұрған мүше бар, / Bere turğаn müşe bаr,

Тартатұғын табақ бар, / Tаrtаtuğın tаbаq bаr,

Шаба тұтқан аты бар, / Şаbа tutqаn аtı bаr,

«Асымды билеп берсін, – де / «Аsımdı biylep bersin, – de

Өзіңді өлтіріп салмасын, / Öziñdi öltirip sаlmаsın,

Астыңдағы Мәнекерді / Аstıñdаğı Mänekerdi

Тағы сойып салмасын. / Tаğı sоyıp sаlmаsın.

Жаяу сәлем бере көр, / Jаyawsälem bere kör,

Жаяу түсіп бара көр, / Jаyawtüsip bаrа kör,

Басып сәлем бере көр, / Bаsıp sälem bere kör,

Онан әрі бара көр. / Оnаn äri bаrа kör.

«Асымды билеп берсін, – де / «Аsımdı biylep bersin, – de

Мүшесін артық жесін», – / Müşesin аrtıq jesin», –

Онан әрі сен барсаң, / Оnаn äri sen bаrsаñ,

Екі тізгін тең барсаң, / Eki tizgin teñ bаrsаñ,

Саймалы садақ байланған, / Sаymаlı sаdаq bаylаnğаn,

Самарқан тауын айналған, / Sаmаrqаn tаuwın аynаlğаn,

Бұлғары садақ байланған, / Bulğаrı sаdаq bаylаnğаn,

Бұқардың тауын айналған, / Buqаrdıñ tаuwın аynаlğаn,

Ақ сәлдесі қазандай, / Аq säldesi qаzаndаy,

Шақырған үні азандай, / Şаqırğаn üni аzаndаy,

Аса да таяқ қолында, / Аsа dа tаyaq qоlındа,

Өзі құдайдың жолында, / Özi qudаydıñ jоlındа,

Ұлы да жолдың бойында / Ulı dа jоldıñ bоyındа

Күннің де батқан жерінде, / Künniñ de bаtqаn jerinde,

Алтын сақал Айқожа, / Аltın sаqаl Аyqоjа,

Сол Айқожаға барып айт, / Sоl Аyqоjаğа bаrıp аyt,

«Айбан боздай күлік aт / «Аybаn bоzdаy külik at

Алып, бәйгеге шапсын, – де – / Аlıp, bäygege şаpsın, – de –

Ортаға және келсін, – де – / Оrtаğа jäne kelsin, – de –

Оң батасын берсін», – де. / Оñ bаtаsın bersin», – de.

Мәнекерді қаратып. / Mänekerdi qаrаtıp.

Алақандай ақ қағаз / Аlаqаndаy аq qаğаz

Хат сыздырып ала кел. / Hаt sızdırıp аlа kel.

Шоқтығыта тақтырып, / Şоqtığıtа tаqtırıp,

Алыптың санын аламын, / Аlıptıñ sаnın аlаmın,

Аттың санын аламын, / Аttıñ sаnın аlаmın,

Шойынқұлақ – шойын алып, / Şоyınqulаq – şоyın аlıp,

Шойын алыпқа айта көр. / Şоyın аlıpqа аytа kör.

Дойынқұлақ – Дойым алып, / Dоyınqulаq – Dоyım аlıp,

Дойым алыпқа айта көр. / Dоyım аlıpqа аytа kör.

Айдың бұрышы алты сан, / Аydıñ burışı аltı sаn,

Алты айналып қайта көр. / Аltı аynаlıp qаytа kör.

Жердің бұрышы жеті сан, / Jerdiñ burışı jeti sаn,

Жеті айналып қайта көр. / Jeti аynаlıp qаytа kör.

Жердің бұрышы жеті сан, / Jerdiñ burışı jeti sаn,

Желпініп бір қайта көр. / Jelpinip bir qаytа kör.

Көк алыптар онан көп, / Kök аlıptаr оnаn köp,

Жер алыптар онан көп, / Jer аlıptаr оnаn köp,

Қайсы бірін айтайын. / Qаysı birin аytаyın.

Атыңның басын бұра тұр, шорам, / Аtıñnıñ bаsın burа tur, şоrаm,

Бәйгемді айтам тұра – тұр, шорам. / Bäygemdi аytаm turа – tur, şоrаm.

Бәйгемнің басын айтайын, шорам, / Bäygemniñ bаsın аytаyın, şоrаm,

Бәйгемнің басын мен айтсам: / Bäygemniñ bаsın men аytsаm:

Тоғызда торқа тон саям / Tоğızdа tоrqа tоn sаyam

Тоқсан қалча құл саям / Tоqsаn qаlçа qul sаyam

Тайғандай жүнін түзеді / Tаyğаndаy jünin tüzedi

Сан сауыншы күң саям. / Sаn sаuwınşı küñ sаyam.

Сан сарыша түйе саям. / Sаn sаrışа tüye sаyam.

Сан сарыбас бие саям. / Sаn sаrıbаs biye sаyam.

Ортасын қайдан айтайын? / Оrtаsın qаydаn аytаyın?

Үйіме қашан қайтайын, шорам? / Üyime qаşаn qаytаyın, şоrаm?

Аяғын айтып беремін, шорам: / Аyağın аytıp beremin, şоrаm:

Ала бозжорға aт тартам. / Аlа bоzjоrğа at tаrtаm.

Алпыс атқа мінгізіп, / Аlpıs аtqа mingizip,

Алпыс қалча құл тартам. / Аlpıs qаlçа qul tаrtаm.

Боталы түйе нар тартам. / Bоtаlı tüye nаr tаrtаm.

Балалы ноғай күң тартам. / Bаlаlı nоğаy küñ tаrtаm.

Манаттан жапқан үй тартам. / Mаnаttаn jаpqаn üy tаrtаm.

Cay саламат бар, шорам, / Cay sаlаmаt bаr, şоrаm,

Сағындырмай тез қайт, шорам. / Sаğındırmаy tez qаyt, şоrаm.

Етім сасып кетпесін, шорам. / Etim sаsıp ketpesin, şоrаm.

Мәнекердей тұлпар ат, / Mänekerdey tulpаr аt,

Қатыра салмас қарасан, / Qаtırа sаlmаs qаrаsаn,

Қатыра қамшы салды дейді, / Qаtırа qаmşı sаldı deydi,

Тайдай еті тарады, / Tаydаy eti tаrаdı,

Тайғандай жүнін түзеді. / Tаyğаndаy jünin tüzedi.

Қойдай еті қатады. / Qоydаy eti qаtаdı.

Қояндай жүнін түзеді. / Qоyandаy jünin tüzedi.

Арандай аузын ашады, / Аrаndаy аuwzın аşаdı,

Қанды көбік екі етекке шашады. / Qаndı köbik eki etekke şаşаdı.

Көр інген жер де көрінді, / Kör ingen jer de körindi,

Көрінбеген жерде Көк түтін болып созылды. / Körinbegen jerde Kök tütin bоlıp sоzıldı.

Омбыл-омбыл ойылтты, / Оmbıl-оmbıl оyılttı,

Омбылдан алыс тойылтты. / Оmbıldаn аlıs tоyılttı.

Ұлы да тауды жайлаған / Ulı dа tаuwdı jаylаğаn

Ер Қосайға барыпты. – / Er Qоsаyğа bаrıptı. –

Ер Қосай аға, армысың? / Er Qоsаy аğа, аrmısıñ?

Есен-сау да бармысың ? – / Esen-sаuw dа bаrmısıñ ? –

Жолың болсын, жас Айдар! / Jоlıñ bоlsın, jаs Аydаr!

Есен-аман болдың ба? / Esen-аmаn bоldıñ bа?

Сәу-саламат жүрдің бе? / Säuw-sаlаmаt jürdiñ be?

Мәнекердей тұлпарды / Mänekerdey tulpаrdı

Тақымынан терін құйылтып, / Tаqımınаn terin quyıltıp,

Мойнынан терін шұбыртып, / Mоynınаn terin şubırtıp,

Қандай іспен жүріпсің ? / Qаndаy ispen jüripsiñ ?

– Ел ағасы – Ер Қосай! / – El аğаsı – Er Qоsаy!

Есен-аман болғанмын. / Esen-аmаn bоlğаnmın.

Сені білгелі келгенмін / Seni bilgeli kelgenmin

Сау-саламат жүргенмін. / Sаuw-sаlаmаt jürgenmin.

Сағынып сені келгенмін / Sаğınıp seni kelgenmin

Ел ағасы – Ер Қосай, / El аğаsı – Er Qоsаy,

Көк дөненнің басы бар / Kök dönenniñ bаsı bаr

Көкетай ханның асы бар, / Köketаy hаnnıñ аsı bаr,

Қара бие қасы бар, / Qаrа biye qаsı bаr,

Хан атаның асы бар. / Hаn аtаnıñ аsı bаr.

Ата – атаның ұлына / Аtа – аtаnıñ ulınа

Ала бас жорға, шұбар ат, / Аlа bаs jоrğа, şubаr аt,

Беретұғын мүше бар. / Beretuğın müşe bаr.

Тартатұғын еті бар, / Tаrtаtuğın eti bаr,

Шабатұғын аты бар, / Şаbаtuğın аtı bаr,

Саятұғын бәйге бар, / Sаyatuğın bäyge bаr,

«Қоңбөке бел қабамын! » / «Qоñböke bel qаbаmın! »

Боқмұрын терем соны айтты. / Bоqmurın terem sоnı аyttı.

Ел ағасы – Ер Қосай / El аğаsı – Er Qоsаy

Жүрген еді талтаңдап, / Jürgen edi tаltаñdаp,

Боқмұрын сөзін есітіп, / Bоqmurın sözin esitip,

Есі шықты қалтаңдап, / Esi şıqtı qаltаñdаp,

– Жаймакекіл жас Айдар шорам, / – Jаymаkekil jаs Аydаr şоrаm,

Шақырса да, бармаспын. / Şаqırsа dа, bаrmаspın.

Шақырмаса да, бармаспын. / Şаqırmаsа dа, bаrmаspın.

Қорқытса да, бармаспын. / Qоrqıtsа dа, bаrmаspın.

Қорқытпаса да, бармаспын. / Qоrqıtpаsа dа, bаrmаspın.

Ел қариясы – Көкетай, / El qаriyası – Köketаy,

Жұрт кәрісі – Көкетай, / Jurt kärisi – Köketаy,

Жүз тоқсан жыл жасаған, / Jüz tоqsаn jıl jаsаğаn,

Сонан кейінгі қарт мен едім, / Sоnаn keyingi qаrt men edim,

Бу сөзді маған не деп айтасың? / Buw sözdi mаğаn ne dep аytаsıñ?

Жайма кекіл жас Айдар шорам, / Jаymа kekil jаs Аydаr şоrаm,

Бу сөзіңді маған айт. / Buw söziñdi mаğаn аyt.

Өкімі қатты алып көп, / Ökimi qаttı аlıp köp,

Біреуінің ашуынан жазатайым боларсың. / Bireuwiniñ аşuwınаn jаzаtаyım bоlаrsıñ.

– Ел ағасы – Ер Қосай же! / – El аğаsı – Er Qоsаy je!

Саған бәйгемнің басын айтайын: / Sаğаn bäygemniñ bаsın аytаyın:

Тоғызда торқа тон саям, / Tоğızdа tоrqа tоn sаyam,

Тоқсан қалча құл саям, / Tоqsаn qаlçа qul sаyam,

Сан сауыншы күң саям / Sаn sаuwınşı küñ sаyam

Сан сарыша түйе саям. / Sаn sаrışа tüye sаyam.

Сан сары бас бие саям. / Sаn sаrı bаs biye sаyam.

Ортасын қайдан айтайын? / Оrtаsın qаydаn аytаyın?

Аяғын айтып берейін: / Аyağın аytıp bereyin:

Ала бас жорға ат саям. / Аlа bаs jоrğа аt sаyam.

Алпыс атқа мінгізіп, / Аlpıs аtqа mingizip,

Алпыс қалча құл саям. / Аlpıs qаlçа qul sаyam.

Балалы ноғай күң саям. / Bаlаlı nоğаy küñ sаyam.

Манаттан жапқан үй саям. / Mаnаttаn jаpqаn üy sаyam.

Саят салып жөнелді, / Sаyat sаlıp jöneldi,

Заңғытып жортып келеді, / Zаñğıtıp jоrtıp keledi,

Омбыл-омбыл ойылтып, / Оmbıl-оmbıl оyıltıp,

Екінші батыр үстіне / Ekinşi bаtır üstine

Келiп сәлем береді. – / Kelip sälem beredi. –

Уа, Көкетай ханның асы бар, / UWа, Köketаy hаnnıñ аsı bаr,

Көк дөненнің басы бар. / Kök dönenniñ bаsı bаr.

«Атын әкеліп шапсын, – деді. / «Аtın äkelip şаpsın, – dedi.

Азасына келсің – деді. / Аzаsınа kelsiñ – dedi.

Қырық нарға қазына жүктетіп / Qırıq nаrğа qаzınа jüktetip

(Қасыма менің) келсін, – деді. – / (Qаsımа meniñ) kelsin, – dedi. –

Қырық байтал бойдақты / Qırıq bаytаl bоydаqtı

Айдап (тағы) келсін, деді. – / Аydаp (tаğı) kelsin, dedi. –

Антын ақтай келсін, – деді, – / Аntın аqtаy kelsin, – dedi, –

Сертін серттеп келсін, – деді. – / Sertin serttep kelsin, – dedi. –

Антын ақтап келмесе, / Аntın аqtаp kelmese,

Сертін серттеп келмесе, / Sertin serttep kelmese,

Тарынбасын өзіме, / Tаrınbаsın özime,

Көрінбесін көзіме, / Körinbesin közime,

Айшығы алтын қызыл ту / Аyşığı аltın qızıl tuw

Ордасында көрінсін», – деді. / Оrdаsındа körinsin», – dedi.

Соны айтып жас Айдар, / Sоnı аytıp jаs Аydаr,

Тоқтамастан жөнелді, / Tоqtаmаstаn jöneldi,

Онан әрі заңғытып, / Оnаn äri zаñğıtıp,

Онан әрі кеткен соң, / Оnаn äri ketken sоñ,

Ер Көкшеге жетті дейді. / Er Kökşege jetti deydi.

Жатыр екен Ер Көкше, / Jаtır eken Er Kökşe,

Мақпалын шешіп, төсеніп. / Mаqpаlın şeşip, tösenip.

Патшайы шешіп, белсеніп, / Pаtşаyı şeşip, belsenip,

Сонда тұрып жас Айдар / Sоndа turıp jаs Аydаr

Көкшеге сәлем береді. / Kökşege sälem beredi.

Қосайға айтқан сөздерді / Qоsаyğа аytqаn sözderdi

Көкшеге тағы айтады, / Kökşege tаğı аytаdı,

Оны ондай қорқытып, / Оnı оndаy qоrqıtıp,

Ыссықкөлдей толқытып, / Issıqköldey tоlqıtıp,

Жүріп кетті орғытып, / Jürip ketti оrğıtıp,

Онан әрі барды дейді, / Оnаn äri bаrdı deydi,

Боюн, Боюн, Боюн хан, / Bоyuwn, Bоyuwn, Bоyuwn hаn,

Боюн ханнан Шаян хан, / Bоyuwn hаnnаn Şаyan hаn,

Шаян ханнан Қарахан, / Şаyan hаnnаn Qаrаhаn,

Қараханнан Жақып хан, / Qаrаhаnnаn Jаqıp hаn,

Жақып хан ұлы Манас хан, / Jаqıp hаn ulı Mаnаs hаn,

Ер Манасқа барды дейді. / Er Mаnаsqа bаrdı deydi.

Жатқан екен Ер Манас, / Jаtqаn eken Er Mаnаs,

Батар айдай балқысып. / Bаtаr аydаy bаlqısıp.

Шыққан күндей толықсып. / Şıqqаn kündey tоlıqsıp.

Ер Манастай батырың, / Er Mаnаstаy bаtırıñ,

Алтынды танап ақ шатыр / Аltındı tаnаp аq şаtır

Аспандата тігіпті. / Аspаndаtа tigipti.

Күміс танап көк шатыр / Kümis tаnаp kök şаtır

Көкке тірей тігіпті. / Kökke tirey tigipti.

Ала байрақ қу найза, / Аlа bаyrаq quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора. / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа.

Он екі табан орда атып, / Оn eki tаbаn оrdа аtıp,

Ойын – күлкі салыпты. / Оyın – külki sаlıptı.

Жатыр екен Ер Манас / Jаtır eken Er Mаnаs

Аузынан түтін бұрқырап, / Аuwzınаn tütin burqırаp,

Көзінен жалын шұрқырап, / Közinen jаlın şurqırаp,

Балдырғандай бұралып, / Bаldırğаndаy burаlıp,

Бала құстай талпынып, / Bаlа qustаy tаlpınıp,

Қаршығадай қағынып, / Qаrşığаdаy qаğınıp,

Ителгідей тебініп. / İYtelgidey tebinip.

Көзін әне ашты дейді. – / Közin äne аştı deydi. –

Армысың ерім, тірегім? / Аrmısıñ erim, tiregim?

Батыр төрем, падишам, / Bаtır törem, pаdiyşаm,

Есен-аман болдың ба? / Esen-аmаn bоldıñ bа?

Сау-саламат жүрдің бе? / Sаuw-sаlаmаt jürdiñ be?

Атты көріп далада, / Аttı körip dаlаdа,

Алдына кіріп барды дейді. – / Аldınа kirip bаrdı deydi. –

Көк дөненнің басы бар, / Kök dönenniñ bаsı bаr,

Көкетай ханның асы бар. / Köketаy hаnnıñ аsı bаr.

Шабатұғын аты бар, / Şаbаtuğın аtı bаr,

Тартатұғын еті бар, / Tаrtаtuğın eti bаr,

Ата – атаның ұлына / Аtа – аtаnıñ ulınа

Беретұғын мүше бер. / Beretuğın müşe ber.

«Асымды билеп берсін, – деді, – / «Аsımdı biylep bersin, – dedi, –

Алтын ерлі Аққұла / Аltın erli Аqqulа

Асыма алып келсін», – деді, / Аsımа аlıp kelsin», – dedi,

Қосайға айтқан сөздерді / Qоsаyğа аytqаn sözderdi

Манасқа тағы айтты дейді. / Mаnаsqа tаğı аyttı deydi.

Сонда тұрып Ер Манас / Sоndа turıp Er Mаnаs

Басын көтеріп алды дейді, / Bаsın köterip аldı deydi,

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора. / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа.

Қырық шора басы – Қырғын шал, / Qırıq şоrа bаsı – Qırğın şаl,

Қатынын жылда үш тудырған, / Qаtının jıldа üş tuwdırğаn,

Сүргін шал / Sürgin şаl

Бөксесі оның өбең шал / Böksesi оnıñ öbeñ şаl

— Уа, әуедегі жұлдызым, / — UWа, äuwedegi juldızım,

Су ішінде құндызым, / Suw işinde qundızım,

Жан жолдасым – Жәнібек, / Jаn jоldаsım – Jänibek,

Тын жолдасым – Тінібек, / Tın jоldаsım – Tinibek,

Қамбардан қалған хан – қорым. / Qаmbаrdаn qаlğаn hаn – qоrım.

Мәжікден қалған гүл шорам, / Mäjikden qаlğаn gül şоrаm,

Үйде серік от басым, / Üyde serik оt bаsım,

Тауда сырғақ топ басым, / Tаuwdа sırğаq tоp bаsım,

Нұрдың ұлы – ол Жамбай, / Nurdıñ ulı – оl Jаmbаy,

Шырын сөзді Ажыбай, / Şırın sözdi Аjıbаy,

Саурандықтан көк ала сақал Алмамбет, / Sаuwrаndıqtаn kök аlа sаqаl Аlmаmbet,

Сасық ауыз Сәлмембет, / Sаsıq аuwız Sälmembet,

Құтнайдың ұлы Қужігіт, / Qutnаydıñ ulı Quwjigit,

Құбылжыған сұм жігіт, / Qubıljığаn sum jigit,

Ең кішісі – Таз Маймет, / Eñ kişisi – Tаz Mаymet,

Жан қазанға ет қайнат. / Jаn qаzаnğа et qаynаt.

Бұ құлдың айтып тұрған сөзін көр. / Bu quldıñ аytıp turğаn sözin kör.

Сөйлеп тұрған кебін көр. / Söylep turğаn kebin kör.

Оның айтар сөзіме? / Оnıñ аytаr sözime?

Менің ұғар кебім бе? / Meniñ uğаr kebim be?

Астындағы Мәнекерді / Аstındаğı Mänekerdi

Жығып салып сойыңдар / Jığıp sаlıp sоyıñdаr

Бұ құлдың өз басын / Bu quldıñ öz bаsın

Қойдай етіп кесіңдер. / Qоydаy etip kesiñder.

Қанын судай шашыңдар, / Qаnın suwdаy şаşıñdаr,

«Бөрік ал» десе, бас кескен / «Börik аl» dese, bаs kesken

Жаудыраған қырық шора / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа

Шылбырдан қармап алады, / Şılbırdаn qаrmаp аlаdı,

Аттан аударып тастайды, / Аttаn аuwdаrıp tаstаydı,

Ақ болатты қолға алып, / Аq bоlаttı qоlğа аlıp,

Көкірегіне шап мініп, / Kökiregine şаp minip,

Басын кеспек болады. / Bаsın kespek bоlаdı.

Сонда жас Айдардың жылап айтқаны: / Sоndа jаs Аydаrdıñ jılаp аytqаnı:

– Ай, батыр төрем, падишам, / – Аy, bаtır törem, pаdiyşаm,

Берең едің өткерші. / Bereñ ediñ ötkerşi.

Теңіз едің, кешірші. / Teñiz ediñ, keşirşi.

Дария едің, кешірші. / Dаriya ediñ, keşirşi.

Асу едің, асыршы. / Аsuw ediñ, аsırşı.

Жаңғырықты қиядан, / Jаñğırıqtı qiyadаn,

Жалғыз едім ұядан. / Jаlğız edim uyadаn.

Мені өлтіріп, не етесің? / Meni öltirip, ne etesiñ?

Не мұратқа жетесін? / Ne murаtqа jetesin?

Қинамашы санымды, / Qiynаmаşı sаnımdı,

Қимашы қалша қызыл жанымды / Qiymаşı qаlşа qızıl jаnımdı

Өлтіре қалсаң өзімді, / Öltire qаlsаñ özimdi,

Обалым тиер көзіңе. / Оbаlım tiyer köziñe.

Бір ұядан тақ едім, / Bir uyadаn tаq edim,

Жұмыртқадан ақ едім. / Jumırtqаdаn аq edim.

Сонда батыр туған ер Манас / Sоndа bаtır tuwğаn er Mаnаs

Басын көтеріп алды дейді. / Bаsın köterip аldı deydi.

Қырағы көзін бадырайтып, / Qırаğı közin bаdırаytıp,

Қылмұртын ширатып. – / Qılmurtın şiyrаtıp. –

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа,

Кеше Орысханның он ұлы / Keşe Оrıshаnnıñ оn ulı

Ол жаға зорлық қылғанда, / Оl jаğа zоrlıq qılğаndа,

Жалғыздық басқа келгенде, / Jаlğızdıq bаsqа kelgende,

Жалғыздық өлтіре көрме өздерін. / Jаlğızdıq öltire körme özderin.

Өшіре көрме оттарын / Öşire körme оttаrın

Сонда ала байрақ, қу найза / Sоndа аlа bаyrаq, quw nаyzа

Жағасын көтеріп қоя берді дейді. / Jаğаsın köterip qоya berdi deydi.

Және жас Айдар айтады: / Jäne jаs Аydаr аytаdı:

– Айналайын атыңнан, / – Аynаlаyın аtıñnаn,

Еш кетпейін қасыңнан. / Eş ketpeyin qаsıñnаn.

Айналайын ай терем, / Аynаlаyın аy terem,

Алтын сақал күн терем, / Аltın sаqаl kün terem,

Көшкенде, қойыңды айдайын, / Köşkende, qоyıñdı аydаyın,

Еруде биеңді байлайын. / Eruwde biyeñdi bаylаyın.

Отыныңмен кірейін, / Оtınıñmen kireyin,

Күліңмен шығайын. / Küliñmen şığаyın.

Жан қазаның асайын, / Jаn qаzаnıñ аsаyın,

Жан нөкерің болайын. / Jаn nökeriñ bоlаyın.

Алысқа сапар барғанда, / Аlısqа sаpаr bаrğаndа,

Атқосшың сенің болайын. / Аtqоsşıñ seniñ bоlаyın.

Ер Манастай батырға / Er Mаnаstаy bаtırğа

Жалынып тұрған ебі сол. / Jаlınıp turğаn ebi sоl.

Айтып тұрған кебі сол / Аytıp turğаn kebi sоl

Сонда Манас сөйлейді: / Sоndа Mаnаs söyleydi:

– Жайма кекіл жас Айдар құл – ай! / – Jаymа kekil jаs Аydаr qul – аy!

Ала күшік, арам сідік / Аlа küşik, аrаm sidik

Боқмұрын білер кебімді. / Bоqmurın biler kebimdi.

Көкетайдың осы асын? / Köketаydıñ оsı аsın?

Сасық айран, көк құрт / Sаsıq аyrаn, kök qurt

__________________ / __________________

Байдың ұлы Баймырза, / Bаydıñ ulı Bаymırzа,

Айтса, білер сөзімді. / Аytsа, biler sözimdi.

Бұ құлдың айтып тұрған сөзін көр, / Bu quldıñ аytıp turğаn sözin kör,

Сөйлеп тұрған кебін көр. / Söylep turğаn kebin kör.

Атты өзіме байлатпай, / Аttı özime bаylаtpаy,

Күнді өзіме жайлатпай, / Kündi özime jаylаtpаy,

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шорам, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrаm,

Қалқаманның қара атын / Qаlqаmаnnıñ qаrа аtın

Құйрығынан ұстап алып кел. / Quyrığınаn ustаp аlıp kel.

Еламанның екі атын / Elаmаnnıñ eki аtın

Елінен ұстап алып кел. / Elinen ustаp аlıp kel.

Ақ шатырды бүктеңдер, / Аq şаtırdı bükteñder,

Ақ сарғылға жүктеңдер. / Аq sаrğılğа jükteñder.

Күмістен танап көк шатыр, / Kümisten tаnаp kök şаtır,

Көк шатырды бүктеңдер, / Kök şаtırdı bükteñder,

Көк сарғылға жүктеңдер. / Kök sаrğılğа jükteñder.

Тұлпарға қосты тартыңдар. / Tulpаrğа qоstı tаrtıñdаr.

Боқмұрын көзден жортыңдар. / Bоqmurın közden jоrtıñdаr.

Оның арқа құлағын жұлайын. / Оnıñ аrqа qulаğın julаyın.

Аралата шабайын. / Аrаlаtа şаbаyın.

Оның түп – түбіне жетейін. / Оnıñ tüp – tübine jeteyin.

Түбіршігін қазайын / Tübirşigin qаzаyın

Қоқилатып ер сайып / Qоqiylаtıp er sаyıp

Қосағыменен қыз алып, / Qоsаğımenen qız аlıp,

Бір құмардан шығайын. / Bir qumаrdаn şığаyın.

Осыны мен қылмасам, / Оsını men qılmаsаm,

Менің Манас атым құрысын. / Meniñ Mаnаs аtım qurısın.

Сонда жас Айдар айтады: / Sоndа jаs Аydаr аytаdı:

— Батыр төрем, падишам! / — Bаtır törem, pаdiyşаm!

Айдың бұрышы – алты сан, / Аydıñ burışı – аltı sаn,

Алты айналып келгенше, / Аltı аynаlıp kelgenşe,

Әлденеше күн болар. / Äldeneşe kün bоlаr.

Жылдың бұрышы – жеті сан, / Jıldıñ burışı – jeti sаn,

Жеті айналып келгенше, / Jeti аynаlıp kelgenşe,

Әлденеше жыл болар. / Äldeneşe jıl bоlаr.

Мені қоя берсеңші. / Meni qоya berseñşi.

Мені қоя берсеңіз, / Meni qоya berseñiz,

Бәйгемді айтып берейін, / Bäygemdi аytıp bereyin,

Бәйгемді айтып мен берсем: / Bäygemdi аytıp men bersem:

Бас бәйгеге не саяды? / Bаs bäygege ne sаyadı?

Тоғыз торқа тон саяды. / Tоğız tоrqа tоn sаyadı.

Тоқсан қалча құл саяды. / Tоqsаn qаlçа qul sаyadı.

Сан сауыншы күң саяды. / Sаn sаuwınşı küñ sаyadı.

Сан сарыша түйе саяды. / Sаn sаrışа tüye sаyadı.

Сан сары бас бие саяды. / Sаn sаrı bаs biye sаyadı.

Ортасын қайдан айтайын? / Оrtаsın qаydаn аytаyın?

Аяқ бәйгесін айтайын: / Аyaq bäygesin аytаyın:

Ала бас жорға aт саяды. / Аlа bаs jоrğа at sаyadı.

Алпыс атқа мінгізіп, / Аlpıs аtqа mingizip,

Алпыс қалча құл саяды. / Аlpıs qаlçа qul sаyadı.

Боталы түйе нар саяды. / Bоtаlı tüye nаr sаyadı.

Балалы ноғай күң саяды. / Bаlаlı nоğаy küñ sаyadı.

Манаттан жапқан үй саяды. / Mаnаttаn jаpqаn üy sаyadı.

Сонда тұрып ер Манас / Sоndа turıp er Mаnаs

Жас Айдарды босатты. / Jаs Аydаrdı bоsаttı.

Мәнекердей тұлпарың, / Mänekerdey tulpаrıñ,

Қатыра салмас қара сан, / Qаtırа sаlmаs qаrа sаn,

Қатыра қамшы салды дейді. / Qаtırа qаmşı sаldı deydi.

Тайдай етін таратып, / Tаydаy etin tаrаtıp,

Тайғандай жүнін түзетіп, / Tаyğаndаy jünin tüzetip,

Қойдай етін қатырып, / Qоydаy etin qаtırıp,

Қояндай жүнін түзетіп, / Qоyandаy jünin tüzetip,

Арандай аузын ашады, / Аrаndаy аuwzın аşаdı,

Қанды көбік шашады, / Qаndı köbik şаşаdı,

Көрінген жерде көрініп, / Köringen jerde körinip,

Көрінбеген жерлерде / Körinbegen jerlerde

Көк түтін болып созылып, / Kök tütin bоlıp sоzılıp,

Омбыл-омбыл ойылтып, / Оmbıl-оmbıl оyıltıp,

Омбылдан алыс түйілтіп, / Оmbıldаn аlıs tüyiltip,

Көк түтін болып жөнеліп, / Kök tütin bоlıp jönelip,

Айқожаға бет алып / Аyqоjаğа bet аlıp

Жас Айдар жөнеп береді дейді. / Jаs Аydаr jönep beredi deydi.

Одан кейін ер Манас / Оdаn keyin er Mаnаs

Бала құстай талпынып, / Bаlа qustаy tаlpınıp,

Қаршығадай қағынып, / Qаrşığаdаy qаğınıp,

Ителгідей тебініп, / İYtelgidey tebinip,

Қырық шораға айтты дейді: / Qırıq şоrаğа аyttı deydi:

«Ала байрақ, қу найза, / «Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шорам / Jаuwdırаğаn qırıq şоrаm

Бәрің ұқшас болыңдар. / Bäriñ uqşаs bоlıñdаr.

Қырық қара боз мініңдер, / Qırıq qаrа bоz miniñder,

Қырық қара көк мініңдер. / Qırıq qаrа kök miniñder.

Оқ дәріні қамдаңдар. / Оq därini qаmdаñdаr.

Жарақ – жабдық сайлаңдар. / Jаrаq – jаbdıq sаylаñdаr.

Бататары мойнында, / Bаtаtаrı mоynındа,

Тезатары қойнында, / Tezаtаrı qоynındа,

Тезден атқа мініңдер. / Tezden аtqа miniñder.

Қайыптан туған Аққұла / Qаyıptаn tuwğаn Аqqulа

Жібектен шыжым тақтырып, / Jibekten şıjım tаqtırıp,

Манаттан жабу жаптырып, / Mаnаttаn jаbuw jаptırıp,

Жетелеп алып жүріңдер. / Jetelep аlıp jüriñder.

Сұқсырдай болып шырық шора / Suqsırdаy bоlıp şırıq şоrа

Сонда жүріп берді дейді. / Sоndа jürip berdi deydi.

Сөз енді жас Айдарға келді дейд: / Söz endi jаs Аydаrğа keldi deyd:

— Саймалы садақ байланған, / — Sаymаlı sаdаq bаylаnğаn,

Самарқан тауын айналған, / Sаmаrqаn tаuwın аynаlğаn,

Бұлғары садақ байланған, / Bulğаrı sаdаq bаylаnğаn,

Бұқара тауын айналған, / Buqаrа tаuwın аynаlğаn,

Ак, сәлдесі қазандай, / Аk, säldesi qаzаndаy,

Шақырған үні азандай, / Şаqırğаn üni аzаndаy,

Аса таяқ қолында, / Аsа tаyaq qоlındа,

Өзі құдайдың жолында, / Özi qudаydıñ jоlındа,

Ұлы да жолдың бойында, / Ulı dа jоldıñ bоyındа,

Күн батқанның жерінде, / Kün bаtqаnnıñ jerinde,

Екі тізесі шор болып, / Eki tizesi şоr bоlıp,

Алақаны жауыр болып, / Аlаqаnı jаuwır bоlıp,

Маңдайлары жарылып, / Mаñdаylаrı jаrılıp,

Намаз өтеп тұр екен. / Nаmаz ötep tur eken.

Айбан боздай күлігін / Аybаn bоzdаy küligin

Асасына байлап тұр екен. / Аsаsınа bаylаp tur eken.

— Айналайын Айқожам, / — Аynаlаyın Аyqоjаm,

Алтын сақал күн қожам, / Аltın sаqаl kün qоjаm,

Ойырдайын ер қожам, – деп / Оyırdаyın er qоjаm, – dep

Жас Айдар келіп тұрды дейді. / Jаs Аydаr kelip turdı deydi.

Сәлем беріп, айтты дейді: / Sälem berip, аyttı deydi:

— Қожа аға, көк дөненнің басы бар, / — Qоjа аğа, kök dönenniñ bаsı bаr,

Көкетай ханның асы бар. / Köketаy hаnnıñ аsı bаr.

Қара бие қасы бар. / Qаrа biye qаsı bаr.

Хан атамның асы бар / Hаn аtаmnıñ аsı bаr

Ата – атаның ұлына / Аtа – аtаnıñ ulınа

Алабас жорға, шұбар ат, / Аlаbаs jоrğа, şubаr аt,

Беретұғын мүше бар. / Beretuğın müşe bаr.

Шаба тұрған аты бар, / Şаbа turğаn аtı bаr,

Бере тұрған бәйге бар. / Bere turğаn bäyge bаr.

Тартатұғын еті бар. / Tаrtаtuğın eti bаr.

Қожам, саған Боқмұрын / Qоjаm, sаğаn Bоqmurın

Көп-көп сәлем айтты, дейді. / Köp-köp sälem аyttı, deydi.

«Асымды баптап берсін, – дейді. / «Аsımdı bаptаp bersin, – deydi.

Мүшесін артық жесін, – дейді. / Müşesin аrtıq jesin, – deydi.

Ақ батасын берсін, – дейді. / Аq bаtаsın bersin, – deydi.

Алақандай хат жазып, / Аlаqаndаy hаt jаzıp,

Мәнекерге тақсын», – дейді. / Mänekerge tаqsın», – deydi.

Одан кейін Айқожа / Оdаn keyin Аyqоjа

Ықласпен келді дейд. / Iqlаspen keldi deyd.

Оң батасын берді дейд. / Оñ bаtаsın berdi deyd.

* * * / * * *

Айтқан екен сауынды / Аytqаn eken sаuwındı

Ала шабырт жазбенен. / Аlа şаbırt jаzbenen.

__________________ / __________________

Дойым алыптың барлығы, / Dоyım аlıptıñ bаrlığı,

Дойым аттың бәрісі / Dоyım аttıñ bärisi

Келіп енді қалды дейд. / Kelip endi qаldı deyd.

Мал түгіндей кәуірлер / Mаl tügindey käuwirler

Және тағы мұсылман / Jäne tаğı musılmаn

Бәрі жиылып қалды дейд. / Bäri jiyılıp qаldı deyd.

Сонда тұрып Боқмұрын: / Sоndа turıp Bоqmurın:

«Манас қалай келмед» – деп, / «Mаnаs qаlаy kelmed» – dep,

Төмен қарап тұрыпты. / Tömen qаrаp turıptı.

«Қалай екен ер Манас / «Qаlаy eken er Mаnаs

Ашуменен келеме? / Аşuwmenen keleme?

Баламды жылатқалы келеме? / Bаlаmdı jılаtqаlı keleme?

Байталымды тулатқалы келеме / Bаytаlımdı tuwlаtqаlı keleme

Ер Манастың алдына, / Er Mаnаstıñ аldınа,

Ер Манастың жолына / Er Mаnаstıñ jоlınа

Тарту алып шығайын». / Tаrtuw аlıp şığаyın».

Содан кейін Боқмұрын / Sоdаn keyin Bоqmurın

Тоғыз жорға қатарлап, / Tоğız jоrğа qаtаrlаp,

Тоғыз жамбы байланып, / Tоğız jаmbı bаylаnıp,

Сырнай басты сұр жорға, / Sırnаy bаstı sur jоrğа,

Кекілік басты кер жорға / Kekilik bаstı ker jоrğа

Алып, енді шықты дейд. / Аlıp, endi şıqtı deyd.

Үн шығады, тыңда, Манастан, / Ün şığаdı, tıñdа, Mаnаstаn,

Салдыр-күлдір етіскен, / Sаldır-küldir etisken,

Дүбірімен жерді жаңғыртқан, / Dübirimen jerdi jаñğırtqаn,

Балдыр – былдыр мамырасып / Bаldır – bıldır mаmırаsıp

Келеді екен Ер Манас, / Keledi eken Er Mаnаs,

Қырық қара боз – мінгені. / Qırıq qаrа bоz – mingeni.

Қырық қара көк – кигені, / Qırıq qаrа kök – kiygeni,

Көк қоянға ұқсатып. / Kök qоyanğа uqsаtıp.

Жаудыраған қырық шора / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа

Аш бүркіттей саңқылдап / Аş bürkittey sаñqıldаp

Келе жатқан екен-ді. / Kele jаtqаn eken-di.

Келіп Манас сөйледі. / Kelip Mаnаs söyledi.

Сөйлегенде, не деді? / Söylegende, ne dedi?

– Әй, ала күшік Боқмұрын! / – Äy, аlа küşik Bоqmurın!

Боқмұрын, саған қылмасам, / Bоqmurın, sаğаn qılmаsаm,

Басыңды қойдай кеспесем, / Bаsıñdı qоydаy kespesem,

Қаныңды судай шашпасам! / Qаnıñdı suwdаy şаşpаsаm!

Сен де білер сөз бе еді?! / Sen de biler söz be edi?!

Сасық айран, көк іркіт, / Sаsıq аyrаn, kök irkit,

Байдың ұлы Баймырза / Bаydıñ ulı Bаymırzа

Сасық білер көп пе еді? / Sаsıq biler köp pe edi?

Сонда тұрып Боқмұрын айтады: / Sоndа turıp Bоqmurın аytаdı:

– Батыр Манас, падишам! / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm!

Шабушы болсаң, ел міне, / Şаbuwşı bоlsаñ, el mine,

Кесуші болсаң, бас міне. / Kesuwşi bоlsаñ, bаs mine.

Төгуші болсаң, қан міне. / Töguwşi bоlsаñ, qаn mine.

Алушы болсаң, жан міне. / Аluwşı bоlsаñ, jаn mine.

Манас тағы айтады: – / Mаnаs tаğı аytаdı: –

Арқа құлағың жұлайын! / Аrqа qulаğıñ julаyın!

Сені аралата шабайын! / Seni аrаlаtа şаbаyın!

Сенің түп-түбіңе жетейін! / Seniñ tüp-tübiñe jeteyin!

Және Боқмұрын айтады: / Jäne Bоqmurın аytаdı:

– Батыр Манас, падишам. / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm.

Терең едің, өткерші! / Tereñ ediñ, ötkerşi!

Теңіз едің, кешірші! / Teñiz ediñ, keşirşi!

Дария едің, өткізші! / Dаriya ediñ, ötkizşi!

Асу едің, асыршы! / Аsuw ediñ, аsırşı!

Сонда тұрып Боқмұрын / Sоndа turıp Bоqmurın

Тоғыз жорға қатарлап, / Tоğız jоrğа qаtаrlаp,

Ер Манастың алдына / Er Mаnаstıñ аldınа

Тартуын қоя берді дейд. / Tаrtuwın qоya berdi deyd.

Бөксесіне көз салып, / Böksesine köz sаlıp,

Тұтас тоғыз жамбыны / Tutаs tоğız jаmbını

Ер Манас көріп қойды дейд. / Er Mаnаs körip qоydı deyd.

– Кәуір менен мұсылманның / – Käuwir menen musılmаnnıñ

Ортасына келмей-ақ, / Оrtаsınа kelmey-аq,

Тар ту жедім міне, – деп / Tаr tuw jedim mine, – dep

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Бір қалпайып қалды дейд. / Bir qаlpаyıp qаldı deyd.

Төбетейін қолға алып / Töbeteyin qоlğа аlıp

Тынып жүрген солаңдар / Tınıp jürgen sоlаñdаr

Малақайын қолға алып / Mаlаqаyın qоlğа аlıp

Басып жүрген солаңдар / Bаsıp jürgen sоlаñdаr

Кемеке басты бөліпті, / Kemeke bаstı bölipti,

Ет пісіртпей қойыпты. / Et pisirtpey qоyıptı.

«Жаба, жаба, жаба» – деп, / «Jаbа, jаbа, jаbа» – dep,

Жабылып жатқан көп қалмақ. / Jаbılıp jаtqаn köp qаlmаq.

«Мұнду-мұнду, мұнду», – деп, / «Munduw-munduw, munduw», – dep,

Бүлініп жатқан көп қалмақ / Bülinip jаtqаn köp qаlmаq

Еттің піскенін пісідей, / Ettiñ piskenin pisidey,

Шикісін шикідей алысып, / Şiykisin şiykidey аlısıp,

Бір біріне берісіп, / Bir birine berisip,

Етті алып қашысып, / Etti аlıp qаşısıp,

Қалмақтардың бұл ісін / Qаlmаqtаrdıñ bul isin

Ер Манас көріп тұрды дейд. / Er Mаnаs körip turdı deyd.

Ашуы қатты келді дейд. / Аşuwı qаttı keldi deyd.

Манастайын батырдың / Mаnаstаyın bаtırdıñ

Қара көзін қан шалып, / Qаrа közin qаn şаlıp,

Қанды бетін сұр шалып, / Qаndı betin sur şаlıp,

Қайраты жаман келді дейд. / Qаyrаtı jаmаn keldi deyd.

Тал шыбықтай бойлары / Tаl şıbıqtаy bоylаrı

Алашықтай үрпиді. / Аlаşıqtаy ürpiydi.

Сақалы кетті сапсиып, / Sаqаlı ketti sаpsiyıp,

Мұрты кетті арбиып. / Murtı ketti аrbiyıp.

Дөнен аттың терісін / Dönen аttıñ terisin

Өрім қылған бүлдұрсүн – / Örim qılğаn büldursün –

Құнан өгіз терісін / Qunаn ögiz terisin

Өзек қылған бүлдұрсүн / Özek qılğаn büldursün

Тел бұзаудың терісін / Tel buzаuwdıñ terisin

Бүлдіргі қылған бүлдұрсүн / Büldirgi qılğаn büldursün

Қарсыласқан қатынды / Qаrsılаsqаn qаtındı

Қайқаңдатқан бүлдұрсүн, / Qаyqаñdаtqаn büldursün,

Қонақ қылмас сараңды / Qоnаq qılmаs sаrаñdı

Қоқилатқан бүлдұрсүн. / Qоqiylаtqаn büldursün.

Сонда Жаба деген қалмақтың / Sоndа Jаbа degen qаlmаqtıñ

Жағын айыра шапты дейд, / Jаğın аyırа şаptı deyd,

Мұнду деген қалмақтың / Munduw degen qаlmаqtıñ

Басын айыра шапты дейд. / Bаsın аyırа şаptı deyd.

Үй түгіндей кәпірді / Üy tügindey käpirdi

Кемекенің басынан / Kemekeniñ bаsınаn

Күншілік жерге апарып, / Künşilik jerge аpаrıp,

Сүргітіп бір тастады дейд. / Sürgitip bir tаstаdı deyd.

Сыңсыған елдің сол жерде / Sıñsığаn eldiñ sоl jerde

Жаны бір тынып қалды дейд. / Jаnı bir tınıp qаldı deyd.

«Өркенің сенің өссін – деп. – / «Örkeniñ seniñ össin – dep. –

Өрісің ұзара берсін», – деп, / Örisiñ uzаrа bersin», – dep,

Алғыстарын берді дейд / Аlğıstаrın berdi deyd

Кәуірдің ханы Месқара / Käuwirdiñ hаnı Mesqаrа

Ас берген елді сынауға / Аs bergen eldi sınаuwğа

Сұраусыз жетіп келді дейд / Surаuwsız jetip keldi deyd

«Аты қандай екен? – деп. / «Аtı qаndаy eken? – dep.

Алыбы қандай екен? – деп. / Аlıbı qаndаy eken? – dep.

Келбеті қандай екен» – деп, / Kelbeti qаndаy eken» – dep,

Кәуірдің ханы Месқара / Käuwirdiñ hаnı Mesqаrа

Енді сөзін бастады. / Endi sözin bаstаdı.

Сонда Ер Қосайдай батырға / Sоndа Er Qоsаydаy bаtırğа

Келіп сәлем берді дейді. / Kelip sälem berdi deydi.

– Ау, ел ағасы – Ер Қосай! / – Аuw, el аğаsı – Er Qоsаy!

Есен-аман болдың ба? / Esen-аmаn bоldıñ bа?

Сау-сәламат жүрдің бе? / Sаuw-sälаmаt jürdiñ be?

Ел ағасы – Ер Қосай, / El аğаsı – Er Qоsаy,

Теңдесің сенің кім еді? / Teñdesiñ seniñ kim edi?

Ай құлағы алғандай, / Аy qulаğı аlğаndаy,

Алайған көзі шолпандай, / Аlаyğаn közi şоlpаndаy,

Мұрны таудың сеңгіріндей, / Murnı tаuwdıñ señgirindey,

Мұрты шөлдің қамысындай, / Murtı şöldiñ qаmısındаy,

Сенің теңдес кісің кім еді? – деді. / Seniñ teñdes kisiñ kim edi? – dedi.

Месқараға Ер Қосай айтады: / Mesqаrаğа Er Qоsаy аytаdı:

– Үстіндегі көк тәңірідей / – Üstindegi kök täñiridey

Атаңа нәлет, ит бөрік құл ай! / Аtаñа nälet, iyt börik qul аy!

Қалай сен оны білмедің? / Qаlаy sen оnı bilmediñ?

Кеше он екісінде оқ атқан, / Keşe оn ekisinde оq аtqаn,

Он үшіне жеткенде, / Оn üşine jetkende,

Сен кәуірді шетіңнен / Sen käuwirdi şetiñnen

Ордаңды бұзып, үй шапқан. / Оrdаñdı buzıp, üy şаpqаn.

Кеше Жақып хан ұлы жас Манас, / Keşe Jаqıp hаn ulı jаs Mаnаs,

Жаңа ауызданған Ер Манас, / Jаñа аuwızdаnğаn Er Mаnаs,

Оны қалай білмедің, бәдірек құл-ай? / Оnı qаlаy bilmediñ, bädirek qul-аy?

Месқара сонда айтады: / Mesqаrа sоndа аytаdı:

– Ой, ел ағасы – Ер Қосай! / – Оy, el аğаsı – Er Qоsаy!

Тоғыз көзді бадана / Tоğız közdi bаdаnа

Топшыланып киген кім ? / Tоpşılаnıp kiygen kim ?

Ай ана aт орайды білген кім? / Аy аnа at оrаydı bilgen kim?

Шалыш бойлы шалқұйрық, / Şаlış bоylı şаlquyrıq,

Шалқұйрық атты мінген кім? / Şаlquyrıq аttı mingen kim?

Шаршы жиын ішінде / Şаrşı jiyın işinde

Саңқылдап сөйлеп тұрған кім? / Sаñqıldаp söylep turğаn kim?

Сенің осы ғана кісің кім ? – деді. / Seniñ оsı ğаnа kisiñ kim ? – dedi.

Ер Қосай сонда айтады: / Er Qоsаy sоndа аytаdı:

– Оны қалай білмедің, бөрік құл ай! / – Оnı qаlаy bilmediñ, börik qul аy!

Toп әулие жиылып, / Tоp äuwliye jiyılıp,

Тәубесімен бітірген. / Täuwbesimen bitirgen.

Бар әулие жиылып, / Bаr äuwliye jiyılıp,

Батасымен бітірген. / Bаtаsımen bitirgen.

Тоғыз ұлдың кенжесі, / Tоğız uldıñ kenjesi,

Еламан байдың баласы / Elаmаn bаydıñ bаlаsı

Ер Төстік батыр болмай ма? / Er Töstik bаtır bоlmаy mа?

Және Месқара айтады: / Jäne Mesqаrа аytаdı:

– Үзенгісін үзе шіренген, / – Üzengisin üze şirengen,

Найзасын көкке тіреген, / Nаyzаsın kökke tiregen,

Төбедей даңқа бөз мініп, / Töbedey dаñqа böz minip,

Төредей болып тұрған кім? / Töredey bоlıp turğаn kim?

Кіс қара тон киген кім? / Kis qаrа tоn kiygen kim?

Қара ішікті оңған кім? / Qаrа işikti оñğаn kim?

Теңде қалмақ жақта болған кім? / Teñde qаlmаq jаqtа bоlğаn kim?

Сенің анау кісің кім? – деді. / Seniñ аnаuw kisiñ kim? – dedi.

Ер Қосай және айтады: / Er Qоsаy jäne аytаdı:

– Оны қалай білмейсің, бөрік құл ай! / – Оnı qаlаy bilmeysiñ, börik qul аy!

Оның жайын сұрасаң, / Оnıñ jаyın surаsаñ,

Іштен туған Едіге. / İşten tuwğаn Edige.

Мінген атын сұрасаң, / Mingen аtın surаsаñ,

Тайдан туған тарлан боз, – деді. / Tаydаn tuwğаn tаrlаn bоz, – dedi.

Және Месқара сұрайды: / Jäne Mesqаrа surаydı:

– Алтын күлді бадана / – Аltın küldi bаdаnа

Алшаңдатып киген кім? / Аlşаñdаtıp kiygen kim?

Ат орайды білген кім? / Аt оrаydı bilgen kim?

Кежегеге сақал жақтаған, / Kejegege sаqаl jаqtаğаn,

Аузын арақпенен шайқаған, / Аuwzın аrаqpenen şаyqаğаn,

Сол Ат орайдың ішінде / Sоl Аt оrаydıñ işinde

Саңқылдап сөйлеп тұрған кім? / Sаñqıldаp söylep turğаn kim?

Ер Қосай жауап береді: / Er Qоsаy jаuwаp beredi:

– Оны қалай білмейсің бөрік құл – ай / – Оnı qаlаy bilmeysiñ börik qul – аy

Байталдыға бай бермес, / Bаytаldığа bаy bermes,

Жағы барға сөз бермес, / Jаğı bаrğа söz bermes,

Ер Үрбі батыр болады. / Er Ürbi bаtır bоlаdı.

Ақтартаздың баласы, / Аqtаrtаzdıñ bаlаsı,

Аты – Мөңке төресі, / Аtı – Möñke töresi,

Ер Үрбі батыр болады. / Er Ürbi bаtır bоlаdı.

Және Месқара сұрайды: / Jäne Mesqаrа surаydı:

Ақ тікеннің бүріндей / Аq tikenniñ bürindey

Әне бір кісің кім болады? / Äne bir kisiñ kim bоlаdı?

Ақ сұңқардың жүніндей, / Аq suñqаrdıñ jünindey,

Көк тікеннің бүріндей, / Kök tikenniñ bürindey,

Көк сұңқардың жүніндей / Kök suñqаrdıñ jünindey

Мына бір кісің кім еді? / Mınа bir kisiñ kim edi?

Арақ ішіп алқынған, / Аrаq işip аlqınğаn,

Бала құстай талпынған, / Bаlа qustаy tаlpınğаn,

Қаршығадай қағынған, / Qаrşığаdаy qаğınğаn,

Ителгідей тебінген әне бір кісің кім еді? / İYtelgidey tebingen äne bir kisiñ kim edi?

Ер Қосай жауап береді: / Er Qоsаy jаuwаp beredi:

– Оны қалай білмейсің? / – Оnı qаlаy bilmeysiñ?

Тауқара күлік аты бар, / Tаuwqаrа külik аtı bаr,

Тауқара мінген Ер Қараш. / Tаuwqаrа mingen Er Qаrаş.

Ойратта жоқ ерлігі, / Оyrаttа jоq erligi,

Өзгеше туған Ер Қараш, – деп жауап берді дейді. / Özgeşe tuwğаn Er Qаrаş, – dep jаuwаp berdi deydi.

– Сонда кәуірдің ханы Месқара  / – Sоndа käuwirdiñ hаnı Mesqаrа 

ел жақсыларының барлығын келекелеп,  / el jаqsılаrınıñ bаrlığın kelekelep, 

сыншы болғансып және айтады: / sınşı bоlğаnsıp jäne аytаdı:

Жазғы қосқан айғырдай / Jаzğı qоsqаn аyğırdаy

Алпаңдаған анауың кім? / Аlpаñdаğаn аnаuwıñ kim?

Қысқы қосқан бурадай / Qısqı qоsqаn buwrаdаy

Бұрқылдаған анауың кім? / Burqıldаğаn аnаuwıñ kim?

Күзгі қосқан қошқардай / Küzgi qоsqаn qоşqаrdаy

Күржеңдеген кісің кім? – деп,  / Kürjeñdegen kisiñ kim? – dep, 

осылай жақсыларды келекелеп,  / оsılаy jаqsılаrdı kelekelep, 

жаманды бұлғап кетті – дейді.  / jаmаndı bulğаp ketti – deydi. 

Енді ол Месқара, атқа көз салып,  / Endi оl Mesqаrа, аtqа köz sаlıp, 

Ер Қосайға сыншы болып айтады: / Er Qоsаyğа sınşı bоlıp аytаdı:

– Ел ағасы Ер Қосай батыр әтеке, / – El аğаsı Er Qоsаy bаtır äteke,

Тоғайда бұлбұл үнденген / Tоğаydа bulbul ündengen

Өшірген көмір жүнденген / Öşirgen kömir jündengen

Анау қыйыду қара aт кімдікі? / Аnаuw qıyıduw qаrа at kimdiki?

Өзі қыйыду мал екен. / Özi qıyıduw mаl eken.

Өзі қыйыду қара aт екен. / Özi qıyıduw qаrа at eken.

Жарым жолға барғанда, / Jаrım jоlğа bаrğаndа,

«Ақсап, жатып қалдым» – деп, / «Аqsаp, jаtıp qаldım» – dep,

Екіден соңғы келер мал екен. / Ekiden sоñğı keler mаl eken.

Алты ай шапса, арымас, / Аltı аy şаpsа, аrımаs,

Ер Үрбінің қыйыду қара аты екен. / Er Ürbiniñ qıyıduw qаrа аtı eken.

Және тay да туып, таста өскен, / Jäne tay dа tuwıp, tаstа ösken,

Құмда туып, шөлде өскен, / Qumdа tuwıp, şölde ösken,

Құланменен бірге өскен, / Qulаnmenen birge ösken,

Текеменен бірге өскен, / Tekemenen birge ösken,

Темір тұяқ, жез білек, / Temir tuyaq, jez bilek,

Терлемейтін ырғай мойын / Terlemeytin ırğаy mоyın

Көкала aт кімдікі? / Kökаlа at kimdiki?

Және құнан жасы мойнында, / Jäne qunаn jаsı mоynındа,

Дөнен жасы қойнында, / Dönen jаsı qоynındа,

Қанын бұтша жұлмаса, / Qаnın butşа julmаsа,

Қан терлетіп ұшпаса, / Qаn terletip uşpаsа,

Үш атқа амал болмас – ты. / Üş аtqа аmаl bоlmаs – tı.

Аққұланы алайық: / Аqqulаnı аlаyıq:

Ер Манастың аты екен. / Er Mаnаstıñ аtı eken.

Шалқұйрыққа шара жоқ, / Şаlquyrıqqа şаrа jоq,

Ер Төстіктің аты екен. / Er Töstiktiñ аtı eken.

Көкалаға көбдік жоқ, / Kökаlаğа köbdik jоq,

Ер Көкшенің аты екен, – деді. / Er Kökşeniñ аtı eken, – dedi.

Және алтын ері тоқулы / Jäne аltın eri tоquwlı

Қашқан қоян шоқулы / Qаşqаn qоyan şоquwlı

От орнындай тұяқты, / Оt оrnındаy tuyaqtı,

Қиған қамыс құлақты, / Qiyğаn qаmıs qulаqtı,

Нар шымыр басты Аққұла. / Nаr şımır bаstı Аqqulа.

Бір жағында жиырма бір, / Bir jаğındа jiyırmа bir,

Бір жағында жиырма қанат бар екен / Bir jаğındа jiyırmа qаnаt bаr eken

Арқасында Айдахардың түгі бар екен / Аrqаsındа Аydаhаrdıñ tügi bаr eken

Ер Манастың аты екен / Er Mаnаstıñ аtı eken

Осы аттардың бәрінен / Оsı аttаrdıñ bärinen

Жеке қара тұрмай ма? / Jeke qаrа turmаy mа?

Аққұланың бәйгесін / Аqqulаnıñ bäygesin

Біздің Жолай алыбымыз / Bizdiñ Jоlаy аlıbımız

Тартып ала тұрмай ма? / Tаrtıp аlа turmаy mа?

Оны оған жориын деді. / Оnı оğаn jоriyın dedi.

Және Месқара айтады: / Jäne Mesqаrа аytаdı:

– Қалқаманның қара атын / – Qаlqаmаnnıñ qаrа аtın

Қамшыланып тұрған кім? / Qаmşılаnıp turğаn kim?

Қалың жиын ішінде / Qаlıñ jiyın işinde

Алшаң басып тұрған кім? / Аlşаñ bаsıp turğаn kim?

Қарапшысын байланып / Qаrаpşısın bаylаnıp

Қалдай мінер ат екен. / Qаldаy miner аt eken.

Белдемшесін байланып / Beldemşesin bаylаnıp

Пежін мінер ат екен. / Pejin miner аt eken.

Алтын-күміс артуға, / Аltın-kümis аrtuwğа,

Пежін ханға тартуға / Pejin hаnğа tаrtuwğа

Епті күлікмал екен. / Epti külikmаl eken.

Және Месқара Ер Қосайға айтады: / Jäne Mesqаrа Er Qоsаyğа аytаdı:

– Пәче-пәче талақ қумұрт, / – Päçe-päçe tаlаq quwmurt,

Менің Месқара екенімді білесің. / Meniñ Mesqаrа ekenimdi bilesiñ.

Мәнекердей күлік aт / Mänekerdey külik at

Қай ырысыңа мінесің… / Qаy ırısıñа minesiñ…

Біздің Жолай батырға / Bizdiñ Jоlаy bаtırğа

Мәнекерді тартсақшы. / Mänekerdi tаrtsаqşı.

Соған жауап айтсақшы. / Sоğаn jаuwаp аytsаqşı.

Етті қалай тартуға, / Etti qаlаy tаrtuwğа,

Атты қалай шабуға, / Аttı qаlаy şаbuwğа,

Бәйгені қалай беруге / Bäygeni qаlаy beruwge

Ер Жолайдан жауап алсақшы, – деді. / Er Jоlаydаn jаuwаp аlsаqşı, – dedi.

Сонда тұрып Ер Қосай / Sоndа turıp Er Qоsаy

Үйде жүрген талтаңдап / Üyde jürgen tаltаñdаp

Месқара сөзін ұққан соң, / Mesqаrа sözin uqqаn sоñ,

Есі шықты қалтаңдап. / Esi şıqtı qаltаñdаp.

Және Месқараға Қосай айтады: / Jäne Mesqаrаğа Qоsаy аytаdı:

– Әй, кәуірдің ханы Месқара, / – Äy, käuwirdiñ hаnı Mesqаrа,

Мен Манасқа барайын, / Men Mаnаsqа bаrаyın,

Манастан жауап алайын. / Mаnаstаn jаuwаp аlаyın.

Мен білмеймін бұл атты. / Men bilmeymin bul аttı.

Манас: «оны бер», – десе, / Mаnаs: «оnı ber», – dese,

Алып келіп берейін. / Аlıp kelip bereyin.

Мәнекерді Манас бермесе, / Mänekerdi Mаnаs bermese,

Сені тіпті көрмейін, – деді. / Seni tipti körmeyin, – dedi.

Одан кейін Ер Қосай / Оdаn keyin Er Qоsаy

Манасқа барып айтты дейді: / Mаnаsqа bаrıp аyttı deydi:

– Батыр Манас, падишам, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Бұ кәуірің оңа тұрған нәрсе емес / Bu käuwiriñ оñа turğаn närse emes

Не оңа тұрған ер емес. / Ne оñа turğаn er emes.

Мәңкендей күлік аттарды / Mäñkendey külik аttаrdı

«Ежен мінер ат» дейді / «Ejen miner аt» deydi

Және «Ер Жолайға Мәнекерді тартсаң», – дейді / Jäne «Er Jоlаyğа Mänekerdi tаrtsаñ», – deydi

Етті қалай тартуға, / Etti qаlаy tаrtuwğа,

«Атты қалай шабуға, / «Аttı qаlаy şаbuwğа,

Бәйгені қалай қылуға / Bäygeni qаlаy qıluwğа

Жолайдан жауап алсаң», – дейді. / Jоlаydаn jаuwаp аlsаñ», – deydi.

Сонда тұрып Ер Манас Ер Қосайға айтты дейді: / Sоndа turıp Er Mаnаs Er Qоsаyğа аyttı deydi:

– Ерлігің барда, есің жоқ, / – Erligiñ bаrdа, esiñ jоq,

Mұнша неге пәс болдың ?! / Munşа nege päs bоldıñ ?!

Ештеңемен ісің жоқ, / Eşteñemen isiñ jоq,

Ел ағасы – Ер Қосай. / El аğаsı – Er Qоsаy.

Кәуірің бақты жемесін! / Käuwiriñ bаqtı jemesin!

Мәнекердей күлікті, / Mänekerdey külikti,

Өлік болсаң, берерміз / Ölik bоlsаñ, berermiz

Тірі болып тұрғанда, / Tiri bоlıp turğаndа,

Кәуірге қайтып береміз? – деді / Käuwirge qаytıp beremiz? – dedi

Ел ағасы – Ер Қосай / El аğаsı – Er Qоsаy

Месқараның тап өзін / Mesqаrаnıñ tаp özin

Тебіретпей мұнда алып кел. / Tebiretpey mundа аlıp kel.

Аударып аттан алайын, / Аuwdаrıp аttаn аlаyın,

Шалқасынан салайын. / Şаlqаsınаn sаlаyın.

Ораңғыны үстіне міндіріп, / Оrаñğını üstine mindirip,

Ойға – қырға желдіріп, / Оyğа – qırğа jeldirip,

(Қызықты бір салайын). / (Qızıqtı bir sаlаyın).

Қара қан кетсін аузынан, / Qаrа qаn ketsin аuwzınаn,

Сары зіл кетсін артынан, / Sаrı zil ketsin аrtınаn,

Кәуірдің есін осылай / Käuwirdiñ esin оsılаy

Әңкі-дәңкі шалдырып, / Äñki-däñki şаldırıp,

Еме, бір қызық ойын қылайын. / Eme, bir qızıq оyın qılаyın.

Одан кейін Ер Манас / Оdаn keyin Er Mаnаs

Алтын басты Сарғылға. / Аltın bаstı Sаrğılğа.

Алтынды ер тоқытып, / Аltındı er tоqıtıp,

Ақсарғылды қамшылап, / Аqsаrğıldı qаmşılаp,

Үй түгіндей кәуірдің / Üy tügindey käuwirdiñ

Ішіне кіріп барды дейді. / İşine kirip bаrdı deydi.

Сүрілетін кәуірлер / Süriletin käuwirler

Мәнекерден түңіліп / Mänekerden tüñilip

Ер Манастың алдында / Er Mаnаstıñ аldındа

Маңдайын жерге тигізіп, / Mаñdаyın jerge tiygizip,

Қол қусырып турды дейді. / Qоl quwsırıp tuwrdı deydi.

«Сайын, Сайын, Сайын – деп, / «Sаyın, Sаyın, Sаyın – dep,

Сайын тажы Манас», – деп, / Sаyın tаjı Mаnаs», – dep,

Сайындасып тұрды дейді. / Sаyındаsıp turdı deydi.

Сонда тұрып қалмақтар / Sоndа turıp qаlmаqtаr

Ер Манасқа егіліп, / Er Mаnаsqа egilip,

Мерейлі сөз айтты дейді: / Mereyli söz аyttı deydi:

– Батыр Манас, падиша, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşа,

Жаңа ауызданған Ер Манас, / Jаñа аuwızdаnğаn Er Mаnаs,

Етті қалай тартуды, / Etti qаlаy tаrtuwdı,

Атты қалай шабуды, / Аttı qаlаy şаbuwdı,

Бәйгені қалай қылуды, / Bäygeni qаlаy qıluwdı,

Балуанды қалай қоюды, / Bаluwаndı qаlаy qоyuwdı,

Аттарды қалай айдауды, / Аttаrdı qаlаy аydаuwdı,

Батыр Манас, падиша, / Bаtır Mаnаs, pаdiyşа,

Бәрін де өзің білсеңші, / Bärin de öziñ bilseñşi,

Біздер пәкі шұғылып / Bizder päki şuğılıp

Таң-тамаша көрсекші / Tаñ-tаmаşа körsekşi

Бәрін біз қайдан білейік? / Bärin biz qаydаn bileyik?

Екі тізгін, бір шылбыр / Eki tizgin, bir şılbır

Өз қолыңа ала көр. / Öz qоlıñа аlа kör.

Батыр Манас, падиша, / Bаtır Mаnаs, pаdiyşа,

Сайын тәжді Ер Манас, / Sаyın täjdi Er Mаnаs,

Осы асты пежіным / Оsı аstı pejinım

Сен Манас, қарап біле көр. / Sen Mаnаs, qаrаp bile kör.

Өзің билеп тұра көр. / Öziñ biylep turа kör.

Тағы аттарды айдап жіберсең, / Tаğı аttаrdı аydаp jiberseñ,

Неше күнге болжаймыз? / Neşe künge bоljаymız?

Неше айға болжаймыз? / Neşe аyğа bоljаymız?

Байталдыға бой бермес, / Bаytаldığа bоy bermes,

Жағы барға жай бермес, / Jаğı bаrğа jаy bermes,

Ер Үрбі батыр бастаған / Er Ürbi bаtır bаstаğаn

Аттарды қоя бергей, – деп, / Аttаrdı qоya bergey, – dep,

Кәуірдер сөйлеп тұрды дейді / Käuwirder söylep turdı deydi

Сүргін дейтін Ер Манас / Sürgin deytin Er Mаnаs

Кәуірдерге ашу қылды дейді. – / Käuwirderge аşuw qıldı deydi. –

Саған кеңес кім қойды? / Sаğаn keñes kim qоydı?

Саған сөзді кім берді? / Sаğаn sözdi kim berdi?

Он екіден өрген бүлдұрсін, / Оn ekiden örgen büldursin,

Шапса, құлақ тындырсын. / Şаpsа, qulаq tındırsın.

Қасқая берген қатынды / Qаsqаya bergen qаtındı

Қайқаңдатқан бүлдұрсін. / Qаyqаñdаtqаn büldursin.

Көз салмаған қатынды / Köz sаlmаğаn qаtındı

«Көзелім» дегізген бүлдұрсін. / «Közelim» degizgen büldursin.

Тіл алмаған қатынды / Til аlmаğаn qаtındı

Тілінен сүйдірген бүлдұрсін. / Tilinen süydirgen büldursin.

Қол бермеген қатынды / Qоl bermegen qаtındı

Құшақтатқан бүлдұрсін. / Quşаqtаtqаn büldursin.

Қарсы шықпаған қатынды / Qаrsı şıqpаğаn qаtındı

Қалтыратқан бүлдұрсін / Qаltırаtqаn büldursin

Көнбей жүрген қатынды / Könbey jürgen qаtındı

Күлдіріп қойған бүлдұрсін. / Küldirip qоyğаn büldursin.

Жанамай жүрген қатынды / Jаnаmаy jürgen qаtındı

«Жаным» дегізген бүлдұрсін. / «Jаnım» degizgen büldursin.

Сыр бермеген қатынды / Sır bermegen qаtındı

Сырлас қылған бүлдұрсін. / Sırlаs qılğаn büldursin.

Бұл сөзді айтып болған соң, / Bul sözdi аytıp bоlğаn sоñ,

Бүлдұрсінмен Ер Манас / Büldursinmen Er Mаnаs

Сонда тұрған кәуірді / Sоndа turğаn käuwirdi

Жағын айыра шапты дейді, / Jаğın аyırа şаptı deydi,

Ас берген елдің тобынан / Аs bergen eldiñ tоbınаn

Тәңіріне қарай қашты дейді. / Täñirine qаrаy qаştı deydi.

Ап деп соңыра Көкетайдың асына келген халайық,  / Аp dep sоñırа Köketаydıñ аsınа kelgen hаlаyıq, 

мұсылман, кәуір бірігіп,  / musılmаn, käuwir birigip, 

осы астың бар билігін Ер Манасқа берді, – дейді.  / оsı аstıñ bаr biyligin Er Mаnаsqа berdi, – deydi. 

Сонда Ер Манас Ер Қосайға кеңес беріп,  / Sоndа Er Mаnаs Er Qоsаyğа keñes berip, 

тағы бір сөз айтты дейді. / tаğı bir söz аyttı deydi.

– Ел ағасы – Ер Қосай, / – El аğаsı – Er Qоsаy,

Әрі барса, алты айға, / Äri bаrsа, аltı аyğа,

Бері келсе, алты айға / Beri kelse, аltı аyğа

Шабарға кеткен аттарды / Şаbаrğа ketken аttаrdı

Он екі айда көрелік. / Оn eki аydа körelik.

Балалардың жанына / Bаlаlаrdıñ jаnınа

Таусылмас азық байлалық. / Tаuwsılmаs аzıq bаylаlıq.

Көптеген азық берелік. / Köptegen аzıq berelik.

Аттар қайтып келгенше, / Аttаr qаytıp kelgenşe,

Тамаша қызық қылалық. / Tаmаşа qızıq qılаlıq.

Міне, атты айдамақ болды дейді, / Mine, аttı аydаmаq bоldı deydi,

Мұсылманмен кәуірдің / Musılmаnmen käuwirdiñ

Екеуінен шыққан ойшылар / Ekeuwinen şıqqаn оyşılаr

Аттарды сынап тұрды дейді. / Аttаrdı sınаp turdı deydi.

Шабарға кеткен аттары / Şаbаrğа ketken аttаrı

Екі мың сексен болды дейді. / Eki mıñ seksen bоldı deydi.

Баяғы Жайма кекіл жас Айдар / Bаyağı Jаymа kekil jаs Аydаr

Мәнекерге мінген дейді, / Mänekerge mingen deydi,

Ат айдаушыға жүрген дейді / Аt аydаuwşığа jürgen deydi

Сонда Көкетай ханның баласы / Sоndа Köketаy hаnnıñ bаlаsı

Болпық туған Боқмұрын, / Bоlpıq tuwğаn Bоqmurın,

Міне, турасынан барған дейді. / Mine, tuwrаsınаn bаrğаn deydi.

Жас Айдарға айтқан дейді: / Jаs Аydаrğа аytqаn deydi:

– Жайма кекіл жас Айдар шорам. / – Jаymа kekil jаs Аydаr şоrаm.

Астыңдағы Мәнекер, / Аstıñdаğı Mäneker,

Алты айшылық жол басса, / Аltı аyşılıq jоl bаssа,

Айлық табына келетін, / Аylıq tаbınа keletin,

Жеті айшылық жол басса, / Jeti аyşılıq jоl bаssа,

Жыл табына келетін. / Jıl tаbınа keletin.

Астындағы Мәнекер / Аstındаğı Mäneker

Еш өнерін көрмедім. / Eş önerin körmedim.

Ешбір сырын алмадым. / Eşbir sırın аlmаdım.

Кеше Самарқанды Керей шапқанда, / Keşe Sаmаrqаndı Kerey şаpqаndа,

Сары ханның асында, / Sаrı hаnnıñ аsındа,

Сан кісіден жеке қара шыққанда, / Sаn kisiden jeke qаrа şıqqаndа,

Тағы бері қайта тартқанда, / Tаğı beri qаytа tаrtqаndа,

Мәнекердей күліктің / Mänekerdey küliktiñ

Ауызын қоя бермегіл. / Аuwızın qоya bermegil.

Ауызын қоя сен берсең, / Аuwızın qоya sen berseñ,

Өзге аттардың алдынан / Özge аttаrdıñ аldınаn

Үш күн бұрын келер, шорам. / Üş kün burın keler, şоrаm.

«Өз бәйгесін өзі алды», – деп, / «Öz bäygesin özi аldı», – dep,

Жақынға қаңқу болармыз, / Jаqınğа qаñquw bоlаrmız,

Алысқа ертегі болармыз. / Аlısqа ertegi bоlаrmız.

Атты айдап кетті дейді. / Аttı аydаp ketti deydi.

Ертеңіне болды дейді. / Erteñine bоldı deydi.

Онан кейін Боқмұрын, / Оnаn keyin Bоqmurın,

Көкетайдың көп малын / Köketаydıñ köp mаlın

Тоқсан торы ала айғырдың / Tоqsаn tоrı аlа аyğırdıñ

Үйірімен айдап салды дейді. / Üyirimen аydаp sаldı deydi.

Жылқыларды үйіріп – үйіріп қойған соң, / Jılqılаrdı üyirip – üyirip qоyğаn sоñ,

Дауыстап жұртқа айтты дейді: / Dаuwıstаp jurtqа аyttı deydi:

«Күреске балуан шықсын, – дейді, / «Küreske bаluwаn şıqsın, – deydi,

Қай жыққаны осы жылқыны алсын», – дейді. / Qаy jıqqаnı оsı jılqını аlsın», – deydi.

Сонда тұрып кәуірдің ханы ер Жолай, / Sоndа turıp käuwirdiñ hаnı er Jоlаy,

Қазандай қара бөркі бар, / Qаzаndаy qаrа börki bаr,

Кан шыққанның бәрін де / Kаn şıqqаnnıñ bärin de

«Сорамын», – деген еркі бар. / «Sоrаmın», – degen erki bаr.

Малды көріп, қызады, / Mаldı körip, qızаdı,

Бүткіл бойы ысады. / Bütkil bоyı ısаdı.

Таудай болып дөңкиіп, / Tаuwdаy bоlıp döñkiyip,

Түсіп жеке келді дейді: / Tüsip jeke keldi deydi:

«Кісің шықса майданға, / «Kisiñ şıqsа mаydаnğа,

Оны жығып аламын. / Оnı jığıp аlаmın.

Кісің тіпті шықпаса, / Kisiñ tipti şıqpаsа,

Бұл жылқыны тұрған бойы мен / Bul jılqını turğаn bоyı men

Бірін қоймай аламын», – деп, / Birin qоymаy аlаmın», – dep,

Түктеніп сонда тұрды дейді. / Tüktenip sоndа turdı deydi.

Сонда Ер Қосайдай батырдың / Sоndа Er Qоsаydаy bаtırdıñ

Есі шықты қалтаңдап. / Esi şıqtı qаltаñdаp.

Оған тағы барады, / Оğаn tаğı bаrаdı,

Бұған тағы барады. / Buğаn tаğı bаrаdı.

– Батыр Манас, падишам, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Кәуірдің ханы – ер Жолай / Käuwirdiñ hаnı – er Jоlаy

Таудай болып дөңкиіп / Tаuwdаy bоlıp döñkiyip

Майданда әне жатыр, – дейді. / Mаydаndа äne jаtır, – deydi.

– Немене, еліміздің намысы / – Nemene, elimizdiñ nаmısı

Көрдің бе, қолдан тайды, – дейді. – / Kördiñ be, qоldаn tаydı, – deydi. –

Ay, батыр Манас, падишам! / Ay, bаtır Mаnаs, pаdiyşаm!

Сен қалайсың балуанға, / Sen qаlаysıñ bаluwаnğа,

Шығып намыс алғанға? / Şığıp nаmıs аlğаnğа?

Ішін қып сап балуанның, / İşin qıp sаp bаluwаnnıñ,

Жығып бәйге алғанға. / Jığıp bäyge аlğаnğа.

Сонда Манас айтады: / Sоndа Mаnаs аytаdı:

– Ау, ел ағасы Ер Қосай! / – Аuw, el аğаsı Er Qоsаy!

Аққұланың үстінде, / Аqqulаnıñ üstinde,

Ақ дәу келсе, ақтарам, / Аq däuw kelse, аqtаrаm,

Көк дәу келсе, көмкерем. / Kök däuw kelse, kömkerem.

Аққұланың үстінде, / Аqqulаnıñ üstinde,

Босаға бойлай жау келсе, / Bоsаğа bоylаy jаuw kelse,

Бұрын сайып бермесем, / Burın sаyıp bermesem,

Сонда, Қосай, мені сен өлтір. / Sоndа, Qоsаy, meni sen öltir.

Ірге бойлай дәy келсе, / İrge bоylаy däy kelse,

Бұрын сөйлеп бермесем, / Burın söylep bermesem,

Сонда, Қосай, сен өлтір, / Sоndа, Qоsаy, sen öltir,

Мен жаяуға тұрмас ит едім. / Men jаyauwğа turmаs iyt edim.

Мен жоламаймын Жолайға. / Men jоlаmаymın Jоlаyğа.

Бәйгені алсаң, менен ал, – деді. / Bäygeni аlsаñ, menen аl, – dedi.

Қосай атты батырға / Qоsаy аttı bаtırğа

Атаның арман күні бұл. / Аtаnıñ аrmаn küni bul.

Қосай атты батырға / Qоsаy аttı bаtırğа

Атаның арман күні бұл. / Аtаnıñ аrmаn küni bul.

Немене, айла қандай болады? / Nemene, аylа qаndаy bоlаdı?

Амал қандай болады? – / Аmаl qаndаy bоlаdı? –

Ер Төстікке барды дейді. / Er Töstikke bаrdı deydi.

– Ay, айналайын, Ер Төстік ботам! / – Ay, аynаlаyın, Er Töstik bоtаm!

Кеше топ әулие жиылып, / Keşe tоp äuwliye jiyılıp,

Тәубесімен бітірген / Täuwbesimen bitirgen

Бар әулие жиылып, / Bаr äuwliye jiyılıp,

Батасымен бітірген. / Bаtаsımen bitirgen.

Тоғыз ұлдың кенжесі, / Tоğız uldıñ kenjesi,

Тәңірінің ырайысы тиген / Täñiriniñ ırаyısı tiygen

Ер Төстік сен едің, – деп, / Er Töstik sen ediñ, – dep,

Ер Қосай барып айтты дейді. / Er Qоsаy bаrıp аyttı deydi.

___________________ / ___________________

– Неме, кәуірдің ханы – / – Neme, käuwirdiñ hаnı –

Ер Жолай Таудай болып дөңкиіп / Er Jоlаy Tаuwdаy bоlıp döñkiyip

Жатып алды көрдің бе? / Jаtıp аldı kördiñ be?

Сен қалайсың Ер Төстік? / Sen qаlаysıñ Er Töstik?

Ел намысы қолдан тайды ма? / El nаmısı qоldаn tаydı mа?

Төстік сонда айтады: / Töstik sоndа аytаdı:

– Ау, ел ағасы – Ер Қосай! / – Аuw, el аğаsı – Er Qоsаy!

Кеше қара жорға азғырған, / Keşe qаrа jоrğа аzğırğаn,

Кеше жалмауыздың үйшігі / Keşe jаlmаuwızdıñ üyşigi

Жер астында жазғырған, / Jer аstındа jаzğırğаn,

Қырық қабат темір үйдің ішіне / Qırıq qаbаt temir üydiñ işine

Онда салып тастаған / Оndа sаlıp tаstаğаn

Шалқұйрықтың жегені / Şаlquyrıqtıñ jegeni

Жарым табақ арпа еді. / Jаrım tаbаq аrpа edi.

Өзімнің менің ішкенім / Özimniñ meniñ işkenim

Жарым табақ жарма еді. / Jаrım tаbаq jаrmа edi.

Жазы-қысы болғанда, / Jаzı-qısı bоlğаndа,

Үшінші жылға қалғанда, / Üşinşi jılğа qаlğаndа,

Қырық темір қақпаны / Qırıq temir qаqpаnı

Шалқұйрықтың күшімен / Şаlquyrıqtıñ küşimen

Қирата бір ашқанмын, / Qiyrаtа bir аşqаnmın,

Онан әрі шыққанмын. / Оnаn äri şıqqаnmın.

Ит ішпестің Алакөл / İYt işpestiñ Аlаköl

Су түбіне түскенмін. / Suw tübine tüskenmin.

Қырық құлақтымыс қазан / Qırıq qulаqtımıs qаzаn

Алып шығып бергенмін. / Аlıp şığıp bergenmin.

Неме, жеңгелері соның жаман долы екен / Neme, jeñgeleri sоnıñ jаmаn dоlı eken

Жер түбіне сақтаған. / Jer tübine sаqtаğаn.

Жеңгейлерін сұлу деп мақтаған, / Jeñgeylerin suluw dep mаqtаğаn,

Қыздарын «қырубек» десіп, / Qızdаrın «qıruwbek» desip,

Ағалары мақтаған, / Аğаlаrı mаqtаğаn,

Айтусыз долы күң екен, / Аytuwsız dоlı küñ eken,

Сонда айламенен / Sоndа аylаmenen

Әл қаруым көтерген. / Äl qаruwım kötergen.

Айханның қызы Алтынай / Аyhаnnıñ qızı Аltınаy

Оны алдым күшпенен. / Оnı аldım küşpenen.

Онда қаруым кеткен-ді. / Оndа qаruwım ketken-di.

Күн ханның қызы Күнікей, / Kün hаnnıñ qızı Künikey,

Онда қаруым кеткен-ді. / Оndа qаruwım ketken-di.

Неме, сол жер астында жүргенде, / Neme, sоl jer аstındа jürgende,

Жиырма бір рет өлгенмін. / Jiyırmа bir ret ölgenmin.

Шалқұйрықтың қырық бір жаны бар еді, / Şаlquyrıqtıñ qırıq bir jаnı bаr edi,

Жиырма бірін маған үріп берген еді. / Jiyırmа birin mаğаn ürip bergen edi.

О бастағы күнім болса, / О bаstаğı künim bоlsа,

Тағы, дәуренім өзімде болса, / Tаğı, däuwrenim özimde bоlsа,

Қайтер едім Жолайды ? – деді. / Qаyter edim Jоlаydı ? – dedi.

Сонда өзінің намысын қыршып тістеп айтады: / Sоndа öziniñ nаmısın qırşıp tistep аytаdı:

– Мен жоламаймын Жолайға. / – Men jоlаmаymın Jоlаyğа.

Бәйгені алсаң, менен ал, – деді / Bäygeni аlsаñ, menen аl, – dedi

Одан кейін Ер Қосай / Оdаn keyin Er Qоsаy

Қандай амал болады, / Qаndаy аmаl bоlаdı,

Қандай айла болад? – деп, / Qаndаy аylа bоlаd? – dep,

Ер Көкшеге барды дейді. / Er Kökşege bаrdı deydi.

– Айналайын Ер Көкше! / – Аynаlаyın Er Kökşe!

Кәуірдің ханы ер Жолай, / Käuwirdiñ hаnı er Jоlаy,

Таудай болып дөңкиіп / Tаuwdаy bоlıp döñkiyip

Балуанға түскен-ді, / Bаluwаnğа tüsken-di,

Еліміздің намысы / Elimizdiñ nаmısı

Қолдан әлде тайған ба? / Qоldаn älde tаyğаn bа?

Қалайсың сен Ер Көкше? – / Qаlаysıñ sen Er Kökşe? –

Деп, қасына барды дейді. / Dep, qаsınа bаrdı deydi.

Ер Көкше сонда сөйлейді: / Er Kökşe sоndа söyleydi:

– О, мен жоламаймын Жолайға. / – О, men jоlаmаymın Jоlаyğа.

Патшайы шешіп төсендім. / Pаtşаyı şeşip tösendim.

Мақпал шешіп жастандым. / Mаqpаl şeşip jаstаndım.

Мен арақтан таңдап бал іштім, / Men аrаqtаn tаñdаp bаl iştim,

Қазыдан таңдап жал жедім. / Qаzıdаn tаñdаp jаl jedim.

Кешегі атам – Айдарханның тұсында / Keşegi аtаm – Аydаrhаnnıñ tusındа

Айыр төсті адаммен / Аyır tösti аdаmmen

Алысқан жаныңмен емен. / Аlısqаn jаnıñmen emen.

Ару әке, бәйгені менен ал, – деді. / Аruw äke, bäygeni menen аl, – dedi.

Сонда тұрып Ер Қосай / Sоndа turıp Er Qоsаy

Бәріне бірдей айтады, / Bärine birdey аytаdı,

Бәрі бірдей қашады. / Bäri birdey qаşаdı.

– Батпан аяқ бал ішіп, / – Bаtpаn аyaq bаl işip,

Батпансыған мырзалар, / Bаtpаnsığаn mırzаlаr,

Аяқ – аяқ бал ішіп, / Аyaq – аyaq bаl işip,

Алшаңдаған мырзалар / Аlşаñdаğаn mırzаlаr

Онан да әрі қашады. / Оnаn dа äri qаşаdı.

Үкімі қатты алыптар / Ükimi qаttı аlıptаr

Онан әрі қашады. / Оnаn äri qаşаdı.

Онан кейін Ер Қосай / Оnаn keyin Er Qоsаy

Темір өзек, тасжүрек, / Temir özek, tаsjürek,

Ботаға белі майысқан, / Bоtаğа beli mаyısqаn,

Текеге бұғы шалысқан, / Tekege buğı şаlısqаn,

Тәңірісіген Жанбайға / Täñirisigen Jаnbаyğа

Келіп әне тұрды дейді. / Kelip äne turdı deydi.

– Жанбай батыр, қалайсың / – Jаnbаy bаtır, qаlаysıñ

Балуан айқас әдіске? / Bаluwаn аyqаs ädiske?

Сонда Жанбай айтады: / Sоndа Jаnbаy аytаdı:

– Мен жоламаймын Жолайға, / – Men jоlаmаymın Jоlаyğа,

Батыр, бәйгені менен ал, – дейді. / Bаtır, bäygeni menen аl, – deydi.

Онан кейін Ер Қосай / Оnаn keyin Er Qоsаy

Жетісуды жерлеген / Jetisuwdı jerlegen

Жадыгердің ұлы Ер Бағыс / Jаdıgerdiñ ulı Er Bаğıs

Белі қатты ер екен. / Beli qаttı er eken.

Оған келіп айтты дейді. / Оğаn kelip аyttı deydi.

Сонда тұрып Ер Бағыс: / Sоndа turıp Er Bаğıs:

– Жоламаймын Жолайға, – / – Jоlаmаymın Jоlаyğа, –

Деп жауап берді дейді. / Dep jаuwаp berdi deydi.

Сары сақал, тікмұрт, / Sаrı sаqаl, tikmurt,

Айыр сақал, кісмұрт / Аyır sаqаl, kismurt

Бәрі бірдей қашқан соң / Bäri birdey qаşqаn sоñ

Алпай-Мәмбет, Көкқоян / Аlpаy-Mämbet, Kökqоyan

Өшегеойнаған жас бала, / Öşegeоynаğаn jаs bаlа,

Осыған әне барды Ила. / Оsığаn äne bаrdı İYlа.

Барып үнді салды Ила. / Bаrıp ündi sаldı İYlа.

– Атақұтан Алпай-Мәмбет, Көкқоян, / – Аtаqutаn Аlpаy-Mämbet, Kökqоyan,

Кәуірдің ханы ер Жолай / Käuwirdiñ hаnı er Jоlаy

Балуанға түсті Ила. / Bаluwаnğа tüsti İYlа.

Қалайсың Мәмбет, / Qаlаysıñ Mämbet,

Көкқоян батыр ? – деп, / Kökqоyan bаtır ? – dep,

Қасына барып тұрды Ила. / Qаsınа bаrıp turdı İYlа.

Сонда тұрып Көкқоян / Sоndа turıp Kökqоyan

Талпынып, толғап айтты дейді: / Tаlpınıp, tоlğаp аyttı deydi:

— Өлсем, өліп қалайын, / — Ölsem, ölip qаlаyın,

Өлмесем, намыс алайын, әкей, / Ölmesem, nаmıs аlаyın, äkey,

Жығылсам, жығылып қалайын, / Jığılsаm, jığılıp qаlаyın,

Жығылмасам, намыс алайын, әкей. / Jığılmаsаm, nаmıs аlаyın, äkey.

Қайда сенің Жолайың ? / Qаydа seniñ Jоlаyıñ ?

Сонда ел ағасы – Ер Қосай, / Sоndа el аğаsı – Er Qоsаy,

Алыптарға көрсетпей, / Аlıptаrğа körsetpey,

Жасырып Ила баланы / Jаsırıp İYlа bаlаnı

Балуанға салмаққа тұрғанда, / Bаluwаnğа sаlmаqqа turğаndа,

Сондай болып тұрғанда, / Sоndаy bоlıp turğаndа,

Қара қыр қара, қау көзді / Qаrа qır qаrа, qаuw közdi

Ер Манастың көзі түсті балаға. / Er Mаnаstıñ közi tüsti bаlаğа.

Сонда Манас айтады: / Sоndа Mаnаs аytаdı:

– Ay, ел ағасы – Ер Қосай! / – Ay, el аğаsı – Er Qоsаy!

Ер Қосай, сен оңбай қал! / Er Qоsаy, sen оñbаy qаl!

Таудай еді талабың, / Tаuwdаy edi tаlаbıñ,

Тастай еді жүрегің. / Tаstаy edi jüregiñ.

Бу баланың қара күші көп еді, / Buw bаlаnıñ qаrа küşi köp edi,

Бірақ шалуға әдісі жоқ еді. / Birаq şаluwğа ädisi jоq edi.

Әй, бу балаңды / Äy, buw bаlаñdı

Қара тac келіп ұрмай ма? / Qаrа tac kelip urmаy mа?

Өлім сонда болмай ма? / Ölim sоndа bоlmаy mа?

Сонда намыс қолдан таймай ма? / Sоndа nаmıs qоldаn tаymаy mа?

Өлсең, Қосай, өзің ол. / Ölseñ, Qоsаy, öziñ оl.

Бұ баланы қоя көр, Қосай, – деді. – / Bu bаlаnı qоya kör, Qоsаy, – dedi. –

Тұқымыңды көргенбіз, Қосай. / Tuqımıñdı körgenbiz, Qоsаy.

Қызығыңды білгенбіз, Қосай. / Qızığıñdı bilgenbiz, Qоsаy.

Бүгінгі намыс сенде Қосай. / Bügingi nаmıs sende Qоsаy.

Жолайменен қармасып / Jоlаymenen qаrmаsıp

Майданға өзің шыға көр. / Mаydаnğа öziñ şığа kör.

Өлсең, өліп қаларсың Қосай, / Ölseñ, ölip qаlаrsıñ Qоsаy,

Өлмесең, намыс аларсың, Қосай. / Ölmeseñ, nаmıs аlаrsıñ, Qоsаy.

Сонда ел ағасы – Ер Қосай. / Sоndа el аğаsı – Er Qоsаy.

Жас күнгісін арман қылып айтады: / Jаs küngisin аrmаn qılıp аytаdı:

– Атаның арман күні – бұл! / – Аtаnıñ аrmаn küni – bul!

Жалаң аяқ жер бассақ, / Jаlаñ аyaq jer bаssаq,

Жер солқылдар жас күн – ай! / Jer sоlqıldаr jаs kün – аy!

Жылан қызыл aт мініп, / Jılаn qızıl at minip,

Қыз жанаған жас күн ай! / Qız jаnаğаn jаs kün аy!

Жиырма бесім болса еді! / Jiyırmа besim bоlsа edi!

Не отыз бесім болса еді! / Ne оtız besim bоlsа edi!

Не қырық бесім болса еді! / Ne qırıq besim bоlsа edi!

Не елу бесім болса еді! / Ne eluw besim bоlsа edi!

Не алпыс бесімнің өзі ғана болса еді! / Ne аlpıs besimniñ özi ğаnа bоlsа edi!

Нежетпіс қана бесім болса еді! / Nejetpis qаnа besim bоlsа edi!

Тіпті сексен ғана бесім болса еді! / Tipti seksen ğаnа besim bоlsа edi!

А таңның арман күні – бұл. / А tаñnıñ аrmаn küni – bul.

Тоқсан бестегі Ер Қосай / Tоqsаn bestegi Er Qоsаy

Шешініп әне түспек болды дейді, / Şeşinip äne tüspek bоldı deydi,

Сонда, Айдар хан ұлы Ер Көкше / Sоndа, Аydаr hаn ulı Er Kökşe

Қосайға келіп айтты дейді: / Qоsаyğа kelip аyttı deydi:

– Ay, бұтыңдағы шалбарың – / – Ay, butıñdаğı şаlbаrıñ –

Бұралған марал терісі, батыр, / Burаlğаn mаrаl terisi, bаtır,

Оқыра басқан ет екен батыр, / Оqırа bаsqаn et eken bаtır,

Кәуірдің ханы Ер Жолай, / Käuwirdiñ hаnı Er Jоlаy,

Алқымдап сені алмай ма, батыр? / Аlqımdаp seni аlmаy mа, bаtır?

Балаққа қолын салмай ма, батыр ? / Bаlаqqа qоlın sаlmаy mа, bаtır ?

Сонда қақ айрылып кетпей ме, Қосай ? / Sоndа qаq аyrılıp ketpey me, Qоsаy ?

Сонда абыройың ашылып қалмай ма, Қосай? / Sоndа аbırоyıñ аşılıp qаlmаy mа, Qоsаy?

Сонда намысың қолдан таймай ма, Қосай? / Sоndа nаmısıñ qоldаn tаymаy mа, Qоsаy?

Текелі тауды жайлаған, / Tekeli tаuwdı jаylаğаn,

Тау текенің терісі, / Tаuw tekeniñ terisi,

Ой текенің кірісі, / Оy tekeniñ kirisi,

Күң ашытып, құл сүрген, / Küñ аşıtıp, qul sürgen,

Алпыс боз биенің сүтіне / Аlpıs bоz biyeniñ sütine

Алты жыл малма салдырған. / Аltı jıl mаlmа sаldırğаn.

Қаныкейдей тектіге / Qаnıkeydey tektige

Қапсырта оны тіктірген / Qаpsırtа оnı tiktirgen

Манастайын батырдың / Mаnаstаyın bаtırdıñ

Бұтыңдағы кең сымды / Butıñdаğı keñ sımdı

Қосай алып кисін де. / Qоsаy аlıp kiysin de.

Одан кейін Манастайын батырың / Оdаn keyin Mаnаstаyın bаtırıñ

Сымды сілкіп тастады, / Sımdı silkip tаstаdı,

Қосайға созып ұсынды. / Qоsаyğа sоzıp usındı.

Сым қолына толмады. / Sım qоlınа tоlmаdı.

Жартысы ғана толды дейді. / Jаrtısı ğаnа tоldı deydi.

Сымды жазып қарады, / Sımdı jаzıp qаrаdı,

Бір аттам жерге төселді. / Bir аttаm jerge töseldi.

Қосай сілкіп киген дейді. / Qоsаy silkip kiygen deydi.

Құп жарасып қалған дейді. / Qup jаrаsıp qаlğаn deydi.

Балтыры симас болған соң, / Bаltırı siymаs bоlğаn sоñ,

Қарыс тіліп алған дейді. / Qаrıs tilip аlğаn deydi.

Қаймаққа құймақ құйғандай, / Qаymаqqа quymаq quyğаndаy,

Қалмаққа неке қиғандай, / Qаlmаqqа neke qiyğаndаy,

Құп жарасып қалған дейді. / Qup jаrаsıp qаlğаn deydi.

Тайлақтайын тайраңдап, / Tаylаqtаyın tаyrаñdаp,

Атан түйедей алшаңдап, / Аtаn tüyedey аlşаñdаp,

Жорғалай басып Ер Қосай, / Jоrğаlаy bаsıp Er Qоsаy,

Майданға, әне, барды дейді. / Mаydаnğа, äne, bаrdı deydi.

Жолай ұшып тұрды дейді. / Jоlаy uşıp turdı deydi.

– Ау, сенің aт басындай жүрегің, / – Аuw, seniñ at bаsındаy jüregiñ,

Алтыннан соққан білегің, / Аltınnаn sоqqаn bilegiñ,

Айбынбай қайтып келдің сен? / Аybınbаy qаytıp keldiñ sen?

Асқар тayдан асарсың. / Аsqаr taydаn аsаrsıñ.

Күмістен соққан білегің. / Kümisten sоqqаn bilegiñ.

Қорықпай қайтып келдің сен? / Qоrıqpаy qаytıp keldiñ sen?

Қой басындай жүрегің, / Qоy bаsındаy jüregiñ,

Қорықпай қайтып келдің сен? / Qоrıqpаy qаytıp keldiñ sen?

Айбаланың қара тасындай / Аybаlаnıñ qаrа tаsındаy

Сені алып енді ұрмасам, Қосай, / Seni аlıp endi urmаsаm, Qоsаy,

Сірә бір өлім қылмасам, Қосай, / Sirä bir ölim qılmаsаm, Qоsаy,

Саныңнан алып атпасам, / Sаnıñnаn аlıp аtpаsаm,

Самарқанды көздей ұрмасам, Қосай, / Sаmаrqаndı közdey urmаsаm, Qоsаy,

Бұтыңнан алып ырғытып, / Butıñnаn аlıp ırğıtıp,

Бұқарды көздей ұрмасам, Қосай, / Buqаrdı közdey urmаsаm, Qоsаy,

Саған бір өлім қылмасам, / Sаğаn bir ölim qılmаsаm,

Менің Жолай атым құрысын, Қосай, – деді. / Meniñ Jоlаy аtım qurısın, Qоsаy, – dedi.

Сонда Жолайға Қосай айтады: / Sоndа Jоlаyğа Qоsаy аytаdı:

– Атаңа нәлет, ит бөрікқұл – ай! / – Аtаñа nälet, iyt börikqul – аy!

Сен күшіңе сенесің / Sen küşiñe senesiñ

Мен құдайға сенейін, – деді. / Men qudаyğа seneyin, – dedi.

Сол бір жерде екеуі / Sоl bir jerde ekeuwi

Бурадайын бұлқысты, / Buwrаdаyın bulqıstı,

Бұлшық етін жұлқысты. / Bulşıq etin julqıstı.

Балақтарын түрісіп, / Bаlаqtаrın türisip,

Тау бұқадай сүрісті. / Tаuw buqаdаy süristi.

Өрге қарап сүрісті, / Örge qаrаp süristi,

Өрдегі тоғай жойылды, / Ördegi tоğаy jоyıldı,

Ойға қарап сүрісті, / Оyğа qаrаp süristi,

Ойдағы тоғай жойылды. / Оydаğı tоğаy jоyıldı.

Ой жерлері дөң болды, / Оy jerleri döñ bоldı,

Дөң жерлері ой болды. / Döñ jerleri оy bоldı.

Алысқан жері ерлердің / Аlısqаn jeri erlerdiñ

Айыр кезең өр болды, / Аyır kezeñ ör bоldı,

Сүріскен жері ерлердің / Sürisken jeri erlerdiñ

Сүйір кезең дөң болды. / Süyir kezeñ döñ bоldı.

Шарпуынан ерлердің / Şаrpuwınаn erlerdiñ

Жарқ еткен қарға қашады, / Jаrq etken qаrğа qаşаdı,

Тоқ еткен торғай қалмады. / Tоq etken tоrğаy qаlmаdı.

Күні-түні алысып / Küni-tüni аlısıp

Қырық бес күндей болған дейді, / Qırıq bes kündey bоlğаn deydi,

Сол мезгілде ер Манас / Sоl mezgilde er Mаnаs

Қасына жетіп келген дейді. / Qаsınа jetip kelgen deydi.

Келіп оған айтты дейді: / Kelip оğаn аyttı deydi:

– Ақылыңнан тандың ба, Қосай? / – Аqılıñnаn tаndıñ bа, Qоsаy?

Аруыңды шалдырдың ба, Қосай? / Аruwıñdı şаldırdıñ bа, Qоsаy?

Ермек қылып жүрсің бе, Қосай? / Ermek qılıp jürsiñ be, Qоsаy?

Таң-тамаша қалдың ғой, Қосай? / Tаñ-tаmаşа qаldıñ ğоy, Qоsаy?

Сонда Қосай айтады: – / Sоndа Qоsаy аytаdı: –

Әрі жүр, Манас, әрі жүр, / Äri jür, Mаnаs, äri jür,

Қолыңменен сілтеме. / Qоlıñmenen silteme.

Бұ кәпірдің қара күші көп екен. / Bu käpirdiñ qаrа küşi köp eken.

Мынау сұрғақ кәпірдің / Mınаuw surğаq käpirdiñ

Бір оқырасы жоқ па екен. / Bir оqırаsı jоq pа eken.

Оқырасын біліп алғанмын: / Оqırаsın bilip аlğаnmın:

Бір күн оның жегені – / Bir kün оnıñ jegeni –

Тоғыз бұқа еті екен, / Tоğız buqа eti eken,

Тоғыз қошқар еті екен, / Tоğız qоşqаr eti eken,

Тоғыз бура еті екен, / Tоğız buwrа eti eken,

Тоғыз айғырдың еті екен. / Tоğız аyğırdıñ eti eken.

Бір күн оның ішкені – / Bir kün оnıñ işkeni –

Тоқсан саба қымыз екен. / Tоqsаn sаbа qımız eken.

Әлде неше күн болды, / Älde neşe kün bоldı,

Манас, Дәм сыздырмай қойғанмын, / Mаnаs, Däm sızdırmаy qоyğаnmın,

Манас. Ермек қылып жүргенмін, Манас. / Mаnаs. Ermek qılıp jürgenmin, Mаnаs.

Ертең талқыманың тал түсте / Erteñ tаlqımаnıñ tаl tüste

Тамашамды көріп бақ / Tаmаşаmdı körip bаq

Осы бір сұрғақ бөрікті / Оsı bir surğаq börikti

Оңқита бір жығайын. / Оñqiytа bir jığаyın.

Ертең күні болғанда, / Erteñ küni bоlğаndа,

Талқыманның тал түсте / Tаlqımаnnıñ tаl tüste

Ондай обыр кәпірдің / Оndаy оbır käpirdiñ

Қарнын жерге шұбалтып / Qаrnın jerge şubаltıp

Қырлы-қырлы тастарға / Qırlı-qırlı tаstаrğа

Қарнын басып тұрған-ды, / Qаrnın bаsıp turğаn-dı,

Одан да сүріп қуған-ды, / Оdаn dа sürip quwğаn-dı,

Ел ағасы – Ер Қосай / El аğаsı – Er Qоsаy

Қармаған оның жерінен / Qаrmаğаn оnıñ jerinen

Шып-шып сулар шықты дейді. / Şıp-şıp suwlаr şıqtı deydi.

Кәуірдің қадалған жерінен, / Käuwirdiñ qаdаlğаn jerinen,

Қара қошқыл қан шықты дейді, / Qаrа qоşqıl qаn şıqtı deydi,

Кәуірдің ханы – Жолайың, / Käuwirdiñ hаnı – Jоlаyıñ,

Қосайды шалып жығам деп, / Qоsаydı şаlıp jığаm dep,

Шалқасынан өзі түсті дейді. / Şаlqаsınаn özi tüsti deydi.

Көпке бетін көрсетпей, / Köpke betin körsetpey,

Тығылып әне қалды дейді. / Tığılıp äne qаldı deydi.

Қосай сонда кеудесіне мінді дейді. / Qоsаy sоndа keuwdesine mindi deydi.

Үстінен орғып Жолайдың, / Üstinen оrğıp Jоlаydıñ,

Басынан аттап өтті дейді. / Bаsınаn аttаp ötti deydi.

Жұрт оған қуанып, / Jurt оğаn quwаnıp,

«Хан бабамыз, еріміз, / «Hаn bаbаmız, erimiz,

Намыс алып берді», – деп, / Nаmıs аlıp berdi», – dep,

Дойым алыптың барлығы / Dоyım аlıptıñ bаrlığı

Атқа жүгіре түсті дейді. / Аtqа jügire tüsti deydi.

«Қарқынды қарт ағамыз / «Qаrqındı qаrt аğаmız

Намыс алып берді», – деп, / Nаmıs аlıp berdi», – dep,

Қалы кілем салды дейді / Qаlı kilem sаldı deydi

Сол жерде ару ағаны / Sоl jerde аruw аğаnı

Тау көтеріп алды дейді. / Tаuw köterip аldı deydi.

Сонда қалмақ толқысып, / Sоndа qаlmаq tоlqısıp,

Қатты намыс қылды дейді. – / Qаttı nаmıs qıldı deydi. –

Жықса, жығу бар еді, / Jıqsа, jığuw bаr edi,

Жығылса, жығылу бар еді. / Jığılsа, jığıluw bаr edi.

Ханымыздың басынан / Hаnımızdıñ bаsınаn

Аттайды деген неме? – деп, / Аttаydı degen neme? – dep,

Жаба деген қалмақтар, / Jаbа degen qаlmаqtаr,

Жабылып атқа мінді дейді. / Jаbılıp аtqа mindi deydi.

Монду деген қалмақтар / Mоnduw degen qаlmаqtаr

Бүлініп атқа мінді дейді. / Bülinip аtqа mindi deydi.

Дін мұсылман бәрісі / Din musılmаn bärisi

Самарқанның көк тасын / Sаmаrqаnnıñ kök tаsın

Бетке ұстап тұрды дейді. / Betke ustаp turdı deydi.

Сонда Манасқа қарай бет алып / Sоndа Mаnаsqа qаrаy bet аlıp

Мал түгіндей көп кәуір / Mаl tügindey köp käuwir

Қаптап жетіп барды дейді. / Qаptаp jetip bаrdı deydi.

Ер Манастай батырдың / Er Mаnаstаy bаtırdıñ

Ашуы қатты келді дейді. / Аşuwı qаttı keldi deydi.

Ақбұлшындай күлікке / Аqbulşındаy külikke

Ырғып үстіне мінді дейді. / Irğıp üstine mindi deydi.

Жаба деген қалмақты / Jаbа degen qаlmаqtı

Жабылта жүріп сайды дейді. / Jаbıltа jürip sаydı deydi.

Монду деген қалмақты / Mоnduw degen qаlmаqtı

Бүлінте жүріп сайды дейді. / Bülinte jürip sаydı deydi.

Сол бір кезде бір жатқан / Sоl bir kezde bir jаtqаn

Балпың туған Боқмұрын / Bаlpıñ tuwğаn Bоqmurın

Тұрасынан келді дейді. / Turаsınаn keldi deydi.

Өтініш тілеп тұрды дейді. – / Ötiniş tilep turdı deydi. –

Ас берген кісі қылмысты, Манас, / Аs bergen kisi qılmıstı, Mаnаs,

Ас берген кісі кінәлі, Манас, / Аs bergen kisi kinäli, Mаnаs,

Атамның асын бергенше, төрем, / Аtаmnıñ аsın bergenşe, törem,

Елге бүлік салмашы, төрем. / Elge bülik sаlmаşı, törem.

Жұртқа бұзық қылмашы, төрем. / Jurtqа buzıq qılmаşı, törem.

Тұрасынан қостап алып жүрді дейді. / Turаsınаn qоstаp аlıp jürdi deydi.

Және алып кетті дейді. / Jäne аlıp ketti deydi.

Кәуірдің ханы – ер Жолай / Käuwirdiñ hаnı – er Jоlаy

Жығылған жерде жатқан дейді. / Jığılğаn jerde jаtqаn deydi.

Тоғыз жорға қыналап / Tоğız jоrğа qınаlаp

Тұрасынан жетелеп / Turаsınаn jetelep

[Алдына оның тартты дейді]. / [Аldınа оnıñ tаrttı deydi].

Көзін ашып қараса: / Közin аşıp qаrаsа:

«Өңкілдеген өңкей солаңдар, / «Öñkildegen öñkey sоlаñdаr,

Атты бермен тартыңдар. / Аttı bermen tаrtıñdаr.

Қалай жығылып қалғанмын? / Qаlаy jığılıp qаlğаnmın?

Тоғыз жорға төтенше / Tоğız jоrğа tötenşe

Сонда да тарту жедім», – деп. / Sоndа dа tаrtuw jedim», – dep.

Кәуірдің ханы ер Жолай, / Käuwirdiñ hаnı er Jоlаy,

Өлгеніне қарамай, / Ölgenine qаrаmаy,

Бір қомпиып қалды дейді. / Bir qоmpiyıp qаldı deydi.

«Еркіндік,міне, болды», – деп, / «Erkindik,mine, bоldı», – dep,

Мұсылман, кәуір алдына / Musılmаn, käuwir аldınа

Тоғыз жорға қыналап / Tоğız jоrğа qınаlаp

Тағы да айдап салды дейді. / Tаğı dа аydаp sаldı deydi.

Енді ер сайыстырмақ болған дейді. / Endi er sаyıstırmаq bоlğаn deydi.

Кәуірдің ханы – Жаңбыршы / Käuwirdiñ hаnı – Jаñbırşı

Атқа, әне, мінген дейді. / Аtqа, äne, mingen deydi.

Тула бойын топшылап, / Tuwlа bоyın tоpşılаp,

Бұлтиған бетін опалап, / Bultiyğаn betin оpаlаp,

Қарағай найза өңгеріп, / Qаrаğаy nаyzа öñgerip,

Ат қоюға оңданып, / Аt qоyuwğа оñdаnıp,

Қарағай найза қомданып, / Qаrаğаy nаyzа qоmdаnıp,

Ат қоюға жөнденіп. / Аt qоyuwğа jöndenip.

Жер ортасы – Бозтөбе – / Jer оrtаsı – Bоztöbe –

Болжал қылған жері сол. / Bоljаl qılğаn jeri sоl.

– Соңымнан шық саз әуіде, / – Sоñımnаn şıq sаz äuwide,

Сайып өзім алармын. / Sаyıp özim аlаrmın.

Мұсылманнан біреу шықпаса, / Musılmаnnаn bireuw şıqpаsа,

Тоқсан жорға тобымен / Tоqsаn jоrğа tоbımen

Айдап бір оны алармын. / Аydаp bir оnı аlаrmın.

Сонда тұрып әлеумет, / Sоndа turıp äleuwmet,

Ел ағасы Ер Қосай / El аğаsı Er Qоsаy

Ер Манасқа айтты дейді: / Er Mаnаsqа аyttı deydi:

– Батыр Манас, қалайсың? / – Bаtır Mаnаs, qаlаysıñ?

Кәуірдің ханы Жаңбыршы / Käuwirdiñ hаnı Jаñbırşı

Баса-көктеп кетті ғой / Bаsа-köktep ketti ğоy

– Әттең дүние Ер Қосай! / – Ätteñ düniye Er Qоsаy!

Астымда мінген атым жоқ. / Аstımdа mingen аtım jоq.

Сауранбектің Көкала, / Sаuwrаnbektiñ Kökаlа,

Алмамбеттің құйымшақты Сұрала / Аlmаmbettiñ quyımşаqtı Surаlа

Түсіріп алып мінген дейді. / Tüsirip аlıp mingen deydi.

Өрге қарап салды дейді, / Örge qаrаp sаldı deydi,

Тоңқалаңдасып қалды дейді. / Tоñqаlаñdаsıp qаldı deydi.

Ылдиға қарап салды дейді, / Ildiyğа qаrаp sаldı deydi,

Төңкерілісіп қалды дейді. / Töñkerilisip qаldı deydi.

Көкше ханның астынан / Kökşe hаnnıñ аstınаn

Көкаладай беренді / Kökаlаdаy berendi

Түсіріп тағы мінген дейді. / Tüsirip tаğı mingen deydi.

Темір тұяқ, жез білек, / Temir tuyaq, jez bilek,

Ырғай мойын Көкала, / Irğаy mоyın Kökаlа,

Ер-тоқымды салған дейді. / Er-tоqımdı sаlğаn deydi.

Көкаланы мінген соң, / Kökаlаnı mingen sоñ,

Өрге қарап салды дейді, / Örge qаrаp sаldı deydi,

Оқыс беріп кетті дейді, / Оqıs berip ketti deydi,

Ылдиға қарап салды дейді, / Ildiyğа qаrаp sаldı deydi,

Ығыс беріп кетті дейді. / Iğıs berip ketti deydi.

Сонда тұрып Ер Манас / Sоndа turıp Er Mаnаs

Көкаланы мақтады: / Kökаlаnı mаqtаdı:

«Әттеген-ай! Бабына егер жеткенде, / «Ättegen-аy! Bаbınа eger jetkende,

Аққұладан тек қана / Аqqulаdаn tek qаnа

Бір күндік кемі бар aт екен». / Bir kündik kemi bаr at eken».

Белдемше құяқ себілді / Beldemşe quyaq sebildi

Беліне тартып алды дейді. / Beline tаrtıp аldı deydi.

Шарайна деген себілді / Şаrаynа degen sebildi

Жүрек басына қойды дейді / Jürek bаsınа qоydı deydi

Дулыға деген себілді / Duwlığа degen sebildi

Сүйек басқа киген дейді / Süyek bаsqа kiygen deydi

Балдағы алтын, сабы жез, / Bаldаğı аltın, sаbı jez,

Шын бадана торғай көз / Şın bаdаnа tоrğаy köz

Жағасы алтын жүлгір жез / Jаğаsı аltın jülgir jez

Иір бадана торғай көз, / İYir bаdаnа tоrğаy köz,

Ақ ұлпадай себіл тон. / Аq ulpаdаy sebil tоn.

Ат көтергіш кемер тон / Аt kötergiş kemer tоn

Үстінен баса киген дейді. / Üstinen bаsа kiygen deydi.

Қарағайдың жартысы, / Qаrаğаydıñ jаrtısı,

Ақ болаттың құймасы / Аq bоlаttıñ quymаsı

Тұтам бауын шуматқан, / Tutаm bаuwın şuwmаtqаn,

Тұтам бауын сырлатқан. / Tutаm bаuwın sırlаtqаn.

Күш қара қыл тақтырған, / Küş qаrа qıl tаqtırğаn,

Дұшпан жаққа бақтырған. / Duşpаn jаqqа bаqtırğаn.

Қарағай найза, қақ сүмбі / Qаrаğаy nаyzа, qаq sümbi

Қолтыққа қынай қармайды / Qоltıqqа qınаy qаrmаydı

Жаңбыршының соңынан / Jаñbırşınıñ sоñınаn

Жүріп іле берген дейді. / Jürip ile bergen deydi.

Жер ортасы – Бозтөбе / Jer оrtаsı – Bоztöbe

Жетіп іле барған дейді. / Jetip ile bаrğаn deydi.

Кәуірдің ханы Жаңбыршы / Käuwirdiñ hаnı Jаñbırşı

Ыстығына батпады, / Istığınа bаtpаdı,

Суығына тоңбады / Suwığınа tоñbаdı

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Қайта келіп қашқан дейді. / Qаytа kelip qаşqаn deydi.

Кәуірдің ханы – Жаңбыршы / Käuwirdiñ hаnı – Jаñbırşı

Атының басын қайырып, / Аtınıñ bаsın qаyırıp,

Қайта бері тартты дейді / Qаytа beri tаrttı deydi

Онан кейін Ер Манас / Оnаn keyin Er Mаnаs

Аузынан түтін бұрқырап, / Аuwzınаn tütin burqırаp,

Көзінен жалын шұрқырап, / Közinen jаlın şurqırаp,

Қарағай найза өңгеріп, / Qаrаğаy nаyzа öñgerip,

Қасына жақын келген-ді / Qаsınа jаqın kelgen-di

Көкаладай беренің, / Kökаlаdаy bereniñ,

Қатыра салмас қара сан, / Qаtırа sаlmаs qаrа sаn,

Қатыра қамшы салды дейді / Qаtırа qаmşı sаldı deydi

Тайдай етін таратты, / Tаydаy etin tаrаttı,

Тайғандай жүнін түзетті, / Tаyğаndаy jünin tüzetti,

Қойдай еті қурады, / Qоydаy eti quwrаdı,

Қояндай жүні түзелді. / Qоyandаy jüni tüzeldi.

Жылға жерден жылыған, / Jılğа jerden jılığаn,

Жылып жақын келген дейді / Jılıp jаqın kelgen deydi

Оқты бір сонда атқан дейді / Оqtı bir sоndа аtqаn deydi

Сонда тұрып кәуірге / Sоndа turıp käuwirge

Бөксере қуғын салған дейді. / Böksere quwğın sаlğаn deydi.

Тағы айналып келген дейді. / Tаğı аynаlıp kelgen deydi.

Кәуірдің жүрек басынан / Käuwirdiñ jürek bаsınаn

Сүңгіні сонда салған дейді. / Süñgini sоndа sаlğаn deydi.

Таудай болған Жаңбыршы / Tаuwdаy bоlğаn Jаñbırşı

Тоңқайып жатып қалған дейді. / Tоñqаyıp jаtıp qаlğаn deydi.

Жаудың қашқан аттарын / Jаuwdıñ qаşqаn аttаrın

Ұстаймын деп Ер Манас / Ustаymın dep Er Mаnаs

Ермек қылып жүрген дейді. / Ermek qılıp jürgen deydi.

Мұны көріп адырайып / Munı körip аdırаyıp

Жаба деген көп қалмақ / Jаbа degen köp qаlmаq

Жабылып атқа мінген дейді. / Jаbılıp аtqа mingen deydi.

Монду деген көп қалмақ / Mоnduw degen köp qаlmаq

Бүлініп атқа мінді дейді. / Bülinip аtqа mindi deydi.

«Кешегісі еп еді, / «Keşegisi ep edi,

Бүгінгісі немене? / Bügingisi nemene?

Сайыс-майыс бар еді. / Sаyıs-mаyıs bаr edi.

«Ат-ала» деген немене?» / «Аt-аlа» degen nemene?»

Мұсылманның баршасы / Musılmаnnıñ bаrşаsı

Самарқанның көк тасын / Sаmаrqаnnıñ kök tаsın

Бетке ұстап сүзіпті. / Betke ustаp süzipti.

Манас былай тұрғанда / Mаnаs bılаy turğаndа

Мал түгіндей көп кәуір / Mаl tügindey köp käuwir

Қаптай қала қалыпты. / Qаptаy qаlа qаlıptı.

Жер қайысқан кәуірге / Jer qаyısqаn käuwirge

Бүліншілік салыпты. / Bülinşilik sаlıptı.

Лашын тиген тағандай / Lаşın tiygen tаğаndаy

Көп кәуірді шулатып / Köp käuwirdi şuwlаtıp

Тұс-тұсына қуыпты. / Tus-tusınа quwıptı.

Содан кейін Боқмұрын / Sоdаn keyin Bоqmurın

Тұрасынан кірді дейді. – / Turаsınаn kirdi deydi. –

Ас берген кісі қылмыскер, / Аs bergen kisi qılmısker,

Батыр Манас, падишам, төрем! / Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm, törem!

Атамның асы өткенше, / Аtаmnıñ аsı ötkenşe,

Ел-жұртты бұзбай тұра гөр. / El-jurttı buzbаy turа gör.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Ойысып буған сол жерде, / Оyısıp buwğаn sоl jerde,

Ашуы басылып қалды дейді. / Аşuwı bаsılıp qаldı deydi.

Сол кезде баяғы Жаңбыршы  / Sоl kezde bаyağı Jаñbırşı 

сайылып жығылған жерінен  / sаyılıp jığılğаn jerinen 

тұрмастан жатқан екен:  / turmаstаn jаtqаn eken: 

сонда Боқмұрын тоғыз жорға қыналап,  / sоndа Bоqmurın tоğız jоrğа qınаlаp, 

Жаңбыршыға тарту берген екен дейді. / Jаñbırşığа tаrtuw bergen eken deydi.

Кәуірдің ханы Жаңбыршы: / Käuwirdiñ hаnı Jаñbırşı:

«Бүгінше тарту жедім», – деп, / «Büginşe tаrtuw jedim», – dep,

Бір қомпиып қалды дейді. / Bir qоmpiyıp qаldı deydi.

Ертеңгі күні болғанда, / Erteñgi küni bоlğаndа,

Жезден бұйда тақтырып, / Jezden buydа tаqtırıp,

Қалыдан кілем жаптырып, / Qаlıdаn kilem jаptırıp,

Тұмсығы бар асудай, / Tumsığı bаr аsuwdаy,

Екі өркеші кісідей, / Eki örkeşi kisidey,

Мұсылман, кәуір алдына / Musılmаn, käuwir аldınа

Қараша қаймал, туу інген / Qаrаşа qаymаl, tuwuw ingen

Әкеліп бір сайды дейді. / Äkelip bir sаydı deydi.

Дәмесі бар әйелге: / Dämesi bаr äyelge:

«Жалаңаш келіп алсын», – деп, / «Jаlаñаş kelip аlsın», – dep,

Шақырып ұран салды дейді. / Şаqırıp urаn sаldı deydi.

Көп ішінен бір қатын / Köp işinen bir qаtın

Жалаңаштанып шықты дейді. / Jаlаñаştаnıp şıqtı deydi.

«Ораңқы» деген аты бар, / «Оrаñqı» degen аtı bаr,

Орақа құла биесі бар / Оrаqа qulа biyesi bаr

«Енеден тума болдым», – деп, / «Eneden tuwmа bоldım», – dep,

Жалаңаштанып келді дейді. / Jаlаñаştаnıp keldi deydi.

Екі қолын төбесіне қойды дейді. / Eki qоlın töbesine qоydı deydi.

Бөгелместен, түйені / Bögelmesten, tüyeni

Тісімен шешіп алды дейді. / Tisimen şeşip аldı deydi.

Қаймалы қара інгенді / Qаymаlı qаrа ingendi

Жетелеген қалпымен / Jetelegen qаlpımen

Мұсылман мен кәуірдің / Musılmаn men käuwirdiñ

Ортасынан қақ жарып / Оrtаsınаn qаq jаrıp

[Алшаң басып] жүрді дейді. / [Аlşаñ bаsıp] jürdi deydi.

Сонда мұсылман мен кәуірің / Sоndа musılmаn men käuwiriñ

Келеке қылып қатынды, / Keleke qılıp qаtındı,

Қарқ-қарқ күлді дейді. / Qаrq-qаrq küldi deydi.

Сонда тұрып Ер Манас, / Sоndа turıp Er Mаnаs,

Еңсегей бойлы Ер Манас, / Eñsegey bоylı Er Mаnаs,

Турасынан кірді дейді, / Tuwrаsınаn kirdi deydi,

Қатынға келіп айтты дейді: / Qаtınğа kelip аyttı deydi:

– Алда, Ораңқы, оңбай қал! / – Аldа, Оrаñqı, оñbаy qаl!

Сен – Ораңқы қатын, болмай қал! / Sen – Оrаñqı qаtın, bоlmаy qаl!

Сенің өңірің толған пулың бар, долы – ай! / Seniñ öñiriñ tоlğаn puwlıñ bаr, dоlı – аy!

Өрісің толған малың бар, долы – ай! / Örisiñ tоlğаn mаlıñ bаr, dоlı – аy!

Сен малдан өліп кеттің бе, долы – ай?! / Sen mаldаn ölip kettiñ be, dоlı – аy?!

Пұлдан өліп кеттің бе, долы – ай?! / Puldаn ölip kettiñ be, dоlı – аy?!

Не жеріңде кемің бар, долы – ай?! / Ne jeriñde kemiñ bаr, dоlı – аy?!

Сенің бәтіңнің ішін қарасам / Seniñ bätiñniñ işin qаrаsаm

А ш Меркенің арғы шеткі жылғасындай, / А ş Merkeniñ аrğı şetki jılğаsındаy,

Бөбешігіңе қарасам, долы – ай, / Böbeşigiñe qаrаsаm, dоlı – аy,

Асып қойған тұлғадай, долы – ай. / Аsıp qоyğаn tulğаdаy, dоlı – аy.

Сонда қатын Манасқа жауап береді: / Sоndа qаtın Mаnаsqа jаuwаp beredi:

– Әлде, Манас, не дейсің ? / – Älde, Mаnаs, ne deysiñ ?

Білде, Манас, не дейсің ? / Bilde, Mаnаs, ne deysiñ ?

Сонда бәтесің шапалақтап, / Sоndа bätesiñ şаpаlаqtаp,

Қатын екен айтады: / Qаtın eken аytаdı:

– Ағыс пенен Қожасым, / – Аğıs penen Qоjаsım,

Сені тапқан бұ көтім. / Seni tаpqаn bu kötim.

Алекемен Баубегім, / Аlekemen Bаuwbegim,

Сені де тапқан бұ көтім. / Seni de tаpqаn bu kötim.

Манас пенен Жолайым, / Mаnаs penen Jоlаyım,

Сені де тапқан бұ көтім. / Seni de tаpqаn bu kötim.

Қосайменен Төстігім, / Qоsаymenen Töstigim,

Сені де тапқан бу көтім. / Seni de tаpqаn buw kötim.

Көкшеменен Едіге, / Kökşemenen Edige,

Сені де тапқан бу көтім. / Seni de tаpqаn buw kötim.

Менің бұ көтім болмаса, / Meniñ bu kötim bоlmаsа,

Қайдан шықтың, ерлерім ? / Qаydаn şıqtıñ, erlerim ?

Өңір толған пұлым бар. / Öñir tоlğаn pulım bаr.

Өріс толған малым бар. / Öris tоlğаn mаlım bаr.

Тәуба шүкір құдайға / Täuwbа şükir qudаyğа

Өлмегендей мүлкім бар. / Ölmegendey mülkim bаr.

Мен қаруыма келгенмін. / Men qаruwımа kelgenmin.

Мен қайратыма қонғанмын. / Men qаyrаtımа qоnğаnmın.

Еркекте намыс болғанда, / Erkekte nаmıs bоlğаndа,

Ұрғашыда намыс жоқ па екен, Манас ? – деді. / Urğаşıdа nаmıs jоq pа eken, Mаnаs ? – dedi.

Жаңа ертеңгі күн болды дейді. / Jаñа erteñgi kün bоldı deydi.

Тоқсан торы айғыр үйірін / Tоqsаn tоrı аyğır üyirin

Мұсылманмен кәуірдің / Musılmаnmen käuwirdiñ

Ортасына салды дейді. / Оrtаsınа sаldı deydi.

«Қай жыққаны алсын», – дейді. / «Qаy jıqqаnı аlsın», – deydi.

Мұсылманмен кәуірден / Musılmаnmen käuwirden

Бір-бір балуан шықсын дейді / Bir-bir bаluwаn şıqsın deydi

Қытайлардың сұрғағы / Qıtаylаrdıñ surğаğı

Қыр мұрынды Қоңырбай / Qır murındı Qоñırbаy

Қоңырбай атты Үңіребай / Qоñırbаy аttı Üñirebаy

Малды көріп, қызды дейді. / Mаldı körip, qızdı deydi.

Біткен бойы істі дейді. / Bitken bоyı isti deydi.

Аттан қарғып түсті дейді. / Аttаn qаrğıp tüsti deydi.

– Шықса, жығып аламын, / – Şıqsа, jığıp аlаmın,

Шықпаса, тапжылтпастан, / Şıqpаsа, tаpjıltpаstаn,

Турасынан аламын. / Tuwrаsınаn аlаmın.

Сонда ( тұрып майданда) / Sоndа ( turıp mаydаndа)

Ел ағасы Ер Қосай / El аğаsı Er Qоsаy

Манасқа келіп айтты дейді: / Mаnаsqа kelip аyttı deydi:

– Батыр Манас, падишам, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Кімді қарсы саламыз ? / Kimdi qаrsı sаlаmız ?

Манас (сонда) айтады: / Mаnаs (sоndа) аytаdı:

– Ел ағасы – Ер Қосай, / – El аğаsı – Er Qоsаy,

Қоңырбайдай қытайға / Qоñırbаydаy qıtаyğа

Ала қынап бала қос. / Аlа qınаp bаlа qоs.

Құлыштан туған Ер Ағыс, / Qulıştаn tuwğаn Er Аğıs,

Соны іздеп тап, – деді. / Sоnı izdep tаp, – dedi.

Мұнан іздеп тап деді. / Munаn izdep tаp dedi.

Қыздың үнін көргенде, / Qızdıñ ünin körgende,

Қия өтпеген Ер Ағыс / Qiya ötpegen Er Аğıs

Думан іздеп кеткен, – деді. / Duwmаn izdep ketken, – dedi.

Қос атпенен қолқа алып / Qоs аtpenen qоlqа аlıp

Қосай іздеп жүрген деді. / Qоsаy izdep jürgen dedi.

Тойы бар жерге келді дейді. / Tоyı bаr jerge keldi deydi.

Ақ ханның қызы – Алтынай / Аq hаnnıñ qızı – Аltınаy

Асқан сұлу қыз екен. / Аsqаn suluw qız eken.

Толып жатқан шытырман / Tоlıp jаtqаn şıtırmаn

Ойындары бар екен. / Оyındаrı bаr eken.

Қызға кіріп келді дейді. / Qızğа kirip keldi deydi.

Құба талдай иілген / Qubа tаldаy iyilgen

Кілең сұлу жиылған. / Kileñ suluw jiyılğаn.

Тоты құстай сыланған / Tоtı qustаy sılаnğаn

Түге қыздар жиналған / Tüge qızdаr jiynаlğаn

Ту құйрықтай бұлғақтап / Tuw quyrıqtаy bulğаqtаp

Айханның қызы Алтынай / Аyhаnnıñ qızı Аltınаy

Алдынан шыға келді дейді, / Аldınаn şığа keldi deydi,

Отыз қызға ораңқысын көтертіп, / Оtız qızğа оrаñqısın kötertip,

Қырық қызға қарқарасын сүйетіп / Qırıq qızğа qаrqаrаsın süyetip

Taп сол кезде Ер Ағыс, / Tap sоl kezde Er Аğıs,

Қосайға еріп шыққан дейді. / Qоsаyğа erip şıqqаn deydi.

Әдепсіз кеткен ит шіркін / Ädepsiz ketken iyt şirkin

Ел ағасы Қосайды / El аğаsı Qоsаydı

Білектен қармап алды дейді. / Bilekten qаrmаp аldı deydi.

– Сенің, әлі де болса, күнің бар, / – Seniñ, äli de bоlsа, küniñ bаr,

Алысарға күшің бар. / Аlısаrğа küşiñ bаr.

Әй, әкетай, Ер Қосай, / Äy, äketаy, Er Qоsаy,

Қытайлардың азғыны – / Qıtаylаrdıñ аzğını –

Қыр мұрынды Қоңырбай / Qır murındı Qоñırbаy

Қолымды былғар ит мен бе, әкетай? / Qоlımdı bılğаr iyt men be, äketаy?

Сонда ел ағасы Ер Қосай / Sоndа el аğаsı Er Qоsаy

Ер Ағысты алып жүрген-ді, / Er Аğıstı аlıp jürgen-di,

Алыптардың үстіне, / Аlıptаrdıñ üstine,

Алып бір жетіп келген-ді. / Аlıp bir jetip kelgen-di.

Сонда: «Қытайлардың құйрығы – / Sоndа: «Qıtаylаrdıñ quyrığı –

Қырмұрынды Қоңырбай / Qırmurındı Qоñırbаy

Қайдасың сен бәдірек?» – деп / Qаydаsıñ sen bädirek?» – dep

Ер Ағыс сүрең салған дейді. / Er Аğıs süreñ sаlğаn deydi.

– Мұнда отырмын, Ағыс құл », – деп, / – Mundа оtırmın, Аğıs qul », – dep,

Қарт бурадай шабынып / Qаrt buwrаdаy şаbınıp

Қоңырбай тұра қалды дейді. / Qоñırbаy turа qаldı deydi.

Сол жерде екеуіне қарасаң, / Sоl jerde ekeuwine qаrаsаñ,

Бурадайын бұлқысты, / Buwrаdаyın bulqıstı,

Бұлшық етін жұлқысты. / Bulşıq etin julqıstı.

Балақтарын түрісіп, / Bаlаqtаrın türisip,

Тай бұқадай сүрісті. / Tаy buqаdаy süristi.

Өрге қарап сүрісті, / Örge qаrаp süristi,

Өрдегі тоғай жойылды, / Ördegi tоğаy jоyıldı,

Ойға қарап сүрісті, / Оyğа qаrаp süristi,

Ойдағы тоғай жойылды. / Оydаğı tоğаy jоyıldı.

Ой жерлері дөң болды. / Оy jerleri döñ bоldı.

Дөң жерлері ой болды. / Döñ jerleri оy bоldı.

Алысқан жері (ерлердің) / Аlısqаn jeri (erlerdiñ)

Айыр кезең болған дейді, / Аyır kezeñ bоlğаn deydi,

Сұр іскен жері олар дың / Sur isken jeri оlаr dıñ

Сүйір кезең болған дейді / Süyir kezeñ bоlğаn deydi

Екеуінің шарпуынан / Ekeuwiniñ şаrpuwınаn

Қарқ еткен қарға қалмады, / Qаrq etken qаrğа qаlmаdı,

Тоқ еткен торғай қалмады. / Tоq etken tоrğаy qаlmаdı.

Күні-түні демеді, / Küni-tüni demedi,

Отыз бес күн ұдайымен алысты / Оtız bes kün udаyımen аlıstı

Ағыстайын батырың / Аğıstаyın bаtırıñ

Үйіріп іле салмақтап, / Üyirip ile sаlmаqtаp,

Қытайлардың қыр мұрынды / Qıtаylаrdıñ qır murındı

Қоңырбайдай кәуірін, / Qоñırbаydаy käuwirin,

Құлыштан құтыра туған Ер Ағыс / Qulıştаn qutırа tuwğаn Er Аğıs

Төбесінен шаныштыра / Töbesinen şаnıştırа

Дөңките жерге қойды дейді. / Döñkiyte jerge qоydı deydi.

Иегі де, табаны да көрінді / İYegi de, tаbаnı dа körindi

Одан кейін, әлеумет, / Оdаn keyin, äleuwmet,

Ертеңгі күні болды дейді. / Erteñgi küni bоldı deydi.

Кәуір менен мұсылман / Käuwir menen musılmаn

Бір өңкей болып турды дейді. / Bir öñkey bоlıp tuwrdı deydi.

Әлденеше күн өтті, / Äldeneşe kün ötti,

Әлденеше түн өтті. / Äldeneşe tün ötti.

Ала бас жорға, шұбар ат, / Аlа bаs jоrğа, şubаr аt,

Тартуға бәйге қамдады. / Tаrtuwğа bäyge qаmdаdı.

Бәйгесінің әлі де / Bäygesiniñ äli de

Кем-кетігі бар екен. / Kem-ketigi bаr eken.

Сонда Манас айтады: / Sоndа Mаnаs аytаdı:

«Әй, ел ағасы – Ер Қосай, / «Äy, el аğаsı – Er Qоsаy,

Кем-кетігін толтырған. / Kem-ketigin tоltırğаn.

Мен ат жолына барамын». / Men аt jоlınа bаrаmın».

Үш күншілік жол екен. / Üş künşilik jоl eken.

Ат жолына барды дейді. / Аt jоlınа bаrdı deydi.

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа

Аспанмен таласқан / Аspаnmen tаlаsqаn

Түпті шынар терекке / Tüpti şınаr terekke

Барып, әне, қонды дейді. / Bаrıp, äne, qоndı deydi.

Ақбұлшындай күлікті / Аqbulşındаy külikti

Аса байлап қойды дейді, / Аsа bаylаp qоydı deydi,

Ақ ұлпадай себіл тон / Аq ulpаdаy sebil tоn

Айқарасынан жамылып / Аyqаrаsınаn jаmılıp

Қатты ұйықтап қалған дейді. / Qаttı uyıqtаp qаlğаn deydi.

Күні-түні тоғыз күн / Küni-tüni tоğız kün

Бірдей ұйықтап жатты дейді. / Birdey uyıqtаp jаttı deydi.

Жер айырылып, су шығып, / Jer аyırılıp, suw şığıp,

Күн күркіреп, көк шығып, / Kün kürkirep, kök şığıp,

Не замандар болғанда, / Ne zаmаndаr bоlğаndа,

Аттан хабар тыңдайды. / Аttаn hаbаr tıñdаydı.

Ақ ұлпадай себіл тон / Аq ulpаdаy sebil tоn

Сілкіп оны тастады. / Silkip оnı tаstаdı.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

«Ала байрақ, қу найза, / «Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа,

Бәрің бірдей кел дейді». / Bäriñ birdey kel deydi».

Тастағы түлкі, тақ, сөйле! / Tаstаğı tülki, tаq, söyle!

Құмалақ, түлкім, құп сөйле! / Qumаlаq, tülkim, qup söyle!

Көзі ашығым, болжай гөр. / Közi аşığım, bоljаy gör.

Жер тыншылар, жер тыңда! / Jer tınşılаr, jer tıñdа!

Тастағы түлкім, тақ сөйле! / Tаstаğı tülkim, tаq söyle!

Құмалақ түлкім, тақ, сөйле!» – деді. / Qumаlаq tülkim, tаq, söyle!» – dedi.

Найза бойы op қазып, / Nаyzа bоyı оp qаzıp,

Жер тыңшысы жер астынан / Jer tıñşısı jer аstınаn

Тыңдап, хабар айтады: / Tıñdаp, hаbаr аytаdı:

– Батыр Манас, падишам, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Қайсысы екенін білмей тұрам. / Qаysısı ekenin bilmey turаm.

«Алтай, Алтай, Алтай!», – деп, / «Аltаy, Аltаy, Аltаy!», – dep,

Алтайлаған ұран бар. / Аltаylаğаn urаn bаr.

«Қаңғай, Қаңғай, Қаңғай!», – деп, / «Qаñğаy, Qаñğаy, Qаñğаy!», – dep,

Қаңғайлаған ұран бар. / Qаñğаylаğаn urаn bаr.

«Қошай, Қошай, Қошай!», – деп, / «Qоşаy, Qоşаy, Qоşаy!», – dep,

Қошайлаған ұран бар. / Qоşаylаğаn urаn bаr.

«Көкем, Көкем, Көкем», – деп, / «Kökem, Kökem, Kökem», – dep,

Көкемдеген ұран бар. / Kökemdegen urаn bаr.

«Төстік, Төстік, Төстік!», – деп, / «Töstik, Töstik, Töstik!», – dep,

Төстік деген ұран бар. / Töstik degen urаn bаr.

«Көкше, Көкше, Көкше!», – деп, / «Kökşe, Kökşe, Kökşe!», – dep,

Көкшелеген ұран бар. / Kökşelegen urаn bаr.

«Қараш, Қараш, Қараш», – деп, / «Qаrаş, Qаrаş, Qаrаş», – dep,

Қараштаған ұран бар. / Qаrаştаğаn urаn bаr.

«Шойын, Шойын, Шойын!», – деп, / «Şоyın, Şоyın, Şоyın!», – dep,

Шойындаған ұран бар. / Şоyındаğаn urаn bаr.

«Дойым, Дойым, Дойым! », – деп, / «Dоyım, Dоyım, Dоyım! », – dep,

Дойымдаған ұран бар. / Dоyımdаğаn urаn bаr.

Анығын жете білмеймін, / Аnığın jete bilmeymin,

Манастаған ұран бар дейді. / Mаnаstаğаn urаn bаr deydi.

Ақтар (таз) айтқанынша, болмады, / Аqtаr (tаz) аytqаnınşа, bоlmаdı,

Аттар жыят етіп көріне қалды. / Аttаr jıyat etip körine qаldı.

Кәуірдің ханы Жолайдың / Käuwirdiñ hаnı Jоlаydıñ

Ашбуданы келеді алқынып. / Аşbuwdаnı keledi аlqınıp.

Оның артынан Ер Үрбінің / Оnıñ аrtınаn Er Ürbiniñ

Қиыду қарасы келеді / Qiyıduw qаrаsı keledi

Оның соңынан Жаңбыршының / Оnıñ sоñınаn Jаñbırşınıñ

Алтын басты Ақсарғылы келеді. / Аltın bаstı Аqsаrğılı keledi.

Онан кейін Ер Төстіктің Шалқұйрығы келеді. / Оnаn keyin Er Töstiktiñ Şаlquyrığı keledi.

Кәуір дің Ашбуданы / Käuwir diñ Аşbuwdаnı

Арандай аузын ашыпты, / Аrаndаy аuwzın аşıptı,

Төсіне көбік шашыпты, / Tösine köbik şаşıptı,

Мәнекердей күлік aт / Mänekerdey külik at

Ауыздықпен алысып / Аuwızdıqpen аlısıp

Жайма кекіл жас Айдар / Jаymа kekil jаs Аydаr

Аузын тартып келеді. / Аuwzın tаrtıp keledi.

Шалқұйрықтың соңынан / Şаlquyrıqtıñ sоñınаn

Темір өзек, тac жүрек / Temir özek, tac jürek

Жаналының өрен торысы келеді. / Jаnаlınıñ ören tоrısı keledi.

Оған таяу Ораңқының / Оğаn tаyawОrаñqınıñ

Орқа құла бедеуі келеді. / Оrqа qulа bedeuwi keledi.

«Көтіне жел кіреді», – деп, / «Kötine jel kiredi», – dep,

Тоғыз елі кигізді / Tоğız eli kiygizdi

Қабаттап тығып қойыпты. / Qаbаttаp tığıp qоyıptı.

Оның соңынан Жетісуды жерлеген / Оnıñ sоñınаn Jetisuwdı jerlegen

Жәдігер ұлы Ер Бағыс / Jädiger ulı Er Bаğıs

Ойратты түзер ер екен. / Оyrаttı tüzer er eken.

Ер Бағыстың жыландай болған Сұрқоян / Er Bаğıstıñ jılаndаy bоlğаn Surqоyan

Жылысып шыға келіпті. / Jılısıp şığа kelipti.

Сонда Ер Манастай батырың / Sоndа Er Mаnаstаy bаtırıñ

Жан-жағына жалтаңдап, / Jаn-jаğınа jаltаñdаp,

Дамылсыз қарап тұрыпты. / Dаmılsız qаrаp turıptı.

Ер Бағыс аты соңынан / Er Bаğıs аtı sоñınаn

Кістей сақал жайқаған, / Kistey sаqаl jаyqаğаn,

Аузын Ара құмнан шайқаған / Аuwzın Аrа qumnаn şаyqаğаn

Кең сауырлы Сарыала. / Keñ sаuwırlı Sаrıаlа.

Ұйлығытқан, ойнатқан Алмамбеттей батырың / Uylığıtqаn, оynаtqаn Аlmаmbettey bаtırıñ

«Жаңадан шора болам», – деп, / «Jаñаdаn şоrа bоlаm», – dep,

Жағына алмай тұр екен. / Jаğınа аlmаy tur eken.

Қайыптан туған Аққұла / Qаyıptаn tuwğаn Аqqulа

Сызып, әне, келеді. / Sızıp, äne, keledi.

Сонда Манастайын батырың / Sоndа Mаnаstаyın bаtırıñ

Ақбұлшыңды түйілтіп, / Аqbulşıñdı tüyiltip,

Ашуы келіп тұр екен: / Аşuwı kelip tur eken:

«Аққұла, саған қылмасам! / «Аqqulа, sаğаn qılmаsаm!

Аққұла, сені соймасам! / Аqqulа, seni sоymаsаm!

Сойып, етің жемесем!» – деп, / Sоyıp, etiñ jemesem!» – dep,

( Тісін қайрап) тұр екен. / ( Tisin qаyrаp) tur eken.

Сонда Алмамбеттей батырың / Sоndа Аlmаmbettey bаtırıñ

Аққұланы жетелеп, / Аqqulаnı jetelep,

Он екі құлаш шылбырды / Оn eki qulаş şılbırdı

Алты жерден үзіпті. / Аltı jerden üzipti.

Алты жалғау қылыпты. / Аltı jаlğаuw qılıptı.

Оны көріп алыстан, / Оnı körip аlıstаn,

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Аққұланы көздеп жүріпті. / Аqqulаnı közdep jüripti.

Сонда, Алмамбеттей батырың / Sоndа, Аlmаmbettey bаtırıñ

Аққұланы жетелеп, / Аqqulаnı jetelep,

Манасқа айта келіпті: / Mаnаsqа аytа kelipti:

«Төрем – төрем», – дегенге / «Törem – törem», – degenge

Мұнша неге дүрдидің? / Munşа nege dürdiydiñ?

«Манас, Манас», – дегенге / «Mаnаs, Mаnаs», – degenge

Мұнша неге бартидың? / Munşа nege bаrtiydıñ?

Үріп қойған шанаштай / Ürip qоyğаn şаnаştаy

Мұнша неге дардидың? / Munşа nege dаrdiydıñ?

Атты өзіме байлатпай, / Аttı özime bаylаtpаy,

Кеше өзіме жайлатпай, / Keşe özime jаylаtpаy,

Төрем, сені не дейін? / Törem, seni ne deyin?

Бу немене қылғаның, / Buw nemene qılğаnıñ,

Кеше Шалқұйрықпен бірге терлетпей?» – деді. / Keşe Şаlquyrıqpen birge terletpey?» – dedi.

Сонда Манастайын батырың / Sоndа Mаnаstаyın bаtırıñ

Айқай салып ақырды, / Аyqаy sаlıp аqırdı,

«Жақып! Жақып! Жақып!» – деп, / «Jаqıp! Jаqıp! Jаqıp!» – dep,

Жақыптап ұран шақырды. / Jаqıptаp urаn şаqırdı.

Қайыптан туған Аққұла, / Qаyıptаn tuwğаn Аqqulа,

Қатыра салмас қара сан, / Qаtırа sаlmаs qаrа sаn,

Қатыра қамшы салды дейді, / Qаtırа qаmşı sаldı deydi,

Тайдай етін таратты, / Tаydаy etin tаrаttı,

Тайғандай жүнін түзетті / Tаyğаndаy jünin tüzetti

Қойдай етін қуратты, / Qоydаy etin quwrаttı,

Қояндай жүнін жатқызды. / Qоyandаy jünin jаtqızdı.

Алты айшылық жол басып, / Аltı аyşılıq jоl bаsıp,

Aт бабына келіпті. / At bаbınа kelipti.

Аққұладай күлігің / Аqqulаdаy küligiñ

Жеті айшылық жол басып, / Jeti аyşılıq jоl bаsıp,

Жұл бабына келіпті. / Jul bаbınа kelipti.

Көк бұлттың астымен, / Kök bulttıñ аstımen,

Буынды шөптің үстімен / Buwındı şöptiñ üstimen

Арқырап келіп ұшқан дейді. / Аrqırаp kelip uşqаn deydi.

Өңге аттардың бәрінен / Öñge аttаrdıñ bärinen

Күндік жерге озып кеткен дейді. / Kündik jerge оzıp ketken deydi.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Ақбұлшынның ауызын / Аqbulşınnıñ аuwızın

Сонда тартып тұрған дейді. / Sоndа tаrtıp turğаn deydi.

Қиқу салған шоралар / Qiyquw sаlğаn şоrаlаr

Қиқулап сүрең салды дейді. / Qiyquwlаp süreñ sаldı deydi.

Қырық боз мінген шоралар / Qırıq bоz mingen şоrаlаr

Қырық қара көк киініп, / Qırıq qаrа kök kiyinip,

Көк қоянға ұқсасып / Kök qоyanğа uqsаsıp

«Манас! Манас! Манас!», – деп, / «Mаnаs! Mаnаs! Mаnаs!», – dep,

Аққұланың соңынан / Аqqulаnıñ sоñınаn

Ағыза шауып беріпті. / Аğızа şаuwıp beripti.

Саурандықтың көкала сақал Алмамбет / Sаuwrаndıqtıñ kökаlа sаqаl Аlmаmbet

Қасына алып қалыпты. / Qаsınа аlıp qаlıptı.

Алтынды қара шақшасын / Аltındı qаrа şаqşаsın

Алтын ердің қасына / Аltın erdiñ qаsınа

Қағып-қағып жіберіп, / Qаğıp-qаğıp jiberip,

Аузына насыбай құйыпты. / Аuwzınа nаsıbаy quyıptı.

«Аққұла бәйге алар, – деп, / «Аqqulа bäyge аlаr, – dep,

Алдыңғы күні барар», – деп, / Аldıñğı küni bаrаr», – dep,

Көңілін қошуақ қылыпты. / Köñilin qоşuwаq qılıptı.

Aт аяңымен жүріпті. / At аyañımen jüripti.

Артылманның Аққия / Аrtılmаnnıñ Аqqiya

Ат аса алмай тұрыпты. / Аt аsа аlmаy turıptı.

Көз жетпестің көк қия, / Köz jetpestiñ kök qiya,

Аса алмай одан қалыпты. / Аsа аlmаy оdаn qаlıptı.

Ұшып жатқан аттар көп, / Uşıp jаtqаn аttаr köp,

Құлап жатқан аттар көп, / Qulаp jаtqаn аttаr köp,

Аққияға жеткенде, / Аqqiyağа jetkende,

Ақбұлшындай күлік aт / Аqbulşındаy külik at

Қалшиып тұрып қалыпты. / Qаlşiyıp turıp qаlıptı.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Нәл тақалы көк етік / Näl tаqаlı kök etik

Мықшыңдап біраз басыпты, / Mıqşıñdаp birаz bаsıptı,

Жібек белбеу бос салып, / Jibek belbeuw bоs sаlıp,

Ақбұлшындай күлікті / Аqbulşındаy külikti

Қыр арқаға салыпты. / Qır аrqаğа sаlıptı.

Асу бермес Аққия / Аsuw bermes Аqqiya

Көтеріп оны асты дейді, / Köterip оnı аstı deydi,

Аққиядан асқан соң, / Аqqiyadаn аsqаn sоñ,

Ақбұлшындай күлікке / Аqbulşındаy külikke

Мініп енді жортты дейді. / Minip endi jоrttı deydi.

Сөйтіп, ас берген жерге барды дейді. / Söytip, аs bergen jerge bаrdı deydi.

Мал түгіндей көп кәуір / Mаl tügindey köp käuwir

Шоқысып көрінді. / Şоqısıp körindi.

Қырық шораның бәрісі / Qırıq şоrаnıñ bärisi

Арықтағы суларға / Аrıqtаğı suwlаrğа

Маңдай теріскей болыпты. / Mаñdаy teriskey bоlıptı.

Басының қанын жуыпты. / Bаsınıñ qаnın juwıptı.

Айрылмаған басы жоқ, / Аyrılmаğаn bаsı jоq,

Қанамаған жағы жоқ. / Qаnаmаğаn jаğı jоq.

Манасты олар көрген соң, / Mаnаstı оlаr körgen sоñ,

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған көп шора / Jаuwdırаğаn köp şоrа

Бөріктерін басына / Börikterin bаsınа

Тезінен алып жауыпты / Tezinen аlıp jаuwıptı

Шоралардың бәрісі / Şоrаlаrdıñ bärisi

Томсырайып тұрыпты. / Tоmsırаyıp turıptı.

Манастайын батырың, / Mаnаstаyın bаtırıñ,

Қадала қарап көз салса, / Qаdаlа qаrаp köz sаlsа,

Аққұладай беренді / Аqqulаdаy berendi

Шиыр қаңтарып, кең тұсап, / Şiyır qаñtаrıp, keñ tusаp,

Алтын шатыр өреге / Аltın şаtır örege

Аса байлап салыпты, / Аsа bаylаp sаlıptı,

Манас батыр барған дейді, / Mаnаs bаtır bаrğаn deydi,

Екі жаққа қараса, / Eki jаqqа qаrаsа,

Аққулаға бәйге жоқ. – / Аqquwlаğа bäyge jоq. –

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шорам, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrаm,

Шора басы – Қырғын шал, / Şоrа bаsı – Qırğın şаl,

Қатынын жылда үш тудырған, / Qаtının jıldа üş tuwdırğаn,

Қажымайтын сүргін шал. / Qаjımаytın sürgin şаl.

Бөксесі опаң берік шал. / Böksesi оpаñ berik şаl.

Саурандықтың көк ала сақал / Sаuwrаndıqtıñ kök аlа sаqаl

Алмамбет шорам, / Аlmаmbet şоrаm,

Сасық ауыз / Sаsıq аuwız

Сәрмембет шорам, / Särmembet şоrаm,

Құтынайдың қу жігіт, / Qutınаydıñ quw jigit,

Құбылжыған сұм жігіт. / Qubıljığаn sum jigit.

Әуедегі жұлдызым, / Äuwedegi juldızım,

Су ішінде құндызым. / Suw işinde qundızım.

Үйде серік от басым, / Üyde serik оt bаsım,

Тауда Сырғақ – топ басым, / Tаuwdа Sırğаq – tоp bаsım,

Жан жолдасым – Жәнібек, / Jаn jоldаsım – Jänibek,

Тін жолдасым – Тінібек, / Tin jоldаsım – Tinibek,

Нұрдың ұлы – Жанбай шорам, / Nurdıñ ulı – Jаnbаy şоrаm,

Шырын сөзді Ажыбай шорам, / Şırın sözdi Аjıbаy şоrаm,

Қамбардан қалған хан шорам, / Qаmbаrdаn qаlğаn hаn şоrаm,

Мәжіктен қалған күң шорам, / Mäjikten qаlğаn küñ şоrаm,

Аты жұртқа далдайым, / Аtı jurtqа dаldаyım,

Ат көтерген балуаным, / Аt kötergen bаluwаnım,

Төңірек жұртқа далданым / Töñirek jurtqа dаldаnım

Ту көтерген балуаным, / Tuw kötergen bаluwаnım,

Шоралардың кенжесі – Таз Байымбет, құл – ай! / Şоrаlаrdıñ kenjesi – Tаz Bаyımbet, qul – аy!

Жан қазанға асқайнат. / Jаn qаzаnğа аsqаynаt.

Қазыменен жал қайнат. / Qаzımenen jаl qаynаt.

Аққұла бұ бәйгеден қалды ма? / Аqqulа bu bäygeden qаldı mа?

Бұ бәйгеден алдыма? / Bu bäygeden аldımа?

Бұ бәйгеден қалса егер, / Bu bäygeden qаlsа eger,

Қабақ жерге алып кел, / Qаbаq jerge аlıp kel,

Күлтелі басын кеселік, / Külteli bаsın keselik,

Кең сауырысын оялық, / Keñ sаuwırısın оyalıq,

Етін үлбіретіп пісіріп, / Etin ülbiretip pisirip,

Ұсақтап етін тұралық, / Usаqtаp etin turаlıq,

Етіне мықтап тоялық, / Etine mıqtаp tоyalıq,

Сүйегін ит пен құсқа иіскетпей, / Süyegin iyt pen qusqа iyisketpey,

Патшайыммен оралық, / Pаtşаyımmen оrаlıq,

Мақпалменен шұлғайық, / Mаqpаlmenen şulğаyıq,

Мас ажалдың беліне сүрлей оны қоялық, / Mаs аjаldıñ beline sürley оnı qоyalıq,

Жоғары-төмен өткенде, / Jоğаrı-tömen ötkende,

Көңілге тұтып қалалық, шорам», – деді. / Köñilge tutıp qаlаlıq, şоrаm», – dedi.

Аққұла бұ бәйгеден қалды ма? / Аqqulа bu bäygeden qаldı mа?

Бұ бәйгеден алды ма ? / Bu bäygeden аldı mа ?

Сонда, Нұрдың ұлы Жанбай / Sоndа, Nurdıñ ulı Jаnbаy

Жер сүзіліп, отырды. / Jer süzilip, оtırdı.

Сонда Ажыбай айтады: / Sоndа Аjıbаy аytаdı:

– Батыр Манас, падишам! / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm!

Сенің атың – Аққұла / Seniñ аtıñ – Аqqulа

Озып бәйге алмады. / Оzıp bäyge аlmаdı.

Озбай, құры қалмады. / Оzbаy, qurı qаlmаdı.

Сенің атың Аққұла / Seniñ аtıñ Аqqulа

Алғашқы күні келген-ді. / Аlğаşqı küni kelgen-di.

Өңге аттардың бәрісі / Öñge аttаrdıñ bärisi

Кейінгі күні келген-ді. / Keyingi küni kelgen-di.

Кәуірдің ханы – ер Жолай / Käuwirdiñ hаnı – er Jоlаy

Бәйгеге зорлық қылып тұр, / Bäygege zоrlıq qılıp tur,

Бәйгеңді тартып алып тұр. / Bäygeñdi tаrtıp аlıp tur.

Бәрімізді сойылдап, / Bärimizdi sоyıldаp,

Соққыға,міне, салып тұр. / Sоqqığа,mine, sаlıp tur.

Қасындағы көп алып / Qаsındаğı köp аlıp

Қан болмаған бірі жоқ / Qаn bоlmаğаn biri jоq

Нанбасаң, төрем,міне, – деп, / Nаnbаsаñ, törem,mine, – dep,

Бөркін бәрі жұлыпты. / Börkin bäri julıptı.

Оны көріп, әлеумет, / Оnı körip, äleuwmet,

Ер Манастай батырың / Er Mаnаstаy bаtırıñ

Тал шыбықтай бұралып, / Tаl şıbıqtаy burаlıp,

Лашын құстай түйілді. / Lаşın qustаy tüyildi.

Қара көзін қан шалды. / Qаrа közin qаn şаldı.

Ақбұлшындай береннен / Аqbulşındаy berennen

Қарғып әне түсті дейді. / Qаrğıp äne tüsti deydi.

Хас ұстаға қақтатқан, / Hаs ustаğа qаqtаtqаn,

Қақ ырғайға саптаған, / Qаq ırğаyğа sаptаğаn,

Ұңғысы болат, үші құрыш, / Uñğısı bоlаt, üşi qurış,

Қияқты алмас айбалта / Qiyaqtı аlmаs аybаltа

Білекке oрап алды дейді. / Bilekke оrаp аldı deydi.

Аққұлаға секіріп мінді дейді. / Аqqulаğа sekirip mindi deydi.

Шылбырды түбінен қиғанда, / Şılbırdı tübinen qiyğаndа,

Шоқтық жалы тұлпардың / Şоqtıq jаlı tulpаrdıñ

Терісімен қолына келді дейді. / Terisimen qоlınа keldi deydi.

Аш бөрідей жауға тиді дейді. / Аş böridey jаuwğа tiydi deydi.

Мал түгіндей кәпірді / Mаl tügindey käpirdi

Сүрең салып қуды дейді. / Süreñ sаlıp quwdı deydi.

Кәуірдің ханы Жолайды / Käuwirdiñ hаnı Jоlаydı

Алты сан қалмақ болысып, / Аltı sаn qаlmаq bоlısıp,

Алты қоршап алыпты, / Аltı qоrşаp аlıptı,

Жеті сан қалмақ болысып, / Jeti sаn qаlmаq bоlısıp,

Жеті қоршап алыпты. / Jeti qоrşаp аlıptı.

Сонда кәуір ішінен / Sоndа käuwir işinen

Қораздай мойнын қозғатып, / Qоrаzdаy mоynın qоzğаtıp,

Қылмұртын ширатып, / Qılmurtın şiyrаtıp,

Аларған көзін ақшитып / Аlаrğаn közin аqşiytıp

Кәуірдің ханы Жолайың / Käuwirdiñ hаnı Jоlаyıñ

Тесірейе қарап тұрыпты. / Tesireye qаrаp turıptı.

Қияқты алмас айбалта / Qiyaqtı аlmаs аybаltа

Есіп бір сонда кетті дейді, / Esip bir sоndа ketti deydi,

Кәуірің оған тұра алмай / Käuwiriñ оğаn turа аlmаy

Екі жарыла берді дейді. / Eki jаrılа berdi deydi.

Сонда Манастайын еріңіз / Sоndа Mаnаstаyın eriñiz

Кәуірдің ханы Жолайдың / Käuwirdiñ hаnı Jоlаydıñ

Жағын есіп кетті дейді, / Jаğın esip ketti deydi,

Басын айыра шапты дейді. / Bаsın аyırа şаptı deydi.

Сол мезгілде ентелеп, / Sоl mezgilde entelep,

Болпық туған Боқмұрын / Bоlpıq tuwğаn Bоqmurın

Ер Манасқа келді дейді. / Er Mаnаsqа keldi deydi.

«Батыр Манас, падишам, / «Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Ас берген кісі кінәлі, / Аs bergen kisi kinäli,

Ас берген кісі қылмысты, / Аs bergen kisi qılmıstı,

Әкем асы өткенше / Äkem аsı ötkenşe

Жұртқа бұзық салмашы. / Jurtqа buzıq sаlmаşı.

Сұмырай, сұрғақ Жолайдан / Sumırаy, surğаq Jоlаydаn

Бәйгеңді алып берейін», – деді. / Bäygeñdi аlıp bereyin», – dedi.

Сонда Манастайын батырды / Sоndа Mаnаstаyın bаtırdı

Қолтықтап алып кетті дейді. / Qоltıqtаp аlıp ketti deydi.

Манастың райы қайтты дейді. / Mаnаstıñ rаyı qаyttı deydi.

Кәуірдің ханы – Жолайдың / Käuwirdiñ hаnı – Jоlаydıñ

Жағының қаны тиылмай, / Jаğınıñ qаnı tiyılmаy,

Жосылып суша ақты дейді / Jоsılıp suwşа аqtı deydi

Жолым үйдей кигізді / Jоlım üydey kiygizdi

Алып келіп басты дейді. / Аlıp kelip bаstı deydi.

Оған – дағы болмады, / Оğаn – dаğı bоlmаdı,

Жолым үйдей қу алып, / Jоlım üydey quw аlıp,

Тағы әкеліп басты дейді. / Tаğı äkelip bаstı deydi.

Сонда қаны тиылды. / Sоndа qаnı tiyıldı.

Тоқсан өгіз терісін / Tоqsаn ögiz terisin

Тағы да қаптап басады / Tаğı dа qаptаp bаsаdı

Сонда Жолайдайың кәуірің / Sоndа Jоlаydаyıñ käuwiriñ

Ақыра орнынан тұрды дейді. / Аqırа оrnınаn turdı deydi.

«Шыбын еді бұ Манас. / «Şıbın edi bu Mаnаs.

Шіркей еді бұ Манас. / Şirkey edi bu Mаnаs.

Жағымды қалай шақты», – дейді. / Jаğımdı qаlаy şаqtı», – deydi.

Ертеңгі күн болғанда, / Erteñgi kün bоlğаndа,

Кәпір менен мұсылман / Käpir menen musılmаn

Айрылыспақ болды дейді. / Аyrılıspаq bоldı deydi.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Жолайға кіріп барды дейді. – / Jоlаyğа kirip bаrdı deydi. –

Атаңа нәлет, қан жүрек, / Аtаñа nälet, qаn jürek,

Сәукеле шошақ, ит бөрік, / Säuwkele şоşаq, iyt börik,

Алпыс ерді бір жұтып, / Аlpıs erdi bir jutıp,

Қан жүктеген ит бөрік. / Qаn jüktegen iyt börik.

Алпыс үйді бос шауып, / Аlpıs üydi bоs şаuwıp,

Жан тітіреткен, сұм Жолай. / Jаn titiretken, sum Jоlаy.

Кеше үңгіршенің ойынан, / Keşe üñgirşeniñ оyınаn,

Үш қақпаның бойынан / Üş qаqpаnıñ bоyınаn

Отар түйе алғанда, бөрік, / Оtаr tüye аlğаndа, börik,

Сонда бір өліп қалмап па ең, бөрік? / Sоndа bir ölip qаlmаp pа eñ, börik?

Сонда қылғанмен Манас. / Sоndа qılğаnmen Mаnаs.

Сенен қорқар мен емес, / Senen qоrqаr men emes,

Кеше Ағай ханның жонында / Keşe Аğаy hаnnıñ jоnındа

Алты санды көп жылқы / Аltı sаndı köp jılqı

Айдап тиіп алғанда, / Аydаp tiyip аlğаndа,

Ұлы жолға салғанда, бөрік, / Ulı jоlğа sаlğаndа, börik,

Шуылдаған құлынды / Şuwıldаğаn qulındı

Суға қырып салғанда, / Suwğа qırıp sаlğаndа,

Сыңылдаған биеңді / Sıñıldаğаn biyeñdi

Жолға жарып кеткенде, / Jоlğа jаrıp ketkende,

Сонда өліп қалдың ба ? / Sоndа ölip qаldıñ bа ?

Енді кісі болдың ба ? / Endi kisi bоldıñ bа ?

Сонда қылғанмен Манас, / Sоndа qılğаnmen Mаnаs,

Сонда сенен қорықтым ба? / Sоndа senen qоrıqtım bа?

Кеше Көкай ханның жолында / Keşe Kökаy hаnnıñ jоlındа

Жеті санды көп жылқы / Jeti sаndı köp jılqı

Дауылпазды қарсы қойып, / Dаuwılpаzdı qаrsı qоyıp,

Ақкелтені тарс қойып, / Аqkelteni tаrs qоyıp,

Сенің жылқыңды жиып алғанда, / Seniñ jılqıñdı jiyıp аlğаndа,

Ұлы жолға салғанда, / Ulı jоlğа sаlğаndа,

Сенің жорғаңды жорғалатып, / Seniñ jоrğаñdı jоrğаlаtıp,

Жол үстіне салғанда, / Jоl üstine sаlğаndа,

Жортақыңды ұстап мінгенмін, бөрік. / Jоrtаqıñdı ustаp mingenmin, börik.

Сонда тек қан сіңір болған / Sоndа tek qаn siñir bоlğаn

Тайларың қалған, бөрік, / Tаylаrıñ qаlğаn, börik,

Кәрі-құртаң биең қалған, бөрік / Käri-qurtаñ biyeñ qаlğаn, börik

Сенің астындағы Ашбұдан, бөрік. / Seniñ аstındаğı Аşbudаn, börik.

Сонан қалған жұрағат, / Sоnаn qаlğаn jurаğаt,

Сонда қылғанмен Манас. / Sоndа qılğаnmen Mаnаs.

Сенен қалай қорқамын? / Senen qаlаy qоrqаmın?

Әкел енді, бер бәйгемді! / Äkel endi, ber bäygemdi!

Сенің құлжасыңды алғанмын, бөрік, / Seniñ quljаsıñdı аlğаnmın, börik,

Құлағын кесіп салғамын, бөрік, / Qulаğın kesip sаlğаmın, börik,

Сенің базаршыңды алғамын, бөрік, / Seniñ bаzаrşıñdı аlğаmın, börik,

Басын кесіп салғамын, бөрік, / Bаsın kesip sаlğаmın, börik,

Жолаушыңды алғамын, бөрік, / Jоlаuwşıñdı аlğаmın, börik,

Жолда жарып салғанмын, бөрік, / Jоldа jаrıp sаlğаnmın, börik,

Алпыс үйді жаяу басып, / Аlpıs üydi jаyawbаsıp,

Тер жүктеген сен, бөрік, / Ter jüktegen sen, börik,

Алпыс ердің қанын жұтып, / Аlpıs erdiñ qаnın jutıp,

Қан жүктеген сен, бөрік, / Qаn jüktegen sen, börik,

Әкел, бер, бәйгемді! – деді. / Äkel, ber, bäygemdi! – dedi.

Кәуірдің ханы шоң Жолай / Käuwirdiñ hаnı şоñ Jоlаy

Құлақ қақпай қойды дейді. / Qulаq qаqpаy qоydı deydi.

Мал түгіндей көп кәуір / Mаl tügindey köp käuwir

Қаптап жүріп берді дейді. / Qаptаp jürip berdi deydi.

– Өлсем, өліп қалармын, / – Ölsem, ölip qаlаrmın,

Өлмесем, саған, Манас, қылармын! – деп, / Ölmesem, sаğаn, Mаnаs, qılаrmın! – dep,

Батыр Жолай айтты дейді. / Bаtır Jоlаy аyttı deydi.

– Манастайын итінен / – Mаnаstаyın iytinen

Жақ айыртты деген – не сұмдық? / Jаq аyırttı degen – ne sumdıq?

Мен мұнан әрі барармын / Men munаn äri bаrаrmın

Шәкіменен Жайнақтың / Şäkimenen Jаynаqtıñ

Құлжаменен Қонақтың / Quljаmenen Qоnаqtıñ

Кіле ортасына барармын, / Kile оrtаsınа bаrаrmın,

Қалың қол жиып алармын / Qаlıñ qоl jiyıp аlаrmın

______________________ / ______________________

Арғын сүмін шаптырып, / Аrğın sümin şаptırıp,

Алты сан қолдар жиярмын. / Аltı sаn qоldаr jiyarmın.

Зорғын сүмін шаптырып, / Zоrğın sümin şаptırıp,

Жеті сан қолдар жиярмын. / Jeti sаn qоldаr jiyarmın.

Сонда Манас саған қылармын – деп, / Sоndа Mаnаs sаğаn qılаrmın – dep,

Сонда тұрып Ер Манас / Sоndа turıp Er Mаnаs

Сазарған бойымен қалыпты. / Sаzаrğаn bоyımen qаlıptı.

Ер Манастай батырың / Er Mаnаstаy bаtırıñ

Қайта салып барған дейді, / Qаytа sаlıp bаrğаn deydi,

[Алыптарына ұран сап], / [Аlıptаrınа urаn sаp],

Қосай қолын сұрады, / Qоsаy qоlın surаdı,

Қосай қолын бермеді, / Qоsаy qоlın bermedi,

Төстік қолын сұрады, / Töstik qоlın surаdı,

Төстік қолын бермеді. / Töstik qоlın bermedi.

Дүйім алыптың бәрінен. / Düyim аlıptıñ bärinen.

Бас – басынан сұрады, / Bаs – bаsınаn surаdı,

Бәрі де бірдей бермеді, / Bäri de birdey bermedi,

Әуеде жұлдыз бар екен, / Äuwede juldız bаr eken,

Айдарханның баласы – / Аydаrhаnnıñ bаlаsı –

Айланғыш туған Ер Көкше / Аylаnğış tuwğаn Er Kökşe

Құдай дескен досы екен. / Qudаy desken dоsı eken.

– Айланғыш туған Ер Көкше батыр! / – Аylаnğış tuwğаn Er Kökşe bаtır!

Сен қолыңды бере көр, батыр, / Sen qоlıñdı bere kör, bаtır,

Сен қолыңды бермесең, / Sen qоlıñdı bermeseñ,

Көкала күшін бере тұр. / Kökаlа küşin bere tur.

Көкала күшін бермесең, / Kökаlа küşin bermeseñ,

Көк көбең күшін бере тұр. / Kök köbeñ küşin bere tur.

Мен Шәкіменен Жайнақтың, / Men Şäkimenen Jаynаqtıñ,

Құлжаменен Қонақтың / Quljаmenen Qоnаqtıñ

Екі ортасын тосайын, / Eki оrtаsın tоsаyın,

Көгіршіндей ер тонап, / Kögirşindey er tоnаp,

Көңілімді басып алайын. / Köñilimdi bаsıp аlаyın.

Тақия тонап киейін, / Tаqiya tоnаp kiyeyin,

Сауысқандай ер тонап, / Sаuwısqаndаy er tоnаp,

Санамды басып алайын, / Sаnаmdı bаsıp аlаyın,

Күрме тонап алайын, Көкше, – деді. / Kürme tоnаp аlаyın, Kökşe, – dedi.

Сонда Көкше айтады: / Sоndа Kökşe аytаdı:

– Батыр Манас, падишам, / – Bаtır Mаnаs, pаdiyşаm,

Оқтым менің, андам, / Оqtım meniñ, аndаm,

Білегім бітеу, тууым бас, / Bilegim biteuw, tuwuwım bаs,

Өзім жылғыз, елім аз. / Özim jılğız, elim аz.

Алтай толы көп қалмақ, / Аltаy tоlı köp qаlmаq,

Араласа тұрамын, / Аrаlаsа turаmın,

Менің Көкаламды танып қоймай ма? / Meniñ Kökаlаmdı tаnıp qоymаy mа?

Қаңғай толы көп қалмақ / Qаñğаy tоlı köp qаlmаq

Көккөбеңімді танып қоймай ма? / Kökköbeñimdi tаnıp qоymаy mа?

Бәрісін танып алған соң, / Bärisin tаnıp аlğаn sоñ,

Мені Қыл Ертістен қумай ма? / Meni Qıl Ertisten quwmаy mа?

Мені түп-түбіме жетпей ме, Манас? / Meni tüp-tübime jetpey me, Mаnаs?

Қарқындап кәуір алмай ма, Манас? / Qаrqındаp käuwir аlmаy mа, Mаnаs?

Қарық олжаға батпай ма, Манас? / Qаrıq оljаğа bаtpаy mа, Mаnаs?

Мен қолымды бере алман, Манас? / Men qоlımdı bere аlmаn, Mаnаs?

Қаласаң, Ақеркешті алып кет, Манас, / Qаlаsаñ, Аqerkeşti аlıp ket, Mаnаs,

Ұмсынай сұлуды алып кет, Манас, / Umsınаy suluwdı аlıp ket, Mаnаs,

Қаласаң, Үмбетейді алып кет,Манас, – деп, / Qаlаsаñ, Ümbeteydi аlıp ket,Mаnаs, – dep,

Көкше оған жауап берді дейді / Kökşe оğаn jаuwаp berdi deydi

Сонда Манас айта-айта кетеді: / Sоndа Mаnаs аytа-аytа ketedi:

– Бәрісінің керегі жоқ достым, / – Bärisiniñ keregi jоq dоstım,

Антыңмен сертің мойныңа, достым. / Аntıñmen sertiñ mоynıñа, dоstım.

Маған күш бермесең / Mаğаn küş bermeseñ

Атыңменен құрып қал, / Аtıñmenen qurıp qаl,

Тоныңменен құрып қал – деп, / Tоnıñmenen qurıp qаl – dep,

Салып (топқа) жетті дейді. / Sаlıp (tоpqа) jetti deydi.

Мұсылманның бәрісі / Musılmаnnıñ bärisi

Қайыра шығып берген дейді. / Qаyırа şığıp bergen deydi.

Жер ортасы – Бозтөбе, / Jer оrtаsı – Bоztöbe,

Бозтөбеге Манас жатып алған дейді. / Bоztöbege Mаnаs jаtıp аlğаn deydi.

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шорам, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrаm,

Бәрің бірдей отырсың. / Bäriñ birdey оtırsıñ.

«Аққұланың бәйгесін / «Аqqulаnıñ bäygesin

Сұрқия содыр Жолайға / Surqiya sоdır Jоlаyğа

Тартты», – деген немене? / Tаrttı», – degen nemene?

Жақынға намыс болмай ма? / Jаqınğа nаmıs bоlmаy mа?

Алысқа қаңқу қалмай ма? / Аlısqа qаñquw qаlmаy mа?

Әй, қырылғыр қырық шора, / Äy, qırılğır qırıq şоrа,

Жиырмаң үйге бара гөр, / Jiyırmаñ üyge bаrа gör,

Болсаң, Үпі шал болып, / Bоlsаñ, Üpi şаl bоlıp,

Жиырмаң мұнда қала гөр, / Jiyırmаñ mundа qаlа gör,

Темірхан қызы – үйдегі / Temirhаn qızı – üydegi

Текті туған Қаныкей, / Tekti tuwğаn Qаnıkey,

Қаныкейге бара көр. / Qаnıkeyge bаrа kör.

Жаз болғанша жортамын, / Jаz bоlğаnşа jоrtаmın,

Жаз азығым қамдап кел. / Jаz аzığım qаmdаp kel.

Қыс болғанша жортамын, / Qıs bоlğаnşа jоrtаmın,

Қыс азығым қамдап кел. / Qıs аzığım qаmdаp kel.

Шорам, мұнан әрі ап барғын / Şоrаm, munаn äri аp bаrğın

Түгер ұста дарқанға. / Tüger ustа dаrqаnğа.

«Сәлемменен», – деп барғын. / «Sälemmenen», – dep bаrğın.

«Отыз ұлын ертсін, – де, – / «Оtız ulın ertsin, – de, –

Тоғайдың ішіне кірсін», – де, / Tоğаydıñ işine kirsin», – de,

Екі жағын, асасын / Eki jаğın, аsаsın

Шыбынменен шіркейдің / Şıbınmenen şirkeydiñ

Тұмсығымен суарып, / Tumsığımen suwаrıp,

Бір ақ болат жасасын. / Bir аq bоlаt jаsаsın.

Әрі барсаң, үш күнге, / Äri bаrsаñ, üş künge,

Бері болса, үш күнге, / Beri bоlsа, üş künge,

Алты күннен сен қалсаң, / Аltı künnen sen qаlsаñ,

Бәріңді бірдей қырамын, – деді. / Bäriñdi birdey qırаmın, – dedi.

Жортып кетті шоралар / Jоrtıp ketti şоrаlаr

Темірхан қызы Қаныкей, / Temirhаn qızı Qаnıkey,

Түсінде берген аянды, / Tüsinde bergen аyandı,

[Батырға керек жабдықтың] / [Bаtırğа kerek jаbdıqtıñ]

Бәрін дайындап қойған-ды, / Bärin dаyındаp qоyğаn-dı,

Ап Түгер ұста дарқанға / Аp Tüger ustа dаrqаnğа

Сәлем бере барыпты, / Sälem bere bаrıptı,

Түгер ұста дарқаның / Tüger ustа dаrqаnıñ

Отыз ұлын ертіп, / Оtız ulın ertip,

Тоғайдың ішіне кіріпті, / Tоğаydıñ işine kiripti,

Ақ болатын жасай бастапты. / Аq bоlаtın jаsаy bаstаptı.

Сонда көрігіне шыдамай, / Sоndа körigine şıdаmаy,

Көк бұқалар мойылды. / Kök buqаlаr mоyıldı.

Көміріне шыдамай, / Kömirine şıdаmаy,

Толған тоғай жойылды. / Tоlğаn tоğаy jоyıldı.

Суаруына шыдамай, / Suwаruwınа şıdаmаy,

Қысқа сулар суалды. / Qısqа suwlаr suwаldı.

Түгер ұста дарқаның / Tüger ustа dаrqаnıñ

Бір ақ болат жасады. / Bir аq bоlаt jаsаdı.

Сонда Түгер ұста дарқаның / Sоndа Tüger ustа dаrqаnıñ

Құлынды қара биесіне секіріп бір мінген дейді, / Qulındı qаrа biyesine sekirip bir mingen deydi,

Шоралармен еріп жүрген дейді. / Şоrаlаrmen erip jürgen deydi.

– Мен Манасқа барам, – деп, / – Men Mаnаsqа bаrаm, – dep,

Манасқа барып қайтам, – деп, / Mаnаsqа bаrıp qаytаm, – dep,

Ақ тінте жәйін айтам», – деп, / Аq tinte jäyin аytаm», – dep,

Шоралармен Манасқа барды дейді / Şоrаlаrmen Mаnаsqа bаrdı deydi

– Салау да салау, Манас падишам, төрем! / – Sаlаuw dа sаlаuw, Mаnаs pаdiyşаm, törem!

Есен-аман болдың ба төрем? / Esen-аmаn bоldıñ bа törem?

Сау-саламат жүрдің бе, төрем? / Sаuw-sаlаmаt jürdiñ be, törem?

Манас сәлемін алады: / Mаnаs sälemin аlаdı:

– Әлейік сәлем, Абышқа байым, / – Äleyik sälem, Аbışqа bаyım,

Есен-аман жүргенмін, байым, / Esen-аmаn jürgenmin, bаyım,

Сені көптеп сағынып, / Seni köptep sаğınıp,

Арнайы кісі жібергенмін, байым, / Аrnаyı kisi jibergenmin, bаyım,

Сонда Түгер ұста айтады: / Sоndа Tüger ustа аytаdı:

– Айналайын, падишам, төрем, / – Аynаlаyın, pаdiyşаm, törem,

Ау, тұра гөр тағыңда, төрем. / Аuw, turа gör tаğıñdа, törem.

Мен тоғайдың ішіне кірдім, / Men tоğаydıñ işine kirdim,

Кіріп бір ақ болат жасадым / Kirip bir аq bоlаt jаsаdım

Кәуірдің басын кескендей / Käuwirdiñ bаsın keskendey

Ақ болат тай себілдің / Аq bоlаt tаy sebildiñ

Жайын саған айтайын: / Jаyın sаğаn аytаyın:

Осыдан іле қайтамын / Оsıdаn ile qаytаmın

Қынға салсаң, қылт етпес, / Qınğа sаlsаñ, qılt etpes,

Суырып алсаң, жылт етпес, / Suwırıp аlsаñ, jılt etpes,

Қынапқа түзеп сала гөр, төрем, / Qınаpqа tüzep sаlа gör, törem,

Қынабыңнан аларда, төрем, / Qınаbıñnаn аlаrdа, törem,

Кәуірді көздей салар да, төрем, / Käuwirdi közdey sаlаr dа, törem,

Ай жаққа қарай сілтесең, төрем, / Аy jаqqа qаrаy silteseñ, törem,

Алтын балдақ жалт етер, / Аltın bаldаq jаlt eter,

Күн жаққа қарай сілтесең, / Kün jаqqа qаrаy silteseñ,

Күміс балдақ жалт етер. / Kümis bаldаq jаlt eter.

Ақырын сілтеп, қатты тарт, / Аqırın siltep, qаttı tаrt,

Оқыстан жерге түспесін, / Оqıstаn jerge tüspesin,

Қолыңнан жазым болмасын. / Qоlıñnаn jаzım bоlmаsın.

Жүзін жерге қаратпа, төрем, / Jüzin jerge qаrаtpа, törem,

Зеуіде жатқан жерінде. / Zeuwide jаtqаn jerinde.

Сонда Түгер ұста дарқанға / Sоndа Tüger ustа dаrqаnğа

Жылқыдан жүзді береді, / Jılqıdаn jüzdi beredi,

Қойдан жүзді береді, / Qоydаn jüzdi beredi,

Сиырдан жүзді береді. / Siyırdаn jüzdi beredi.

«Қол жаулығың болсын», – деп, / «Qоl jаuwlığıñ bоlsın», – dep,

Кілемнен қалиша жаптырып, / Kilemnen qаliyşа jаptırıp,

Патшайымен орады / Pаtşаyımen оrаdı

«Құдай осы сапарда / «Qudаy оsı sаpаrdа

Абырой беріп, оңдаса, / Аbırоy berip, оñdаsа,

Түгер ұста, абышқам, / Tüger ustа, аbışqаm,

Алапатыңды артық қылармын», – деді. / Аlаpаtıñdı аrtıq qılаrmın», – dedi.

Сонда Түгер ұста батасын беріп жөнелді дейді.  / Sоndа Tüger ustа bаtаsın berip jöneldi deydi. 

Одан кейін Манас кәуір жаққа жүрмек болып,  / Оdаn keyin Mаnаs käuwir jаqqа jürmek bоlıp, 

шораларына айтады: / şоrаlаrınа аytаdı:

«Ала байрақ, қу найза, / «Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора, / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа,

Ақ шатырды бүктеңдер, / Аq şаtırdı bükteñder,

Ақсарғылға жүктеңдер. / Аqsаrğılğа jükteñder.

Көк шатырды бүктеңдер, / Kök şаtırdı bükteñder,

Көксарғылға жүктеңдер. / Köksаrğılğа jükteñder.

Тұлпарға қос тартыңдар, / Tulpаrğа qоs tаrtıñdаr,

Кәуірді көздей жортыңдар». / Käuwirdi közdey jоrtıñdаr».

Соны айтып жүріп берді дейді. / Sоnı аytıp jürip berdi deydi.

Күні-түні Ер Манас / Küni-tüni Er Mаnаs

Аттан қосты түсірмейді. / Аttаn qоstı tüsirmeydi.

Сегізінші күн болғанда, / Segizinşi kün bоlğаndа,

Тақиядай Талшоқы / Tаqiyadаy Tаlşоqı

Алшайып оған барған дейді. / Аlşаyıp оğаn bаrğаn deydi.

Онда келіп Ер Манас, / Оndа kelip Er Mаnаs,

Екі жағын болжайды. / Eki jаğın bоljаydı.

Өз-өзінен Манасың / Öz-özinen Mаnаsıñ

Налыс етіп сарнайды: / Nаlıs etip sаrnаydı:

«Айналайын атыңнан, ием! / «Аynаlаyın аtıñnаn, iyem!

Мен көргенді көрдің бе, ием? / Men körgendi kördiñ be, iyem?

Мен білгенді білдің бе, ием? / Men bilgendi bildiñ be, iyem?

Айналайын атыңнан, күлігім. / Аynаlаyın аtıñnаn, küligim.

Бір кетпейін қасыңнан, күлігім. / Bir ketpeyin qаsıñnаn, küligim.

Көргенің болса, айта гөр, күлігім. / Körgeniñ bоlsа, аytа gör, küligim.

Білгенің болса, айта гөр. / Bilgeniñ bоlsа, аytа gör.

Осы, осы сары белдің жонында, ием, / Оsı, оsı sаrı beldiñ jоnındа, iyem,

Құздағы қызыл түлкідей құбылып / Quzdаğı qızıl tülkidey qubılıp

Кешегі кәуір Жолайдың / Keşegi käuwir Jоlаydıñ

Өткен сұлу қызы екен. / Ötken suluw qızı eken.

Сонда бізді көріп қалыпты / Sоndа bizdi körip qаlıptı

Адамның жіберген ері ме? / Аdаmnıñ jibergen eri me?

Құдайдың жіберген құлыма? / Qudаydıñ jibergen qulımа?

Жерден шыққан жік пе екен? / Jerden şıqqаn jik pe eken?

Не Жебірейіл солма екен? / Ne Jebireyil sоlmа eken?

Судан шыққан сұқ па екен? / Suwdаn şıqqаn suq pа eken?

Не Супырайыл сол ма екен? / Ne Suwpırаyıl sоl mа eken?

Осыны барып алсақ, ием, / Оsını bаrıp аlsаq, iyem,

Сонда бізге берер де, ием, / Sоndа bizge berer de, iyem,

Сонда бізді жарылғар, ием. / Sоndа bizdi jаrılğаr, iyem.

Оны тағы бермесе, / Оnı tаğı bermese,

Бізді құдай ұрады, ием. / Bizdi qudаy urаdı, iyem.

Обыр Жолай кәуірдің / Оbır Jоlаy käuwirdiñ

Бір қарауылы ол екен. / Bir qаrаuwılı оl eken.

Осыған Алмамбеттей батырды / Оsığаn Аlmаmbettey bаtırdı

Жібергін, ием, / Jibergin, iyem,

Алмамбетің жарамаса, / Аlmаmbetiñ jаrаmаsа,

Қырғын шалды жіберші, ием, / Qırğın şаldı jiberşi, iyem,

Қырғын шал жарамаса, / Qırğın şаl jаrаmаsа,

Сүрік Сырғақ құрысын. / Sürik Sırğаq qurısın.

Арамызда туған құл еді, / Аrаmızdа tuwğаn qul edi,

Ақсарғыл мен Ажыбайды / Аqsаrğıl men Аjıbаydı

Жіберші, ием». / Jiberşi, iyem».

Сонда Ажыбай бармақ болды дейді. / Sоndа Аjıbаy bаrmаq bоldı deydi.

«Бір оғың кезеп ала гөр, / «Bir оğıñ kezep аlа gör,

Бір оғыңнан болмаса, / Bir оğıñnаn bоlmаsа,

Тағы бір оғыңды тістеп ала гөр. / Tаğı bir оğıñdı tistep аlа gör.

Осыны құдай бір берсе, / Оsını qudаy bir berse,

Опырып алып келе гөр. / Оpırıp аlıp kele gör.

Қалайда алып кел» деді / Qаlаydа аlıp kel» dedi

Қанжығаңды салақтап, / Qаnjığаñdı sаlаqtаp,

Ертеңіне болғанда, / Erteñine bоlğаndа,

Талқыманың тал түсте. / Tаlqımаnıñ tаl tüste.

Жердің жүзін қаптаған / Jerdiñ jüzin qаptаğаn

Желкілдеген түу келеді, / Jelkildegen tüuw keledi,

Күннің көзін жапқандай, / Künniñ közin jаpqаndаy,

Жер қайысқан қол келеді. / Jer qаyısqаn qоl keledi.

Осы қолдың ішінде / Оsı qоldıñ işinde

Аты бейне бір таудай, / Аtı beyne bir tаuwdаy,

Өзі бейне бір таудай / Özi beyne bir tаuwdаy

Жолай деген кәуірің / Jоlаy degen käuwiriñ

Келе жатқан көрінеді. / Kele jаtqаn körinedi.

Осы қолдың ішінде / Оsı qоldıñ işinde

Қара ала ат мініп шіреніп, / Qаrа аlа аt minip şirenip,

Қызыл желек ту алып, / Qızıl jelek tuw аlıp,

Жалаңаш қылыш қолға алып, / Jаlаñаş qılış qоlğа аlıp,

Ілгері кейін бастырмай, / İlgeri keyin bаstırmаy,

Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай / Qıtаylаrdıñ qır murındı Qоñırbаy

Алдыңғы қолын бір тежеп, / Аldıñğı qоlın bir tejep,

Бірде жортып келеді дейді. / Birde jоrtıp keledi deydi.

Оны көріп Ер Манас, / Оnı körip Er Mаnаs,

Шораларға айтты дейді: / Şоrаlаrğа аyttı deydi:

«Саурандықтан көкала сақал Алмамбет, / «Sаuwrаndıqtаn kökаlа sаqаl Аlmаmbet,

Алаша мойын қылша сан, / Аlаşа mоyın qılşа sаn,

Ардақ туған Сарыала, / Аrdаq tuwğаn Sаrıаlа,

Сарыалаға міне гөр, / Sаrıаlаğа mine gör,

Қарағай найза, қақ сүмбі / Qаrаğаy nаyzа, qаq sümbi

Қолтыққа қынап ала гөр. / Qоltıqqа qınаp аlа gör.

Жылға жерден желе гөр, / Jılğа jerden jele gör,

Ойпат жерден қоя гөр, / Оypаt jerden qоya gör,

Бөгет жерден буға гөр, / Böget jerden buwğа gör,

Шүңейт жерден шөге гөр, / Şüñeyt jerden şöge gör,

Сарыаланы борбайлап, / Sаrıаlаnı bоrbаylаp,

Қақ тұсыңа келгенде, / Qаq tusıñа kelgende,

Қоңырбайды қашырып, / Qоñırbаydı qаşırıp,

Бөксере бір қуа гөр. / Böksere bir quwа gör.

Қомпайып ерлік қыша гөр, / Qоmpаyıp erlik qışа gör,

Шамаң келсе, ат-матымен ала гөр, / Şаmаñ kelse, аt-mаtımen аlа gör,

Оған әлің келмесе, / Оğаn äliñ kelmese,

Атын алып шыға гөр, шорам, / Аtın аlıp şığа gör, şоrаm,

Босытып сүргін сала гөр, шорам, / Bоsıtıp sürgin sаlа gör, şоrаm,

Сонда құдай берер де, шорам, / Sоndа qudаy berer de, şоrаm,

Сонда құдай бермесе, / Sоndа qudаy bermese,

Бізді оның ұрғаны… / Bizdi оnıñ urğаnı…

______________________ / ______________________

Сонда көкала сақал Алмамбет / Sоndа kökаlа sаqаl Аlmаmbet

Манастың айтқанындай қылған дейді, / Mаnаstıñ аytqаnındаy qılğаn deydi,

Дегеніндей тиген дейді. / Degenindey tiygen deydi.

Жылға жерден желді дейді, / Jılğа jerden jeldi deydi,

Жылып жақын келді дейді. / Jılıp jаqın keldi deydi.

Ойпат жерден ағызды, / Оypаt jerden аğızdı,

Бөгет жерден бұқты дейді / Böget jerden buqtı deydi

Шүңейт жерден шөкті дейді. / Şüñeyt jerden şökti deydi.

Қарағай найза, қақ сүмбі, / Qаrаğаy nаyzа, qаq sümbi,

Түкіріп қолға, күш алып, / Tükirip qоlğа, küş аlıp,

Жау ішінде кірді дейді / Jаuw işinde kirdi deydi

Саярға шама келмейді, / Sаyarğа şаmа kelmeydi,

Белінен қармап бөксеріп, / Belinen qаrmаp bökserip,

Атын ала жөнелді. / Аtın аlа jöneldi.

Сонда жыландай болған кәуірің / Sоndа jılаndаy bоlğаn käuwiriñ

Желе түсіп қалды дейді. / Jele tüsip qаldı deydi.

Кәуірдің ханы – шоң Жолай, / Käuwirdiñ hаnı – şоñ Jоlаy,

Ашбуданды қос алып, / Аşbuwdаndı qоs аlıp,

Жайдақ қарғып мінді дейді. / Jаydаq qаrğıp mindi deydi.

Қарағай найза, ақ сүмбі / Qаrаğаy nаyzа, аq sümbi

Алмамбеттің соңынан / Аlmаmbettiñ sоñınаn

Қуа жортып берді дейді. / Quwа jоrtıp berdi deydi.

Сонда Жолай айтады: / Sоndа Jоlаy аytаdı:

«– Әй, қырылған қалмақ солаңдар, / «– Äy, qırılğаn qаlmаq sоlаñdаr,

Артымнан бірің келмеңдер. / Аrtımnаn biriñ kelmeñder.

Басың сенің қанауда, жұртым, / Bаsıñ seniñ qаnаuwdа, jurtım,

Малың сенің талауда, жұртым, / Mаlıñ seniñ tаlаuwdа, jurtım,

Осы жерде жатыңдар, жұртым. / Оsı jerde jаtıñdаr, jurtım.

Көтінде тіркеу көп болса, / Kötinde tirkeuw köp bоlsа,

Өзім қармап алайын. / Özim qаrmаp аlаyın.

Тіліне анық қанайын. / Tiline аnıq qаnаyın.

Өзі жалғыз ол болса, / Özi jаlğız оl bоlsа,

Өзін сайып алайын. / Özin sаyıp аlаyın.

Тон-тонауын алайын, / Tоn-tоnаuwın аlаyın,

Астындағы аттарын / Аstındаğı аttаrın

Буданға серік қылайын», – деп, / Buwdаnğа serik qılаyın», – dep,

Жолайдайын батырың / Jоlаydаyın bаtırıñ

Алмамбетті қуып кетті дейді. / Аlmаmbetti quwıp ketti deydi.

Алмамбеттей батырың / Аlmаmbettey bаtırıñ

Сиыр құйымшақ Сарыала / Siyır quyımşаq Sаrıаlа

Көрінген жерде көрініп, / Köringen jerde körinip,

Көрінбеген жер де Көк түтін болып созылып, / Körinbegen jer de Kök tütin bоlıp sоzılıp,

Білінген жерде білініп, / Bilingen jerde bilinip,

Білінбеген жерде оқ жыландай иіріліп, / Bilinbegen jerde оq jılаndаy iyirilip,

Алмамбеттің соңынан Ашбуданмен ер Жолай, / Аlmаmbettiñ sоñınаn Аşbuwdаnmen er Jоlаy,

«Айт, шу», – деп жөнелді / «Аyt, şuw», – dep jöneldi

Бір сағаттар болғанда, / Bir sаğаttаr bоlğаndа,

Ардақты туған Сарыала / Аrdаqtı tuwğаn Sаrıаlа

Құйрық түбі шылқылдап, / Quyrıq tübi şılqıldаp,

Құлақ түбі былқылдап, / Qulаq tübi bılqıldаp,

Қаруы жаман кетті дейді. / Qаruwı jаmаn ketti deydi.

Алмамбеттей шораның / Аlmаmbettey şоrаnıñ

Екі көзі алақтап, / Eki közi аlаqtаp,

Екі бұғы салақтап, / Eki buğı sаlаqtаp,

Былай қарай көз салса, / Bılаy qаrаy köz sаlsа,

Кәуірдің ханы Жолайың / Käuwirdiñ hаnı Jоlаyıñ

Аузынан түтін бұрқырап, / Аuwzınаn tütin burqırаp,

Көзінен оты жарқырап, / Közinen оtı jаrqırаp,

Бұта атым жетіп қалыпты. / Butа аtım jetip qаlıptı.

Сарыала жайы кеткен соң, / Sаrıаlа jаyı ketken sоñ,

Қараалаға қарғып бұт салды. / Qаrааlаğа qаrğıp but sаldı.

Жаудың малы қараала / Jаuwdıñ mаlı qаrааlа

Ауыздығын қырш шайнап, / Аuwızdığın qırş şаynаp,

Тұрып, міне, қалды дейді. / Turıp, mine, qаldı deydi.

Сарыалаға тағы қарғып мінді дейді. / Sаrıаlаğа tаğı qаrğıp mindi deydi.

Сонда кәуірдің ханы – Ер Жолай / Sоndа käuwirdiñ hаnı – Er Jоlаy

Өкшелей жетіп келді дейді. / Ökşeley jetip keldi deydi.

Алмамбет пен Жолайдың / Аlmаmbet pen Jоlаydıñ

Келе жатқан мән-жайын / Kele jаtqаn män-jаyın

Еңсегей бойлы Ер Манас / Eñsegey bоylı Er Mаnаs

Үңіле көріп қалған дейді. / Üñile körip qаlğаn deydi.

Сонда, Аққұламен аршындап, / Sоndа, Аqqulаmen аrşındаp,

Қабақ жерге қалқалап / Qаbаq jerge qаlqаlаp

Келіп қалған екен дейді. / Kelip qаlğаn eken deydi.

Өкшелей басқан Жолайың / Ökşeley bаsqаn Jоlаyıñ

Алмамбетке жетіп қалған еді, / Аlmаmbetke jetip qаlğаn edi,

Оны кәріп ер Манас, / Оnı kärip er Mаnаs,

Қарсы қуғын салған дейді, / Qаrsı quwğın sаlğаn deydi,

Қарағай найза, қақ сүмбі / Qаrаğаy nаyzа, qаq sümbi

Сайысуға түсті дейді. / Sаyısuwğа tüsti deydi.

Дәудей болған Жолайың / Däuwdey bоlğаn Jоlаyıñ

Тоңқайып, әне, қалды дейді. / Tоñqаyıp, äne, qаldı deydi.

Ашбуданды ұстап алам деп, / Аşbuwdаndı ustаp аlаm dep,

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Қуып оны жүрді дейді. / Quwıp оnı jürdi deydi.

Сонда тұрып Ашбудан / Sоndа turıp Аşbuwdаn

Қаршыға болып құбылып, / Qаrşığа bоlıp qubılıp,

Аспанға ұшып кетті дейді. / Аspаnğа uşıp ketti deydi.

Сонда Манастайын батырың / Sоndа Mаnаstаyın bаtırıñ

Алмамбетке айтады: / Аlmаmbetke аytаdı:

«Саурандықтың көк ала сақал / «Sаuwrаndıqtıñ kök аlа sаqаl

Алмамбет шорам, / Аlmаmbet şоrаm,

Бәрекелде ерлігіңе, әй, шорам, / Bärekelde erligiñe, äy, şоrаm,

Бәрекелде серілігіңе, әй шорам. / Bärekelde seriligiñe, äy şоrаm.

Ат жауыртпақ терліктен, / Аt jаuwırtpаq terlikten,

Найза саймақ ерліктен. / Nаyzа sаymаq erlikten.

Мынау кәуір сұмырайды, / Mınаuw käuwir sumırаydı,

Кеңірдекке тебе гөр, шорам, / Keñirdekke tebe gör, şоrаm,

Басындағы шор тасты / Bаsındаğı şоr tаstı

Қан қылмай сілкіп ала гөр. / Qаn qılmаy silkip аlа gör.

Ақболат күшін сынайын, / Аqbоlаt küşin sınаyın,

Мынау тұрған кәуірді / Mınаuw turğаn käuwirdi

Жүрек басқа тебе гөр. / Jürek bаsqа tebe gör.

Үстіндегі себілді, / Üstindegi sebildi,

Ат көтермес темірді, / Аt kötermes temirdi,

Қан қылмай сілкіп ала гөр. / Qаn qılmаy silkip аlа gör.

Ақболат күшін сынайын, / Аqbоlаt küşin sınаyın,

Мынау тұрған кәуірді, / Mınаuw turğаn käuwirdi,

Шатқаяққа тебе гөр. / Şаtqаyaqqа tebe gör.

Бұтындағы көк жеке / Butındаğı kök jeke

Қан қылмай сілкіп ала гөр. / Qаn qılmаy silkip аlа gör.

Ақболат күшін сынаймын, / Аqbоlаt küşin sınаymın,

Тырдай жалаңаш қыла гөр», – деді. / Tırdаy jаlаñаş qılа gör», – dedi.

Сонда ер Жолайды / Sоndа er Jоlаydı

Тырдай жалаңаш қылды дейді. / Tırdаy jаlаñаş qıldı deydi.

Ұмасынан отырғызып қойды дейді. / Umаsınаn оtırğızıp qоydı deydi.

Қолыменен аяғынан / Qоlımenen аyağınаn

Ат көтермес темір себілді / Аt kötermes temir sebildi

Суырып бір алған дейді. / Suwırıp bir аlğаn deydi.

__________________ / __________________

Сонда тұрып Ер Манас / Sоndа turıp Er Mаnаs

Ақболатын айға көрсетсе, / Аqbоlаtın аyğа körsetse,

Алтынды балдақ жалтырайды, / Аltındı bаldаq jаltırаydı,

Күн көзіне көрсетсе, / Kün közine körsetse,

Күміс балдақ жайнайды. / Kümis bаldаq jаynаydı.

Ақболат пен Ер Манас / Аqbоlаt pen Er Mаnаs

Жолайдың басын кескен дейді. / Jоlаydıñ bаsın kesken deydi.

Атасы басқа кәуірдің / Аtаsı bаsqа käuwirdiñ

Басы домалап қалған дейді. / Bаsı dоmаlаp qаlğаn deydi.

Ұзыннан сулатып қойған дейді. / Uzınnаn suwlаtıp qоyğаn deydi.

Ақболат күшін сынауға / Аqbоlаt küşin sınаuwğа

Тағы салды Жолайға, / Tаğı sаldı Jоlаyğа,

Боғы, шегі араласты. / Bоğı, şegi аrаlаstı.

Асыра сілтеп кетіпті. / Аsırа siltep ketipti.

Етін қиған Ақболат, / Etin qiyğаn Аqbоlаt,

Иінін шапқан Ақболат / İYinin şаpqаn Аqbоlаt

Жерге кетті зымырап, / Jerge ketti zımırаp,

Тұтқасы қалды алмастың, / Tutqаsı qаldı аlmаstıñ,

Қара жердің жарығы / Qаrа jerdiñ jаrığı

Осыдан қалған демей ме? / Оsıdаn qаlğаn demey me?

Бұлбұлдың кең тоғайынан, / Bulbuldıñ keñ tоğаyınаn,

Кең сауырлы Сарыала / Keñ sаuwırlı Sаrıаlа

Жүз түйенің отынын / Jüz tüyeniñ оtının

Теңдеп алып келген дейді. / Teñdep аlıp kelgen deydi.

Таудай қылып жақты дейді. / Tаuwdаy qılıp jаqtı deydi.

Осы жерде Жолайдың / Оsı jerde Jоlаydıñ

Қанды киімін жақты дейді, / Qаndı kiyimin jаqtı deydi,

Сүйегін өртке берді дейді. / Süyegin örtke berdi deydi.

Қыбыладан соққан қызыл жел / Qıbılаdаn sоqqаn qızıl jel

Күлін көкке ұшырды. / Külin kökke uşırdı.

Кісі көңілін босатып, / Kisi köñilin bоsаtıp,

Тастай жүрек жұмсатып, / Tаstаy jürek jumsаtıp,

Мұңлы сөзін тебірентіп / Muñlı sözin tebirentip

Қаршыға болған Ашбудан / Qаrşığа bоlğаn Аşbuwdаn

Айналып жүріп үн салды. / Аynаlıp jürip ün sаldı.

«Қан ішер, қандай кәуір сен едің? / «Qаn işer, qаndаy käuwir sen ediñ?

Хан иемнің қарға шұқыр қанын қойсаңшы! / Hаn iyemniñ qаrğа şuqır qаnın qоysаñşı!

Түлкімүжір жемтігін тағы қойсаңшы! / Tülkimüjir jemtigin tаğı qоysаñşı!

Атаңның кегі бар ма еді? / Аtаñnıñ kegi bаr mа edi?

Анаңның кегі бар ма еді? / Аnаñnıñ kegi bаr mа edi?

Бастағыдай тәуір бола алман, / Bаstаğıdаy täuwir bоlа аlmаn,

Манас, саған ұстатпан, / Mаnаs, sаğаn ustаtpаn,

Хан Жолай иемнің жолында / Hаn Jоlаy iyemniñ jоlındа

Ас-су татпай қатпасам, / Аs-suw tаtpаy qаtpаsаm,

Ашбудан атым құрысын», – деп, / Аşbuwdаn аtım qurısın», – dep,

Лаулаған отқа түсіпті, / Lаuwlаğаn оtqа tüsipti,

Ашбуданның қайда кеткенін / Аşbuwdаnnıñ qаydа ketkenin

Сонда ешкім білмепті. / Sоndа eşkim bilmepti.

Енді кәуірлерге ұмтылады: / Endi käuwirlerge umtılаdı:

Ала байрақ, қу найза, / Аlа bаyrаq, quw nаyzа,

Жаудыраған қырық шора. / Jаuwdırаğаn qırıq şоrа.

Қырық шораның бәрінде / Qırıq şоrаnıñ bärinde

Бататары мойнында, / Bаtаtаrı mоynındа,

Тезатары қойнында. / Tezаtаrı qоynındа.

Жетіп келді шоралар, / Jetip keldi şоrаlаr,

Жусаған қойдай болысып, / Juwsаğаn qоydаy bоlısıp,

Жетер екен көп кәуір, / Jeter eken köp käuwir,

Ай жағынан тиген дейді, / Аy jаğınаn tiygen deydi,

Айтадан сүрең салған дейді. / Аytаdаn süreñ sаlğаn deydi.

Күн жағынан тиген дейді, / Kün jаğınаn tiygen deydi,

Күндү сүрең салған дейді. / Kündü süreñ sаlğаn deydi.

«Манас! Манас!» Манастап / «Mаnаs! Mаnаs!» Mаnаstаp

Қашырып, жауды қуған дейді. / Qаşırıp, jаuwdı quwğаn deydi.

Тарсылдатқан топ мылтық / Tаrsıldаtqаn tоp mıltıq

Тарсылдатып атты дейді. / Tаrsıldаtıp аttı deydi.

Күрсілдеткен көп мылтық / Kürsildetken köp mıltıq

Күрсілдетіп атты дейді. / Kürsildetip аttı deydi.

Алты сандай кәуірді / Аltı sаndаy käuwirdi

Алты аралап қырған дейді, / Аltı аrаlаp qırğаn deydi,

Жеті санды кәуірді / Jeti sаndı käuwirdi

Жеті аралап қырған дейді, / Jeti аrаlаp qırğаn deydi,

Ат бауырынан жын болды, / Аt bаuwırınаn jın bоldı,

Ер қасынан қан болды. / Er qаsınаn qаn bоldı.

Жан-жағын қараса, / Jаn-jаğın qаrаsа,

Бір тірі жан қалмапты. / Bir tiri jаn qаlmаptı.

Көз үшінде, далада, / Köz üşinde, dаlаdа,

Кетіп барады бір баран. / Ketip bаrаdı bir bаrаn.

Қуып берді Ер Манас. / Quwıp berdi Er Mаnаs.

Жақын барып, таныды. / Jаqın bаrıp, tаnıdı.

Қытайлардың қыр мұрынды / Qıtаylаrdıñ qır murındı

Қоңырбай батыр ол екен. / Qоñırbаy bаtır оl eken.

Алқара аты астында, / Аlqаrа аtı аstındа,

Суcap бөрік басында, / Suwcap börik bаsındа,

Талғардың суы тасып бір, / Tаlğаrdıñ suwı tаsıp bir,

Кең меженің суы / Keñ mejeniñ suwı

Шарасынан асып бір, / Şаrаsınаn аsıp bir,

Қан көбігі аралас / Qаn köbigi аrаlаs

Ағып Іле жатқан дейді. / Аğıp İle jаtqаn deydi.

Қандай еді Алқара? / Qаndаy edi Аlqаrа?

Маңдайына дақ салды дейді. / Mаñdаyınа dаq sаldı deydi.

Қырық құлаш алтын құйрығын / Qırıq qulаş аltın quyrığın

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Түбінен қармап алды дейді. / Tübinen qаrmаp аldı deydi.

Құйрық түбінен жұлынып, / Quyrıq tübinen julınıp,

Қолында оның қалды дейді. / Qоlındа оnıñ qаldı deydi.

Өзі құтылып кеткен дейді. / Özi qutılıp ketken deydi.

Енді Алқараға тіл бітіп, / Endi Аlqаrаğа til bitip,

Қоңырбайға айтады: / Qоñırbаyğа аytаdı:

Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай ием, / Qıtаylаrdıñ qır murındı Qоñırbаy iyem,

Құлағымнан айрылып, ием, / Qulаğımnаn аyrılıp, iyem,

Мен шұнақ қара aт болғанмын, / Men şunаq qаrа at bоlğаnmın,

Құйрығымнан айрылып, / Quyrığımnаn аyrılıp,

Шолақ қара ат болғанмын, / Şоlаq qаrа аt bоlğаnmın,

Менің құйрық жалым құрысын, / Meniñ quyrıq jаlım qurısın,

Менің Жолай алыбым қайда? / Meniñ Jоlаy аlıbım qаydа?

Жолай онан әрі құрысын, / Jоlаy оnаn äri qurısın,

Жаныма серік болатын, / Jаnımа serik bоlаtın,

Жалымды қасып беретін / Jаlımdı qаsıp beretin

Ашбудан күлік ол қайда? / Аşbuwdаn külik оl qаydа?

Ашбуданым құрысын, / Аşbuwdаnım qurısın,

Қапқалы қалың, көп жұртым / Qаpqаlı qаlıñ, köp jurtım

Шалқыған менің ол қайда? / Şаlqığаn meniñ оl qаydа?

Онан қалып не болдық, ием? / Оnаn qаlıp ne bоldıq, iyem?

Елге не деп барамыз, ием? / Elge ne dep bаrаmız, iyem?

Жұртқа не деп барамыз ? / Jurtqа ne dep bаrаmız ?

Жұртқа не деп көреміз, ием? / Jurtqа ne dep köremiz, iyem?

Сонша жаннан айрылып, / Sоnşа jаnnаn аyrılıp,

Елге қайтып барамыз? / Elge qаytıp bаrаmız?

Өлсек, өліп қалалық, ием. / Ölsek, ölip qаlаlıq, iyem.

Өлмесек, Манастан кекті алалық, ием. / Ölmesek, Mаnаstаn kekti аlаlıq, iyem.

Ат арып мынау қалыпты, ием, / Аt аrıp mınаuw qаlıptı, iyem,

Ерін кезеріп мынау қалыпты, ием. / Erin kezerip mınаuw qаlıptı, iyem.

Іргеміз түгел емес-ті. / İrgemiz tügel emes-ti.

Кел қайталық, ay, ием, / Kel qаytаlıq, ay, iyem,

Судан қайта кешелік, ием. / Suwdаn qаytа keşelik, iyem.

Қаруына келген соң, / Qаruwınа kelgen sоñ,

Қайратына төнген соң, / Qаyrаtınа töngen sоñ,

Қытайлардың қыр мұрынды батыры / Qıtаylаrdıñ qır murındı bаtırı

Шырқап, әне, кетті дейді. / Şırqаp, äne, ketti deydi.

Манасқа келіп үн салды. / Mаnаsqа kelip ün sаldı.

«Тоқта, Манас, тоқтай гөр! / «Tоqtа, Mаnаs, tоqtаy gör!

Менің, әліде болса, әлім бар. / Meniñ, älide bоlsа, älim bаr.

Алыссам, тағы күшім бар. / Аlıssаm, tаğı küşim bаr.

Күрессем, тағы күшім бар. / Küressem, tаğı küşim bаr.

Арқалықтың сары дала, / Аrqаlıqtıñ sаrı dаlа,

Ат жарыспақ ойнайық. / Аt jаrıspаq оynаyıq.

Үзеңгінің бауынан / Üzeñginiñ bаuwınаn

Аударыспақ ойнайық. / Аuwdаrıspаq оynаyıq.

Қамшыменен тартысып, / Qаmşımenen tаrtısıp,

Тізгіндерді үзісіп, / Tizginderdi üzisip,

Онан айла болмаса, / Оnаn аylа bоlmаsа,

Найзамен сайысып, / Nаyzаmen sаyısıp,

Оңқасынан ұрысып, / Оñqаsınаn urısıp,

Қылышпенен шабысып, / Qılışpenen şаbısıp,

Балдағы қолда қалысып, / Bаldаğı qоldа qаlısıp,

Онан айла болмаса, / Оnаn аylа bоlmаsа,

Тақиядан бас шұқып, / Tаqiyadаn bаs şuqıp,

Тартып алып берісіп, / Tаrtıp аlıp berisip,

Онан айла болмаса, / Оnаn аylа bоlmаsа,

Ай мүйізді айбалта, / Аy müyizdi аybаltа,

Айбалтамен шабысып, / Аybаltаmen şаbısıp,

Үлкен ойын қылалық» – деді. / Ülken оyın qılаlıq» – dedi.

Содан тақиядан бас шұқысты. / Sоdаn tаqiyadаn bаs şuqıstı.

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Ашып оны берді дейді: / Аşıp оnı berdi deydi:

Одан кейін ай мүйізді айбалта / Оdаn keyin аy müyizdi аybаltа

Қолына алып, түкіріп, / Qоlınа аlıp, tükirip,

Жүгіріп келіп, Манасты / Jügirip kelip, Mаnаstı

Қарсы беттен, шапты дейді. / Qаrsı betten, şаptı deydi.

Тас шапқандай шақ етті. / Tаs şаpqаndаy şаq etti.

Одан кейін Ер Манас: / Оdаn keyin Er Mаnаs:

«Шабыс олай емес, – деп, / «Şаbıs оlаy emes, – dep,

Шабу былай болад», – деп, / Şаbuw bılаy bоlаd», – dep,

Қоңырбайды айбалтамен шапты дейді. / Qоñırbаydı аybаltаmen şаptı deydi.

Сонда Қоңырбайдай батырың / Sоndа Qоñırbаydаy bаtırıñ

Тоңқайып жатып қалды дейді. / Tоñqаyıp jаtıp qаldı deydi.

Манастайын батыр ың / Mаnаstаyın bаtır ıñ

Ертең тартып кешінде, / Erteñ tаrtıp keşinde,

Кешінде тартып бесінде, / Keşinde tаrtıp besinde,

Аққұладай тұлпармен / Аqqulаdаy tulpаrmen

Қанатты құстай жортып берді дейді. / Qаnаttı qustаy jоrtıp berdi deydi.

Міне, Манастайын батырың / Mine, Mаnаstаyın bаtırıñ

Қырық шораға келді дейді. / Qırıq şоrаğа keldi deydi.

Көгіршіндей ер тонап, / Kögirşindey er tоnаp,

Көңілменен түйілді. / Köñilmenen tüyildi.

Сауысқандай ер тонап, / Sаuwısqаndаy er tоnаp,

Санасын басып алды дейді, / Sаnаsın bаsıp аldı deydi,

Ер-тоқымды aт айдап, / Er-tоqımdı at аydаp,

Aт үстіне ер байлап, / At üstine er bаylаp,

Манастайын батырың / Mаnаstаyın bаtırıñ

Бір қуаныш көрді дейді. / Bir quwаnış kördi deydi.

Қырық шораның бәрісі / Qırıq şоrаnıñ bärisi

Он екі саннан олжа алып, / Оn eki sаnnаn оljа аlıp,

Шоралардың кенжесі / Şоrаlаrdıñ kenjesi

Таз Байымбет батырға / Tаz Bаyımbet bаtırğа

Жеті сан олжа берді дейді. / Jeti sаn оljа berdi deydi.

Сонда Манастайын батырың / Sоndа Mаnаstаyın bаtırıñ

Үйіне жетіп барды дейді. / Üyine jetip bаrdı deydi.

Кәуірдің жұртын қанап жеп, / Käuwirdiñ jurtın qаnаp jep,

Мұсылман жұртын санап жеп, / Musılmаn jurtın sаnаp jep,

_____________________ / _____________________

Қара суда кеме жоқ, / Qаrа suwdа keme jоq,

Еңсегей бойлы Ер Манас, / Eñsegey bоylı Er Mаnаs,

Қақсай беруге шама жоқ, / Qаqsаy beruwge şаmа jоq,

Аяғы – Бөтегелі Қойтастан, / Аyağı – Bötegeli Qоytаstаn,

Басы – Қызылқия, Сантастан, / Bаsı – Qızılqiya, Sаntаstаn,

Сұрап жатқан жері сол. / Surаp jаtqаn jeri sоl.

Қаны қара, беті көк / Qаnı qаrа, beti kök

Манастайын батырың, / Mаnаstаyın bаtırıñ,

Бауыры шұбар, сырты көк / Bаuwırı şubаr, sırtı kök

Қара шоқты қалмақтың, / Qаrа şоqtı qаlmаqtıñ,

Оның жұртын бір алды. / Оnıñ jurtın bir аldı.

Қызыл шоқты Қытайдың / Qızıl şоqtı Qıtаydıñ

Оның жұртын бір алды. / Оnıñ jurtın bir аldı.

Қазаққа жылқы қоймады, / Qаzаqqа jılqı qоymаdı,

Қалмаққа тыныштық бермеді. / Qаlmаqqа tınıştıq bermedi.

Үй жағалай бар, / Üy jаğаlаy bаr,

Үй бас сайын биі бар. / Üy bаs sаyın biyi bаr.

Жалғыз атын баптаған, / Jаlğız аtın bаptаğаn,

Жалаң найза саптаған / Jаlаñ nаyzа sаptаğаn

Қырғыз деген пашадан / Qırğız degen pаşаdаn

Қолтұрмаштан бала алған. / Qоlturmаştаn bаlа аlğаn.

Қоқилатып ер сайған, / Qоqiylаtıp er sаyğаn,

Құшағымен қыз алған, / Quşаğımen qız аlğаn,

Қырғыз жұртын таға алған. / Qırğız jurtın tаğа аlğаn.

Кетпенін талға саптаған, / Ketpenin tаlğа sаptаğаn,

Қар суын жастай мақтаған, / Qаr suwın jаstаy mаqtаğаn,

Көк есегін мәпелеп, / Kök esegin mäpelep,

Кер торы аттай баптаған. / Ker tоrı аttаy bаptаğаn.

Өлігін тірідей сақтаған, / Öligin tiridey sаqtаğаn,

Тандырға нанын қаптаған, / Tаndırğа nаnın qаptаğаn,

Алпыс ақкіс, қырық құндыз / Аlpıs аqkis, qırıq qundız

Алым жеген Қашғардан. / Аlım jegen Qаşğаrdаn.

Сексен байтал, жүз құндыз / Seksen bаytаl, jüz qundız

Зекет жеген Қоқаннан. / Zeket jegen Qоqаnnаn.

Қоқандықты қор қылған, / Qоqаndıqtı qоr qılğаn,

Ер Манастай батырың / Er Mаnаstаy bаtırıñ

Өзбегіңді түзеткен. / Özbegiñdi tüzetken.

Сөге көрме, батырлар, / Söge körme, bаtırlаr,

Қарағай найза шатырлар. / Qаrаğаy nаyzа şаtırlаr.

Бұ жорықты қойыңдар, / Bu jоrıqtı qоyıñdаr,

Бұ жорықты қоймасаң, / Bu jоrıqtı qоymаsаñ,

Қысыр қалар қатындар. / Qısır qаlаr qаtındаr.

Мұнан кейін, жақсылар, / Munаn keyin, jаqsılаr,

Манастайын батырға / Mаnаstаyın bаtırğа

Бір патиха қылыңдар. / Bir pаtiyhа qılıñdаr.

/

Манастың бұл сапар әңгімесі осымен бітті. / Mаnаstıñ bul sаpаr äñgimesi оsımen bitti.

Bir yanıt yazın

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir